23. Л. Пастердің


Ауа микрофлорасы. Ауадағы микроорганизмдердің қызметі мен таралуы



бет15/24
Дата25.11.2023
өлшемі132,41 Kb.
#127466
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
37. Ауа микрофлорасы. Ауадағы микроорганизмдердің қызметі мен таралуы.
Ауадағы микрорганизмдер клеткасының бар жоқтығы жөніндегі мәліметтерді алғаш рет Л.Пастер (1860ж)алған.Ол теңіз деңгейінің әр түрлі биіктігінде( Юра тауының етегінде 850ж және Монблан шатқалында 2000м) Қоректік орталары бар колбаларды ашып, содан соң өсіп шыққан коллониялар санына қарай ауаның ластану дәрежесіне баға берген. Соған орай ауадағы микроорганизмдер саны теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты деп тұжырымдаған. Атмосферадағы микроорганизмдердің жалпы саны жыл мезгіліне байланысты жаз мезгілінде қоңыржай климат жағдайында микроорганизмдер концентрациясы жоғары болса, ал қыс мезгілінде олардың концентрациясы төмен болады.
Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі.


Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Ал керісінше ауыл-село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады. Құрамында органикалық заттары көп өңделген топырақтың бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол сияқты құмды аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір жердің ауасының өзінде жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауын өткеннен соң едәуір азайып қалады. Ауаға көтерілген сайын
микробтар да азая түседі. Мұндай жағдайда тіпті үлкен қалалардың үстінен де байқауға болады. Е.Н.Мишустиннің зерттеуіне қарағанда Москваның үстінде 500м биіктікте ауаның 500-700 бактерия кездескен. Осындай биіктікте, бірақ Москвадан 5-7 км дей қашықтықтағы ауа мүлде таза болған. Ауада микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі күшті әсер етті. Түссіз бактерияларға қарағанда төзімділеу. Әдетте спора түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болғандықтан спора түзетіндеріне қарағанда олардың саны да аз болады. Әр түрлі қоғамдық орындардың да ауасына микробтар саны бірдей болмайды. Бұдан адам көп жүретін жерлерде және көп қатысатын мекемелер маңындағы ауада микроорганизмдер көп болатыны көрініп тұр. Жыл мерзіміне байланысты ауа микроорганизмдерінің саны мен сапасы да өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың ең аз болатын мерзімі қыс, ал көп болатын кезі жаз. Көктем мен күзде олардың саны аса көп болмайды. Бұл әрине түсінікті. Қыс кезінде қар жер бетін жауып қалады да шаңның көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Ал жаз кезінде жел шаң-тозаңдармен бірге ауаға микроорганизмдерді ұшырап шығарады. Күз бен көктем кезінде жауын – шашын жиі болып, көтерілетін шаң-тозаңда аз болады. Сондықтан бұл мезгілде ауадағы микробтар саны көп болмайды. Ашық жерлерге қарағанда бөлме немесе үй ауасында микроорганизмдер көп болады. Мәселен, бөлме ауасының бір текше метріндегі олардың саны
100 мыңға жуық жетеді. Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаңда көбейеді, микробтар саны артады. Кейбір ауру туғызатын микроорганизмдер бөлме ауасына таралып, дем алған адамға жұғады. Бөлме ауасындағы микробтар құрту мақсатында арнаулы санитарлық- гегиеналық ережелерді сақтау ұсынылады. Сапасы жағынан алғанда ауа микроорганизмдері түрліше болып келеді. Көбінесе шар тәрізді, олардың ішінде түрлі пигмент түзетіндері де кездеседі. Сонымен қатар онда спора түзетін аэробты микроорганизмдер де көп. Ауру тудыратын топтары тек ауасы ластанған жерде кездеседі, ал далалы және орманды жердің ауасында олар мүлде болмайды.


Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты.
Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шартәрізді және таяқша бактериялар, костридиялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен( фильтрлеу) бірге жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда т.б. ) қолданылады.
Ауаны зерттеудің сандық микробиологиялық зерттеу әдісі тұндыру(седиментация), аспирация немесе фильтрация принциптеріне негізделген.
Седиментациялық әдіс. Қоректендіретін агары бар екі Петри табақшасын 60 минут бойы ашық күйде қалдырады содан соң термостатта 37 С да инкубациялайды.Нәтижелерді екі табақшадағы колониялардың жалпы санымен бағалайды:егер 250-ден аз колония табылатын болса ауа таза деп есептеледі, 250-500 колония орта дәрежеде ластанған, 500-ден көп колония ластанған деп есептеледі.
Аспирациялық әдіс.Ауаның микробтық өлшемін анықтайтын нақтырақ әдіс.Ауаның дақылдандырылуы құралдар көмегімен жүзеге асырылады.Кротов құралы қоректендіретін Петри табақшасын жауып тұратын плексигластық пластинаның жіңішке тесігінен белгілі бір жылдамдықпен ауаны өткізіп тұрады. Инкубациядан кейін термостатта микробтық өлшемді мына формула бойынша санайды:
x =a*1000/V
мұнда a-табақшадағы өскен колониялардың саны;V-құралдан өткен өткізілген ауаның көлемі,л;1000-ауаның болуға тиіс көлемі,л.
Жалпы микробтық саны. Ауаның ЖМС 1м3 көлемінде колония түзүші бірліктің саны(қоректік агар бетіне дақылдандырылған және 24сағат бойы 37°С градуста немесе бөлме температурасында инкубациланғанколониялар санын есептейді)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет