23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз


А, В, С тапсырмаларының айырмашылықтары мен ерекшеліктері



бет11/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
34. А, В, С тапсырмаларының айырмашылықтары мен ерекшеліктері.

35. модульдік оқытудың басқа оқыту жүйесінен ерекшеліктері мен айырмашылығы.

Модульдік технологиясы оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Оқушыға берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үдерісіне еніп, қолданыла бастады. Білім алушының мүмкіндігіне қарай модульдік оқытуда мәтіннің мазмұны бөліктерге бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды дидатикалық бірлік деп саналады.

Энциклопедиялық сөздіктерде модуль (лат.) «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді деп көрсетілген. Ғалымдар мен зерттеушілердің (Г.Қ.Нұрғалиева, А.А.Гучинский, Г.С.Кудебаева, Ю.У.Байсалов, Ю.К.Балашов, Н.Д.Никандров, т.б.) пікірлерін, анықтамаларын сараптай келе, модульдің өзіндік ерекшелігін төмендегідей түйіндеуімізге болады. Атап айтқанда, модуль арқылы білім алушылардың өздік ізденісіне жол ашылады, олар әр бөліктер бойынша ойланады, қосымша материалды пайдаланады, тұжырым, қорытынды жасайды. Бөлінген мәтіндермен жұмыс жасай отырып, оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер жасайды. Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп, дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып біледі.

1. Мақсат нақты , айқын. 2. Нәтиже белгілі болғандықтан, оқушылар соған жетуге тырысады. 3. Мәтіндер бөлікке, модульге бөлініп көрсетіледі. 4. Мұғалім – бағыт беруші студент пікірін үнемі ескереді. 5. Оқушы өз пікірін білдіруге қорғауға, дәлелдеуге белсенді. 6. Әр оқушы материалды өз мүмкіндігіне сай меңгереді. Қызығушылық танытып, тұжырымдар, қорытынды пікір айтуға дайын болады. 7. Оқушы білімі әр модульден кейін тексеріліп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет