2023ж Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари Абстракциялау



бет2/10
Дата02.10.2023
өлшемі82,67 Kb.
#112351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Әңгімелесу әдісі –педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады.
Баға қою – оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін берілетін бағалау.
Баға – экономикада материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Бағдарламалық оқыту – жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі.
Бағдарламалық оқыту – тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) оқушының өз бетімен меңгеруі.
Басқару принциптері – білім беру ісінің қызметкерлері өз жұмысында қолдануда тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.
Баяндама – нақты мәселе бойынша жиналыста жасалатын хабарлама.
Бихевиоризм – жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайтын философиялық бағыт.
Білік -адамның белгілі бір құбылыс, күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті.
Біліктілік (квалификация) – адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті.
Білім – бұл мұғалім мен оқушының мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық процесі.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Білім беру ақпараты –қандай да бір қызметті біліктілікпен атқара алуы үшін оқушыға беруге қажетті білім.
Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп,саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет