29. жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияның мәнін ашып көрсетіңіз.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми негізделген әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасы мен компьютермен оқытудың бағыттарына арналған іргелі және қолданбалы сипаттағы мәселелер, ақпараттық технологиялардың мәні, мазмұны мен құрылымы алдыңғы қатарлы ғалымдардың еңбектерінде де қарастырылған. Олар аталған ұғымға «компьютерлік технология», «ақпараттық технология», «ақпараттық-коммуникациялық технология» ретінде түрлі деңгейде анықтама берген:
- ақпаратты өңдеу, түрлендіру, тасымалдау, тарату технологиясы, есептеуіш техниканы, желіні және жүйені (жасанды интеллекті қоса алғанда), бағдарламалық құралдарды және т.б. жасау технологиясы (В.В.Персианов, Н.А.Шайденко);
- ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және ұсынудағы адамдардың білімін кеңейтетін және олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын әдістер мен техникалық құралдардың жиынтығы (М.И.Жалдак);
- оқытуда компьютерді қолдану (Н.В.Апатова);
- ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдаумен сипатталатын әртүрлі әдіс, тәсілдерді жалпылайтын ұғым (Е.Ы.Бидайбеков);
- негізгі ақпараттық процестерді жетілдіруге арналған және бағдарламалық өнімдерді пайдаланып, дамытуға байланысты компьютерді қолдануға негізделген технология (Ш.Х.Құрманалина).
Жоғарыдағы аталған ғалымдардың көзқарасынан ақпараттық технология компьютер арқылы оқытудың жүйелі әдісі, техникалық ойлау және танымдық әрекетіне бағыттап оқытуда түрлі техникалық, электрондық және компьютерлік құралдарды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |