23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз



бет1/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

23.Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз.

Инновациялық іс-әрекетті зерттеген ғалымдардың пікірлерін бір жүйеге келтіре отырып, біз мынадай қорытыңдыға келдік. Инновациялық іс-әрекет дегеніміз, мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үрдісіне өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесінде байланысты енгізуін айтамыз.

Инновациялық іс-әрекет жүзеге асыру іс-әрекетінің реті-жаңа білім беру бағдарламаларынан, әдіс-тәсілдерімен танысып, талдау; оларды өз жұмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді өз еңбегінде қолдану мақсаттарын белгілеу; эксперименталды жұмыстың кезендерін жоспарлау;

болашақ қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді, идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс-әрекеттің нәтижесін қорытыңдылап, бағалау, талдау.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-әрекет әр кезеңдердің бірлігіне байланысты сипаттайды:

1 кезең - педагогикалық іскерлік (теориялық, практикалық даярлығы);

2 кезең - педагогикалық шеберлік (мұғалімнің гуманистік бағыты, педагогикалық қабілеттері, педагогикалық техникасы);

3 кезең - педагогикалық шығармашылық (оқу-тәрбие жұмысының тәсілінің түр өзгерісі, олардың модернизациясы);

4 кезең - новаторлық кезеңі (оқыту процесіндегі жаңа прогрессивті идеяларды ұсыну мен жүзеге асыру).

Инновацияның педагогика ғылымында дамуы, ғалымдардың айтуы бойынша, диалектикалық процесс. Оның дамуы басқа ғылымдармен тығыз байланыса отырып, мынандай өзгерістерге ұшырайды:

- кез-келген жаңалық, қоғамдық сұранысты өтегеннен кейін үйреншікті нәрсеге айналады;

- инновациялық процесс кезеңдеріне сәйкес инновациялық іс-әрекет;

- шығармашылық қабілет негізінде қаралатын репродуктивті, продуктивті қызметтердің диалектикалық бірлігі болып табылады;

- инновацияның дамуы бірқатар негізгі және қосалқы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет