2023ж Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари Абстракциялау


Қабылдау – сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі. Қабілеттілік



бет5/10
Дата02.10.2023
өлшемі82,67 Kb.
#112351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қабылдау – сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.
Қабілеттілік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Қалыптасу – ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық факторлардың ықпалымен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде дамып жетілуі.
Қарама-қайшылық – дамудың қозғаушы күші, зерттеу нысанындағы қарама-қарсы тараптардың қатысы.
Қарама-қайшылық - қарама-қарсылықтардың бірлігі.
Қашықтықтан оқыту – бұл оқытушылар мен оқушылардың бір-бірімен және оқу құралдарымен синхронды және асинхронды түрде интерактивті өзара іс-қимыл жасасуы, олардың кеңістікте инвариантты түрде орналасуы мен уақытпен келісіліп мақсатты түрде ұйымдастырылған процесінің ақпараттық және педагогикалық технологияларының жиынтығы.
Қызығушылық (латынша interest – мәні бар, маңызды) – дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әртүрлі болады.
Лидерлік –тұлғаның ұжымды өзіне бағындыруы.
Логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейтін педагогиканың арнайы саласы.
Менеджмент –бизнесте жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат-мұратын қою, атқарылатын істің уақытын, орындаушысы, жұмыс барысының қалай өтетінін, барлық деңгейдегі басқару мен ұйымдастыруды бақылау. Жұмысты бағдарлау, мақсатқа жетудің тиімділігі.
Модуль –мұғалім жасайтын оқушының іс-әрекетінің жоспары.
Мониторинг (лат. monitoring - ескертуші, бақылаушы):
1. Қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі. Бұл орайда, іріктеменің бір ғана ұстанымның қолданылуы және мәлімет жинау үшін бір ғана амал-құралдардың пайдаланылуы шарт;
2. Күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру процесінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу, адамның шаруашылық қарекетіне байланысты қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау, бағамдау және болжамдау;
3. Адамдардың мінез-құлқын бақылау үшін немесе когнитивтік не эмоциялық тұрғыдағы өзінің ішкі процестерін бағамдау үшін адамның өзіне қатысты бақылаулар.
Мотив – әрекеттің себебін, оның неге жасау керектігін анықтаушы. Адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет