Рейтинг – білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.
Сабақ – мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
Саналылық және белсенділік принципі – өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді, ал белсенділік оқу материалын терең және берік түсінуге ықпал жасайды.
Сауалнама – сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.
Семинар – оқыған лекция тақырыбына байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Стереотип –сараптау жүйелерінде пәндік саладағы абстракцияланған, жалпыланған объект түсінігі.
Сұхбат – ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.
Сұхбаттасу – әңгіменің бір түрі, зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын -ала дайындалған сұрақтармен сұхбат жүргізуі.
Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.
Талап – оқу-тәрбие процесінің қозғаушы күші.
Таным – нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену процесі.
Тәрбие принциптері – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда мұғалімдердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы.
Тезистеу –кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
Темперамент – адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі.
Тест – жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар жиынтығы.
Технология – өнім алу үшін оған керекті материалды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Технология – өнім алу үшін керекті материалдарды өңдеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.