21. Абайдың балалық шағы мен білім алуын баяндап беріңіз. 22. Көңіл-күй лирикасы және «Сегіз аяқ» өлеңін танытып түсіндіріңіз



бет6/6
Дата27.12.2022
өлшемі42,57 Kb.
#59909
1   2   3   4   5   6
Нағашылары
Орта Жүз Арғынның бір бұтағы Мейрам сопының кенжесі Қаракесек атанған Болатқожадан тарайтыны мәлім. Болатқожаның баласы - Бошан. Ертіске қарай құлағын елді бауыр Бошан дейді, ол бір кезде Қазыбек би ауданы атанып, бір шеті Қарқаралыға жалғас жатқан үлкен өңір. Батысқа қарайғы бөлікті сырт Бошан дейді.

Бошаннан - Таз (басқасын таратпай-ақ қояйық, баршаға мәлім бес Бошан), Таздан - Бұлбұл, Бұлбұлдан - Шаншар. "Болашақты болжаушы Шаншар абыз" атанған бабамызға байланысты әңгімелер көп, олардың жөні өзінше.

Тексіз біреулер айтып жүргендей атам қазақ әйел сыйламаған деген бос сөз. (Сыйлау дегенді кім қалай түсінеді, ол басқа мәселе). Сыйламаса, Қаракесектің ұраны "Қарқабат ана", Әйбике және Нұрбике елдері деп ту көтеріп, атау бере ме?

Сол Шаншар бабамыздың Әйбике, Нұрбике деген әйелдері сонау ХҮІІ ғасырдың аяғында Тәшкенді билеген қатаған Тұрсын ханның қыздары болса керек. Еңсегей бойлы ер Есім ханмен тізе қосып, хан Тұрсынның бүлігін басқанда, Шаншар батыр оның қыздарын олжалап, елге әкеліп, алақанға салып өсіріп, бой жеткізсе керек. Айтпақшы, сол бикелердің біреуі - Қоңырбике тобықтының анасы деп, шежіре айтады.

Аталған екі анамыздан өрбігендер бұл күнде баршылық, шүкір ұрпағы жаман емес. Айта кетейік, кейбір "жазушылар" "Айбике" деп жазады. Онысы - қазіргі салтқа сай ат қою жөніне келтіргендігі. Қазір мына біз, бізден бұрын өткендер Әйбике ұрпағымыз деп атаймыз. Соны мақтан тұтамыз.

Сол Әйбикеден тараған ұрпақты Әйбике - Шаншар, Нұрбикеден - Нұрбике Шаншар деп кеткен. Кейін, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласын жат жұрт баса-көктеп билеп, әкімшілік жер бөлісі атауларын бергенде де дәл осылай "Әйбике Шаншар елі" деп жіктеген. Осылай деп болыстық басқармаларға атау берілген. "Таттымбет - киргиз Нурбике Шаншаровской волости" дейтіні сондықтан. Әйтпесе, бәрі бір атаның, бір адамның баласы.

Нұрбике анамыздан Бертіс туған. Бертістің бір баласы Бектемірден Мөшеке, Битен, Шитен есімді балалары болған.

Мөшекеден - Қазанғап. Қазанғаптың 1772 жылы туғаны туралы мәлімет бар. Өлген жылы белгісіз, әркім әртүрлі айтып жүр, көзбен көрген құжатымыз жоқ, сондықтан қашан қайтыс болғанын айта алмаймыз. Қазанғаптан Тәттімбет туғанын бүкіл қазақ біледі. Қазақтың ұлы күйшісі Тәттекең туралы басқа сөз айтпайық, әңгіме Абайдың нағашылары туралы.

Битеннен - Қантай, Тонтай және Тұрпан. Қыр елінде Битенді Шитеннен бөлмейді, тетелес болғандықтан ба, арасына жыл толмай туған егіз деп есептей ме, әйтеуір Битен-Шитен деп қосақтап айтады. Сөйтеді де, Абайдың нағашысы, оның ішінде туған нағашысы Битен-Шитен деп қосақтап жібереді. Орайы келіп тұрса, сөздің жымы қабысып тұрса, айып жоқ қой, әйтсе де Абайдың туған нағашысы - Битен.

Міне, сол Битеннен Қантай, Тонтай, Тұрпан дедік. Мұхтар Әуезовтің деректерінің бұлжымас дәлдігінің дәлелі осындай. Тұрпанның Ұлжан, Молқара атты қыздары болған екен. Ұлжан апамыз - Абайдың анасы.

Кітапта жазылмаса да, Қаракесек ішінде әлі айтылады: "қарадан хан болған, қараңғыда жол тапқан қара барыс Құнанбай" Ұлжан анамызға қарсы сөзге келе бермейді екен. "Сен айтасың, сенің сөзің емес аталарың сескендіреді" деп басылып қалады екен. Сол Ұлжан анамыз - дүниеге Абайды әкелген.

Битенұлы Қантай мен Тонтай туралы Ресейдің отарлаушы үкіметінің жазып қалдырған деректері баршылық. Оқырман қауымға мағлұмат, кейбір үзінділер келтірсек, артық болмас.

Арғы атасынан ел билеп, ақсүйек текті болған Тонтай Битенұлы туралы Омбы мемлекеттік архивінде бірнеше құжат жатыр. (Осы Омбы архиві туралы талай жаздық. Алматыға әлі әкелінген жоқ, құрып кетеді-ау!) Сонда Тонтай Битенов 55 жаста екені көрсетілген мағлұмат өз айтуынша толтырылған. Құжат 1842 жылы жасалған. Яғни, Тонтай 1787 жылы туған болады. Қантайдың қай жылы туғаны туралы қағаз кездестірмедік (бәлкім бар да шығар), бірақ көнекөз қариялар екеуінің арасы 2-3 жас деп отырушы еді. Сонда Қантай 1783-84 жылдар шамасында туған.

Қаракесек - Шаншар ішінде Қантай - Тонтайды қосақтап, Тұрпанды атамай өте беретіні қалай? Сөйтсек, Тұрпан өз шаруасын күткен, көзге түсе бермейтін байсалды, көп тыңдап,аз сөйлейтін адам екен. Мұхаң "Абай жолында" Ұлжанды қандай байсалды, ойлы бірақ кесімді, айтқанынан қайтпайтын әйел заты ретінде суреттесе, сонысы тағы шындыққа келеді.

Біз келтірген деректер ағайынды Қантай мен Тонтайдың бір орыстың ұлығы (заседатель Негонский) пара алғаны жөніндегі іске куә болуына байланысты. Тіпті, бұл іске Қазанғап, оның баласы Ырысымбет те қатысты. Олардың да өз аузынан берген жауаптары, бармақтарының таңбалары да бар.

Қантай Битенұлының ауылнай екендігі, оған 50 шаңырақ, 350 жан басы қарағаны көрсетілген.



Бертін келе, 1860 жылдың аяғына қарай Нұрбике - Шаншар елінің жағдайы туралы іс қағаздарда Қантайдың Омар, Тонтайдың Әтеке деген ұлдары туралы мағлұматтар бар. (Кезінде бұл есімдерге көп көңіл қойғанымыз жоқ. Қайта оралар болсақ, құнды деректер көп).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет