21. Абайдың балалық шағы мен білім алуын баяндап беріңіз. 22. Көңіл-күй лирикасы және «Сегіз аяқ» өлеңін танытып түсіндіріңіз


Ә.Бөкейханов пен К.Ысқақовтың Абай туралы мақалаларын салыстыра баяндаңыз



бет3/6
Дата27.12.2022
өлшемі42,57 Kb.
#59909
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
21-25 Абайтану

23. Ә.Бөкейханов пен К.Ысқақовтың Абай туралы мақалаларын салыстыра баяндаңыз

Ә.Бөкейхановтың мақаласы - Семейде шығатын «Семипалатинский листок» газетінде жарияланған азанама. 1907 жылы мақала Орыс Географиялық қоғамының жазбаларында қайта жарық көреді. Мақала Абай өмірі туралы біршама жүйелі мәлімет беретін еңбек. Кейінгі еңбектерде айтылатын көп дерек тұңғыш рст осы мақалада жазылған. Абайдың әке жағы мен шеше жағы таратыла әңгімеленеді. Шеше жағынан сөзге бейімділік дарығаны айтылады. Білімге сусау, алғашқы, кейінгі үш-төрт жылдағы оқуы, ел ісіне араласуы, орыс достарымен кездесіп, шынайы білімге ұмтылғаны, ізденіс әрекеттері, рухани толысуы, ақындыққа бет қоюы, кейінгі қайғылы халі, қазасы - түгел сөз болады. М.Әуезов өмірбаянында осылар негіз ретінде алынып, толықтырыла жетілдіріледі. Ә.Бөкейханов мақаласындағы Абайға берілген баға мынадай: «Өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды». Ә.Бөкейханов Абайдын табиғат туралы өлендерін жоғары бағалаған. Екінші мақала Кәкітай Ысқақов тарапынан Абай жинағына арнап жазылған. Ә.Бөкейханов мақаласы мен бұл мақала арасында дерек ортақтығы көп. Олардың негізі бір екені анық байқалып тұрады. Сірә, осыны о баста Кәкітай жазған болу керек. Ол профессор ТКәк шев жазғандай, Абай жанында жүрген, ақын өмірінен көп хабардар болған. Кәкітай мақаласы Ә.Бөкейханов мақаласынан көлемдірек. Ә.Бөкейханов Абай өлімі туралы жаза келіп, ақынның табиғат туралы өлеңдерінің көркемдігін, жалпы Абайдың асқан поэтикалық қуаттың иесі екеніч айтумен аяқтас. Кәкітай мақаласы бүдан әрі жалғаса түседі. Кәкітай Т.Кәкішев жазғандай, Абай өмірімен етене таныстығын байқатады. Ақын өмірі мен ойынан белгі ретінде онын «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма » өлеңін келтіреді. Абайдың өлең жазудан өзге уақытта жастармен отырып, олармен қозғайтын әнгімелерінен хабардар етеді. Кәкітайдың осы сөзі Абай болмысының, оның танымын, поэзиясы мен қарасөзінің мазмунын танытуда мәні зор: «…Жас жеткіншектер ортасында өзге ел сөзі, шаруа сөзі сөйленбей, өзінің білгенін, сезгенін айтып, адамның адамшылығы қандай мінезбенен түзеледі, қандай қылықпен бұзылады, ғылымды қайдан іздеу керек, өмірді қалай кешірсе жөн болады, бұрын қандай ғалымдар өткен, олардың артықша айтқан сөздері қандай, әйтеуір нетүрлі насихатпен болсын жастарға ғибрат болып, адамшылығын түзер деген сөзді айтып отырудан қанша уақыт болса да, еш жалықпай, ынталы көңілмен бек рахаттанып айтып, ұқтырып отырушы еді». Бұл Абайды артықша жақсы білетін Кәкітайдың сөзі. Оның Абайды етене жақсы біліп, ақын туралы мақаланы әуелі өзі жазғаны оның мына сөзінен де байқалады: «Бұл уақытта бір адам әншейін шаруа жайынан, ел жайынан сөз сөйлесе, бек ренжіп ашуланып қалушы еді». Абайдың өмірдегі тірек етіп ұстанған басты қағидасын да айта кетеді: «Абайдың өміріндегі ең жақсы көретіні таза көңіл мен достық еді».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет