21. Абайдың балалық шағы мен білім алуын баяндап беріңіз. 22. Көңіл-күй лирикасы және «Сегіз аяқ» өлеңін танытып түсіндіріңіз


Абайдың әже, анасы мен нағашы жұрты туралы жазыңыз



бет5/6
Дата27.12.2022
өлшемі42,57 Kb.
#59909
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
21-25 Абайтану

25. Абайдың әже, анасы мен нағашы жұрты туралы жазыңыз.

Зере
Абайдың өлең-жырға әуестігін шыңдаған — оның әжесі Зере. Зере жасынан ерекше жан болған деседі. Зере қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданын мекендейтін Матай руы, оның Қойкел тармағынан шыққан. Қойкелден Бектемір, Бектемірден Жанәлі деген ұл, Тоқбала атты қыз туады. Зере — осы Тоқбала. Зере аталуы туралы әртүрлі деректер келтіріледі. Б.Сапаралы: «Бір болжам бойынша қыз бала күнінен тіл-көзден сақтайды деп құлаққа сырға, мұрнына зере сырға салып жүргендіктен шыққан дейді. Екінші бір дәлелдемеге жүгінсек, «Зере» деп өзі ұзын, іші қуыс, сәукелемен киетін қыз-келіншектер бас киімін атаған екен. Ал ертеректе бір қабат киім сыртынан киетін сауыт та «Зере» деп аталыпты», — дейді. (Байшөгел. Тарихи-танымдық зерттеулер. Алматы, 1995)
М.Әуезов Абай ғұмырнамасының алғашқы нұсқасында: «… Зере кісі ренжітпейтін, жұмсақ мінезді әйел болған. Ол уақыттағы бәйбішенің бір сыны — күндестік дегенді білмей, кең мінезді болу. Зере бәйбіше осы жағынан көп мақталады. Күңдердің балаларын өз балаларындай асырап, еркелеткен деседі», — деп қысқаша мінездеме береді. Жазушы көркем шығармасында да Зеренің бейнесін сомдағанда тарихи шындықтан алыс кетпеген. Ел «Кәрі әже» деп құрметтеген шешені Құнанбай да алдынан кеспей, қатты сыйлаған. Құнанбай мен Бөжейдің дауы осы кәрі әженің алдында толастағандай болады. Өйткені Бөжейді де Зере бауырына салып, өсірген. Өмір шындығын арқау еткен эпопеядан Зеренің Абайға деген айрықша ықыласын байқаймыз. Басқа немерелерін бір төбе, Абайын бір төбе көрген әже Ибрагимді еркелетіп (бір деректерде келтірілгендей тілі келмей емес) Абай, Абайым деген. «Абай» деген көне түркіше «сүйкімді» деген сөз», — дейді Қ.Алтынбаев
Жазушының басқалардан бөліп «Қарағым… жалғыз қарашығым» деген сөзді Зеренің аузына салуы тегін емес. Оқырман өзінен-өзі: «Абайға өнегең мен өсиетіңді айта алдың» — деп бас изейді. Өйткені тарихи шындық солай. Зере әже дүниеден өткенде Абай жиырма бес пен отыздың арасындағы жігіт ағасы. Балалық, жігіттік сананың таза тұнығына Зере әженің талай өсиет-өнегесі тұнғаны ақиқат. Дәретсіз емізіп көрмеген жалғызы Құнанбайдың көп баласының ішінен ықыласы ауып, тас емшегін жібіткен Абайын уақыт өте жер-жаһан танитынын әз әже сезген-ді. Бойдағы орасан күшті ақындық қуатқа дем беріп, өлең-сөздің шоғын үрлеп жаққан жан болса, ол осы Зере әже екендігінде дау болмаса керек-ті…
Ұлжан
Абайдың әдеби ортасы деген тақырыптың әліппесі, әрине, ақынның өскен ортасы, тәрбие алған ошағынан бастау алатыны заңдылық болса, бұл арада Ұлжан анасының сойын бөліп айту орынды. Өйткені, Ұлжан — Абайды ақ сүт беріп өсірген анаcы… ол аз, Ұлжан Абайдың ақын болуына тікелей әсер еткен жан. Демек, Ұлжан туралы, оның Абайға, Абайдың ақындығына қатысы жайындағы сөзді әріден, Абайдың нағашы жұртынан бастаған жөн. «Алып анадан» деген қанатты сөздің ақиқаттығына Ұлжан ананың көп төменетектінің бірі емес, данышпан Абайдың анасы деген атқа толық лайық ақылды да сөзге шешен жан екендігін кеңірек әңгіме етуіміз керек сияқты. Орайы келгенде айта кетуді тілеп тұрған пікір кезінде, 1986 жылы Қазақ ССР Энциклопедиясындағы мақалаларға сын көзбен қараған абайтанушы-ғалым Қ.М…
Ұлжан Тұрпанқызының тарихи бейнесі «Абай жолы» эпопеясында шынайы әрі соншалықты тартымды сомдалған. Абайдың өмірбаянын жазған шақта да Әуезов Ұлжан мен оның шыққан әулеті Бертіс биден бері қарай тоқтала келіп: «Ұлжанның әкесімен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай орта жүзге қалжыңымен тегіс аты жайылған, белгілі, мысқылшыл тапқыш, күлдіргілер болған», — деп Шаншарлар руының бір-екі мінезін тілге тиек ететіні тағы бар.
Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжанмен тағдырлас болуы да Алланың жасаған кереметі дерсің. Ұлжанды алғаш Құнанбайдың інісі Құтпанбетке атастырады. Құтпанбет ру арасындағы бір қақтығыста найзаға түсіп өледі де қалыңдығы Ұлжан оң жақта қыз күйінде қалған соң, екінші әйел қып Құнанбай алады.

Ақылды келін Ұлжан енесі Зеремен аса бір ынтымақтастықта ғұмыр кешкен. Жер дауына байланысты оқтын-оқтын тұтанып отыратын Тобықтының өз ішіндегі бас араздық осы Зере-Ұлжан ауылында бітім тауып жататын-ды. Бұл жайында «Абай жолындағы» оқиғалардан қанықпыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет