2023ж Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари Абстракциялау



бет9/10
Дата02.10.2023
өлшемі82,67 Kb.
#112351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
М9гал3м сож аружан

Тұқым қуалаушылық –организмдердің өз белгілері мен қасиеттерінің ұрпағында қайталанып көрініс табуы.
Тұлға дамуы –жеке тұлғаның дене, психикалық, рухани-әлеуметтік қасиеттерінің дараланып күрделенуі.
Тұлға – адамның әлеуметтік-психологиялық қырын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі, қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау.
Түсініктілік принципі – бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білім, іскерлік, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай қабылдауы.
Тікелей бақылау – зерттеушінің бақылау барысында тікелей көрген деректерді тіркеуі.
Ұжым – ортақ мақсат пен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі. Бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсат, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен біріккен адамдар тобы. Ұжым  әрекетте ортақ мақсат көздейтін адамдар тобы.
Ұжымның негізгі белгілері – қоғамдық маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білуі.
Факультатив – міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқыту.
Формальдық – логикалық модель-мәтіннің сызбасы.
Форум – қашықтықтан оқыту жүйесіне қатысушылардың барлығы немесе бір бөлігі үшін ашық қашықтықтан оқыту жүйесіне ұсынылған тақырыптарды талқылау жүргізуде қолданылатын құрал.
Цитаталау –мәтінді сөзбе-сөз көшіру.
Шығармашылық – пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау.
Іскерлік –іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет