23. Инновациялық іс-әрекеттің жаңалықты ендіру кезеңінің маңызын ашып беріңіз


жаңашылдық деңгейіне қарай инновацияның 8 түріне сипаттама беріңіз



бет8/20
Дата06.01.2022
өлшемі42,35 Kb.
#12219
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
30. жаңашылдық деңгейіне қарай инновацияның 8 түріне сипаттама беріңіз

31. дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде.

Дамыта оқыту технологиясы: балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға үйренуге машықтандырады, теориялық мәселелерді, практикада қолдана білуге баулыйды, шығармашылық ізденіс әдістерін игеруге көмектеседі.

Неміс педагогы А.Дистервег өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ат жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» деген. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне - сабақты өткізуді «дамыта оқыту» технологиясы бойынша ұйымдастыру жатады.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы- жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінін жоғалуы деген мағынаны білдіреді.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін менгеруте жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы.

Дәстүрлі оқытуда мұғалім еңбегінің «жатықтығы» мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушының тез, дұрыс жауап берулерімен, тапсырмаларды бұлжытпай орындауымен, тыныш отырып тәртіп сақтауларымен өлшенеді. Ал баланың екінші жан дүниесінде не болып жатқандығы, оның ойы, сезімдері мұғалімді ойландыра бермейді.

Л.В.Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштері: ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер балалар осы айтылған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектеңгені саналады.

Дамыта оқытудың Д. Эльконин, В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсатына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстырғанда мынадай қорытынды жасауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет