2023 жылы елімізде аталып өтетін атаулы күндер мен мерейтойлар


Қазақтың батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына – 220 жыл



бет2/5
Дата17.03.2023
өлшемі0,85 Mb.
#75188
1   2   3   4   5
Қазақтың батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына – 220 жыл
Махамбет Өтемісұлы — қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында, ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған әрі батыр, әрі, ақын. 
Қазақтың көрнекті ақыны 1836-1838 жылдары Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысын ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі.
Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл
Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы, Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келген. 

Ұлт-азаттық көтерілісі қолбасшысы Амангелді Имановтың туғанына – 150 жыл
Аманкелді Үдербайұлы Иманов - қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы орын алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылы Компартия мүшесі болған.
Ұстаз,жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына- 145 жыл
Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев – 1878 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келген. 
Қазақ топырағында жарыққа шыққан тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» романының авторы. Онда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген.
Алаш қозғалысының мүшесі Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев - 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. 
Мағжан қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі ретінде де белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет