2023ж Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари Абстракциялау



бет6/10
Дата02.10.2023
өлшемі82,67 Kb.
#112351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
М9гал3м сож аружан

Мотивациялау – адамда белгілі бір мотивтер туғызып олар адамға белгілі бір іс-әрекет жасататын процесс.
Мультимедиа (латын сөзінен алынған multum ағылш. multimedia – көп және media, medium – жабдық) – қолданушыға бірыңғай ақпараттық орта түріндегі әртүрлі деректермен (графика, мәтін, дыбыс, бейне) дилогтік режимде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық жабдықтар кешені.
Мінез-құлық мәдениеті – бұл айналасындағылармен қарым-қатынасын жасағанда өз шамасын білу және әдептілік сақтау.
Мінез-құлық – адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет. Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік беталысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді.
Ойлау – адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарының өздеріне тиісті қарым-қатынастарын жалпылап санасында бейнелеу.
Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет.
Оқу бағдарламасы –оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.
Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактикалық талаптарға сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп, баяндайтын оқу кітабы.
Оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі; оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытатын әдіс.
Оқытуды бақылау – мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі; нәтижелерін басқару; шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету.
Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
Орта – адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар.
Өзара оқыту (жұптық оқыту) – оқушылар тұрақты жұпта немесе құрамы өзгеретін жұпта жұмыс істеп, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет