21. Абайдың балалық шағы мен білім алуын баяндап беріңіз. 22. Көңіл-күй лирикасы және «Сегіз аяқ» өлеңін танытып түсіндіріңіз


Алғашқы абайтанушылардың ақынға берген бағасын баяндаңыз



бет4/6
Дата27.12.2022
өлшемі42,57 Kb.
#59909
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
21-25 Абайтану

24. Алғашқы абайтанушылардың ақынға берген бағасын баяндаңыз.
Әдеби және ғылыми дамудағы тарихи сабақтастық қағидаларын берік ұстанған әдебиетшілер Абай мұрасын зерттеуде үнемі ғылыми ізденісте болды. Ол ұлт руханиятын, соның ішінде ұлы ақын мұрасын тоталитарлық жүйе қысымынан арылту мұратындағы әдебиетшілер парасатын айқын танытады. 1939-1940 жылдары Абай шығармаларының екі томдық жаңа басылымы жарық көрді. 1939 жылғы ақын шығармаларының І томы С. Мұқановтың «Абай – халық ақыны» мақаласы, 1940 жылғы ІІ томы М. Әуезұлының «Абайдың идеялық-мәдени ізденулері» атты ғылыми мақалаларымен қалың қауымға жол тартты. Ақынның 95 жылдық мерейтойының аталып өтуі де рухани өмірдегі елеулі оқиға болды. Абай шығармалары тұңғыш рет, 1940 жылы орыс тілінде басылып, «Лирика и поэма» деген атпен Мәскеуде шықты. Ақын шығармашылығын зерттеумен қатар оның көркем бейнесін әдеби туындыларда сомдай бастаған М. Әуезұлының «Абай» трагедиясы сахналанды. Абайтану ілімінде үлкен маңызға ие әрі ақын тұлғасын, өнерпаздық болмыс-бітімін тануда маңызы зор естеліктер, яғни ақынның көзін көрген Көкбай, Тұрағұл, Қамалия, Төлеу естеліктері мерзімді баспасөзде жарық көрді. Бұл тұста Қ. Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі», «Абай ұлы реалист ақын», Е. Ысмайыловтың «Кемеңгер Абай», Ә. Тоқмағанбетовтің «Абайдың ақындық мектебі», М. Бөжеевтің «Абайдың аударма еңбектері», Қ. Бекхожиннің «Қазақ халқының ұлы ақыны» мақалалары басылымдарда жарық көрді. Ал 1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойы аталып, осы мерейтой барысында абайтануда елеулі де маңызды істер атқарылды. Ақын шығармашылығын зерттеу жаңа ғылыми еңбектермен толықты. Т. Нұртазиннің «Абай және орыстың классик әдебиеті», Ә. Тәжібаевтың «Абай және қазақ әдебиеті», І. Омаровтың «Абай және қазақ мәдениеті», Е. Ысмайыловтың «Абай өлеңдерінің құрылысы туралы», «Абайдың көркем сөз шетерліктері туралы», Б. Кенжебаевтың «Абайдың қарасөздері» және өзге де ғылыми мақалаларда ақын шығармашылығы түрлі аспектіде зерделенді. М.Әуезов пен Б. Кенжебаевтың «Абай – қазақтың ұлы ақыны», М. Сильченконың «Абай» кітапшалары шықты. Абайтану ілімінің қалыптасу жолындағы маңызды ізденістердің ғылыми сипатының еселенуін айқындайтын монографиялық еңбектер де жарық көре бастады. Атап айтқанда: Қ. Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948), С. Аманжоловтың «Қазақтың әдеби тілі» (1949) зерттеулері нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар Ә. Жиреншиннің «Абай и его русские друзья» (1949) кітабы басылды. 1940 жылдардың соңы 50 жылдар басындағы қабылданған партиялық қаулы-қарарлар абайтану іліміне ауыр зардабын тигізіп, ақын мұрасын, шығармашылығын зерттеушілерді кезекті қуғын-сүргінге салды. 1951 жылы 15 маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп өткізген «Абайдың әдеби мұрасы мәселесін талқылауға арналған ғылыми айтыс» идеологиялық сипат алып, Абайдың ақындық мектебін зерттеуші Қ. Мұхаметханов жиырма бес жылға бас бостандығынан айрылып сотталса, «ұлтшылдық» концепцияны насихаттаушы деп М. Әуезұлы кезекті қуғын-сүргінге түсті. «Абайдың әдеби мұрасы мәселесін талқылауға арналған ғылыми айтыс» деген аты ғана болмаса, заты Абай мұрасын талқылаған «ғылыми» айтыс болмай, айтыстың әдейі арнап нысанаға алғаны – «Абайдың әдеби мектебі», Мұхтар Әуезовтің «абайтанудағы» ғылыми және әдеби еңбегі болғанын көреміз (Абай. 1992.№4). «Абайды зерттеудегі бұрмалаушылыққа қарсы» (Социалистік Қазақстан. 1951. 4.ҮІІ) атты саяси астары қалың мақалада М. Әуезұлы, Қ. Мұхаметханов «ұлтшылдығы» әшкерленді. «Осы уақиғадан кейін «Ақын аға» романы да «Абай мектебінің» кебін киді. Мұхтар Әуезов Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумы мүшелігінен шығарылып, университеттен қуылды. Қайым Мұхаметханов халық жауы ретінде тұтқынға алынып, 25 жылға сотталды» (Абай. 1992.№4). ХХ ғасырдың 50 жылдарының басындағы қоғамдық өмірдегі күрделі өзгерістер, соның ішінде «жылымық» жылдар жаңғырығы абайтану іліміне де оң ықпалын тигізді. Қазақ әдебиеті тарихының ең түйінді де маңызды арнасын құрайтын Абайдың классикалық мұрасын, сан салалы шығармашылығын зерттеуде жіберілген басты олқылықтарды ғылыми негізді түзету – дәуір талабынан туындаған зәрулік-тін. Сондықтан да Абай шығармашылығының тұтас қазақ руханиятындағы тарихи маңызын обьективті тануға барынша кедергі жасап келген тұрпайы социологизмге байлаулы ғылыми танымды қате көзқарастардан арылту мейлінше қажет-тін. Осы түйінді мәселедегі рухани серпіліс өзегі Абай мұрасы болып қала беретінін әрі оны қандай да болмасын саяси өктемдік өз биігінен шайқалта алмайтынын ақын шығармашылығына орай бір ғана 1954 жылы 600-ден астам мақала, зерттеу еңбектің жазылуы дәлелдейді. Осы жағынан алғанда М. Әуезов ыждахаттылығымен ақынның ғылыми өмірбаяны толықтырылып, Абай шығармаларының 1957 жылғы екі томдық жаңа басылымында жариялануы да абайтануды жаңа биікке көтеру талабынан туындап жатқан игі талпыныстар болатын. Бұл ретте ғалымның «Әр жылдар ойлары» (1959) кітабына енген ақын өмірі мен шығармашылығына арналған монографиялық тараудың маңызы – абайтанудағы соны зерттеушілік қадам әрі осы бағыттағы ғылыми ізденістер өзегін негіздей түсуінде. Соның ішінде ақынның ғылыми өмірбаянын жасау, поэзиясының көркемдік әлемін саралау, өлеңдерінің конондық мәтінін түзеу, толықтыру сынды келелі мәселелер шешімін тауып, абайтанудағы кемел істердің бағыт-бағдары барынша айқындалды. Бұл ретте абайтанудағы М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Ә. Қоңыратбаев, Қ. Мұхамедханов, Ә. Жиреншин, М. Бөжеев ізденістері осы арнада алғашқы қадамдарын жасаған Х. Сүйіншәлиев, З. Ахметов, Қ. Өмірәлиев, Т. Әлімқұлов, А. Нұрқатов, Қ. Нұрмаханов, М. Хасенов, М. Мырзахметов және өзге де әдебиетшілермен толыға отырып, ақын шығармашылығын жан-жақты зерттеудің өрісін кеңейте түсті. Мәселен, З. Ахметовтың «Лермонтов и Абай» (1954), Х. Сүйіншәлиевтің «Абайдың қара сөздері» (1956), М. Сильченконың «Творческая биография Абая» (1957), Қ. Өмірәлиевтің «Абайдың нақыл сөздері, афоризмдері» (1958), Ә. Жиреншиннің «Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары» (1959), Қ. Мұхаметхановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» (1959), Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960) еңбектері ұлы ақынның сан қырлы мұрасының монографиялық зерттеулер өзегіне алынуы барысында абайтанудың әдебиеттанудағы іргелі ілімге ұласа бастауын айқындады. «Абай туралы арнаулы зерттеулер жасауға елуінші жылдар ішінде Қ. Мұхаметханов (Абайдың ақындық мектебі), Р. Сыздықова (Абай шығармаларының тілі), Б. Ғабдуллин (Абайдың этикалық көзқарасы), М. Тілеужанов, Ғ. Әбетов (Абай сатирасы) сияқты тың күштер қосылды». С. Қирабаев Абайтануда жоғарыда аты аталғандармен қатар Т. Әбдірахманов, Қ. Өмірәлиев, М. Бөжеев, Т. Әлімқұлов, А. Нұрқатов, З. Ахметов ғылыми мақала, еңбектерімен көрінді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет