2023ж Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари Абстракциялау



бет7/10
Дата02.10.2023
өлшемі82,67 Kb.
#112351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
М9гал3м сож аружан

Өзіндік жұмыс – оқушылардың білім, іскерліктерін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы көмегінсіз өткізілетін іс-әрекеті.
Өзін-өзі бағалау әдісі – жеке тұлғаның өзі-өзі баға беруі; жеке тұлғаның өз мүмкіндіктері, қасиеттерін және басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Панорамалық сабақ –озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке таратуы.
Педагогикалық бақылау – бұл педагогикалық процесті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.
Педагогикалық заңдылық – педагогикалық құбылыстардың дамуына, жағдай туғызатын олардың объективті негізгі, маңызды тұрақты байланыстары.
Педагогикалық процестің аксиологиялық қызметі – тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, қоршаған ортаға, заттар мен құбылыстарға қатынастарын түсіндіру.
Педагогикалық процестің ақпараттық қызметі – тəрбиеленушіні сауаттандыру.
Педагогикалық процестің дамытушылық қызметі – тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы – танымдық процестер, оқуға қызығушылық, т.б. қалыптастыру.
Педагогикалық процестің тəрбиелік қызметі –тəрбиеленушінің рухани дүниесін байыту, оның тұлғалық өзгеріске келуі.
Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Перспектива (болашақ) – педагогикада ынталандыру әдісі ретінде оқушылардың қалауын арттыратын, ұмтылысын, қызықты мақсат көздеу, қоғамға пайдалы әрекеттерді қамтамасыз етуі.
Преформизм – адамның ұрығында-ақ болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар деп санаған философиялық бағыт.
Принцип – белгілі бір әрекет барысында басшылық етудің бастапқы, негізгі идеясы.
Принцип – адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын шарты, негізгі ережесі.
Процесс (лат. рroccessus- ілгерілеу) –бір нәрсенің дамуы қалпындағы құбылыстардың кезегімен алмасуы, қандай да бір нәтижеге жету үшін әрекеттердің бірізді жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет