23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз



бет3/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
25. оқыту процесінің кезеңдері.

Оқыту процесінің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру белгілі бір тәртіппен, нақтылы жүйемен жүзеге асырылады. Мұнжай жүйені оқыту процесінің құрылымы деп атайды. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:

Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.

Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.

Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық кезеңдерден тұрады:

1.Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін анықтау.

2.Оқушыға жаңа білімді баяндау және оны қабылдауға басшылық жасау.

3.Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына басшылық ету.

4.Берілген білімді бекітуге басшылық ету.

5.Білімді практикада қолдануға басшылық ету.

6.Оқушының білім мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет