21-дәріс. Темiрбетон конструкциялары есебiнiң негiздерi


Темiрбетон конструкцияларының шектiк жағдайлардың бiрiншi және екiншi топтары бойынша есебi



бет3/8
Дата16.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#116174
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
АиСК 21-22-лек

21.3. Темiрбетон конструкцияларының шектiк жағдайлардың бiрiншi және екiншi топтары бойынша есебi

Берiктiкке есеп негiзiнен кернеулiк-деформативтiк жағдайдың III кезеңінде жүргiзiледi. Шектiк жағдайдың I тобы есебi бойынша, егер сыртқы күштерден пайда болған iшкi күштер конструкция қимасының көтергiштiк қабiлетiнен аз болса, онда қима берiктiгi жеткiлiктi деп есептеледi. Сыртқы есептiк күштерден пайда болған iшкi күштер (мысалы, иiлу моментi немесе бойлық күш) - мөлшерлiк күштер, сенiмдiлiк коэффициенттерi және де басқа факторлардың функциясы болады.


Ал қиманың берiктiк қабiлетiн көрсететiн күш - қиманың пiшiнi мен өлшемдерiнiң - , материалдары берiктiктерінің - , материал бойынша сенiмдiлiк коэффициенттерiнiң және жұмыс жағдайы коэффициенттерiнiң функциялары болып табылады.
Берiктiк шарты
. (4.1)
түрiнде жазылады.
Егер
(4.2)
болса, онда .
Шектік жағдайдың 2-ші тобы деп, элементтердің мөлшерлік тұтынылу жағдайы талаптары орындалмайтын кернеулік-деформативтік жағдайды айтады.
Шектiк жағдайдың 2-шi тобы бойынша мөлшерлiк жүктемеден болған - майысу - шектiк майысудан аспауы керек:
. (4.3)
Есеп үшiн мәнi жүктеменiң болғандағы мәнi арқылы анықталады. Егер iшкi күштер (иiлу моментi мен бойлық күш) - , қима көтере алатын шектiк күш - -дан кiшi не тең
, (4.4)
болса, онда элементтiң бойлық осiне қалыпты орналасқан қималарда жарықтар пайда болмайды.
Қалыпты және көлбеу орналасқан жарықтардың ашылуы созылған арматура деңгейiндегi жарықтың енiмен есептеледi және ол ережелерде берiлетiн жарық ашылуының шектi енiнен аспауы керек,
. (4.5)

22-дәріс. Иiлгiш темiрбетон элементтердiң берiктiк есебi




22.1. Иiлгiш элементтер түрлерi және қолданылу салалары

Иiлгiш темiрбетон элементтерге тақталар (панельдер) және арқалықтар жатады. Олар жекелеген түрде немесе күрделi конструкция құрамында да (қырлы бiртұтас аралық жабында) кездеседi (11-сурет).


Тақталар дегенiмiз қалыңдығы ( ) енiне ( ) және ұзындығына ( ) қарағанда өте аз болатын жазық конструкциялар. Қалыңдықтарының ең кiшi мәндерінде де тақталар берiктiк және қаттылық талаптарын қанағаттандыруы керек.


Темірбетон жазық тақталар әртүрлі, олардың өлшемдерін тағайындалуына байланысты қабылдайды. Көлденең қималары қырлы, біртұтас және қуысты. Біртұтас тақталармен салыстырғанда, қырлы және қуысты тақталар материалдар шығыны бойынша тиімді және салмақтары аз.
Жазық темiрбетон бiртұтас тақталардың қалыңдығы аралығы -ден келетiндей -ден -ге дейiн және одан да үлкен етiп қабылданады. Бiртұтас темiрбетон төбе жабындарының қалыңдығы -ден, қабат аралық жабын үшiн -ден кем емес болып қабылданады.
Тақталар дәнекерленген торлармен арматураланады, тақта ұзындығын бойлап орналасқан стерженьдер жұмыстық, ал көлденең бағыттағы – таратушы деп аталады. Жұмыстық арматура диаметрi болып, бiр-бiрiнен қашықтықта орналасады. Таратушы стерженьдер диаметрлерi кiшiрек және ара қашықтықтары болады.
Арқалықтар тақталар үшiн тiрек қызметiн атқарады және аралық жабынның негiзiн құрайды. Арқалықтар ұзындығы тақталарға қарағанда ұзындау, көлденең өлшемдерi кiшiректеу болып келедi. Сондықтан оларды сызықтық конструкциялар деп атайды. Арқалықтардың көлденең қималары тiктөртбұрышты, тавр, қоставр, трапеция тәрiздi болып келедi. Арқалықтардың биiктiктерi -ге дейiнгi аралықта қадамы , ал одан үлкен биiктiкте -ден қабылданады. Арқалықтар енi -қа тең болып қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет