23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз


Педагогикалық технологиялар классификациясын ашып көрсетіңіз



бет2/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
24. Педагогикалық технологиялар классификациясын ашып көрсетіңіз.

Саралап оқыту технологиясы. Өткен ғасырдың 30-жылдарында Америкада, ал 60жылдары білім беру мен оқытуда саралау үрдісі кеңінен етек алғаны мәлім. Бұл үрдіс бүгінгі таңда Қазақстан мектептеріне де, бүкіл әлем мектептеріне де келіп жетті. Оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтай отырып оқыту, яғни саралап оқыту қазіргі мектептердің даму бағытына айналып отыр. Саралау – оқу мекемелерінің түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен ӛз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа бӛлінеді. Білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі. Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады. Англияның мектептерінде, Германияның нақты училище, гимназия және негізгі мектептерінде, Францияның технологиялық, кәсіби және жалпы білім беретін лицейлерінде, Ресей мен Қазақстанның жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназияларында және басқа мемлекеттердің үздік мектептерінде саралап оқытылады. Бұл оқу мекемелерінің ерекшелігі олардың оқу бағдарламаларында. Бір мекеменің ӛз ішінде саралап оқыту, әсіресе Америка мен Жапония мектептерінде екі түрлі: жалпы білім беретін және арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясы. Дж. Конант бастаған педагогикалық топ 50жылдары «барлығын қамтитын мектеп» моделін ұсынды. Әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы балалар үшін олардың қабілеті мен қызығуын ескере отырып, әр топқа сәйкес бағдарлама жасалды. Конанттың ұсынысы АҚШ мектептерінде саралауды енгізуді іске асырды. Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бӛлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды «жылдамдар» , «орташалар» және «баяулар» деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет