22.4. Қос арматуралы тiк төртбүрышты иiлгiш элементтердiң берiктiк есебi
Практикада созылу бөлiгiне қарағанда сығылу бөлiгiнде арматура қолдану тиiмсiз болса да, қос арматуралы элементтер кездесуi мүмкiн (14-сурет).
Бетонның сығылған бөлiгiнiң берiктiгi жетiспейтiн жағдайда сығылған бөлiкті күшейту, ию моментiн қабылдау үшiн сығылған арматура қажет.
Егер иiлгiш элементтердiң сығылған бөлiгiнде есеп бойынша бойлық ( болатын) арматура қарастырылса, онда бойлық арматураларды дөңестенуден сақтау үшiн көлденең арматура қойылады: дәнекерленген қаңқаларда олардың арасы 20d-дан, ал байланған қаңқаларда 15d-дан (d-бойлық сығылған арматуралардың ең кiшiсi) аспауы керек.
Тiк төртбұрышты қос (кернеуленбеген) арматуралы элементтер үшiн
(5.17)
шарты орындалады, мұндағы - бетонның сығылған бөлiгi және созылған арматураның оған сәйкес бөлiгiнiң қабылдайтын моментi (14-сурет), - сығылған арматура және созылған арматураның соған тең бөлiгiнiң қабылдайтын моментi.
(5.18)
теңдігімен өрнектеледi.
Бұдан
, (5.19)
. (5.20)
Бұл формулалар немесе шарттары орындалса ғана қолданылады. Бойлық жұмыстық сығылған арматураның толық ауданы сығылған бөлiктегi сығылған арматураның ауданы мен созылған арматураның сығылған бөлiктегi бетон берiктiгiне сәйкес ауданының қосындысынан тұрады:
. (5.21)
Құрылыстық мөлшерлерде сығылған бөлiктi арматуралаудың шектiк пайызы тағайындалмаған. Ең аз мөлшерде сығылған арматура қолданылған элемент экономикалық жағынан ең тиiмдi деп есептеледi. Оған коэффициентiн қолдану, яғни, бетонның сығылған бөлiгiнiң көтергiштiк қабiлетiн үлкейту арқылы жетуге болады:
.
Сыртқы моменттiң қалдығы ғана сығылған арматура мен созылған арматураның соған тең бөлiгiне берiледi.
Мұндай жағдайда (5.17) шарты
(5.22)
түрiнде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |