2023ж Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари Абстракциялау


Дағды – іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді. Даму



бет3/10
Дата02.10.2023
өлшемі82,67 Kb.
#112351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дағды – іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді.
Даму – жеке тұлға дамуының сандық және сапалық өзгерістерінің желісі мен нәтижесі.
Дарындылық – адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі.
Дәстүр – ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Демонстрация – әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетуі.
Дене тәрбиесі – тән саулығы мен салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Диагностика –оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі.
Дидактика –бұл ежелгі грек сөзі, яғни «didasko» –оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика– білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті.
Дистанциялық оқыту (қашықтан білім беру) – электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.
Дөңгелек үстелдер – белігіленген мәселе бойынша пікір алмасуды қарастыратын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.
Жабық бақылау –жасырын немесе бақылаудың жасырын процесі.
Жеке әдістемелік бақылау – ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу процесін бақылау.
Жеке диагностикалық қызмет – бұл оқушының білімдарлығына, тәрбиелілігіне және дамуына психологиялық зерттеу жасау, сонымен қатар мұғалімнің кәсіби хабардарлығының деңгейін анықтау.
Жеке ерекшелік – адамның қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады.
Жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет