23. Л. Пастердің


Залалсыздандыру және залалсыздандыру түрлері



бет11/24
Дата25.11.2023
өлшемі132,41 Kb.
#127466
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
микро

34. Залалсыздандыру және залалсыздандыру түрлері
Дезинфекция (француз тілінде des инфекциялык бастаманы жою, алу) микробтармен ластанған затты, оны колданганда нифекция қоздырмайтын дарежеге дейін микробтарды жоюға арналған ендеу процедурасы. Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірак споралары менкейбір резистентті вирустар тіршілікке қабілетті жағдайда калуы мүмкін Зарарсыздандыру (дезинфекция) - патогенді бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, санырауқұлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою.Дезинфекциялаудың максаты көбінде микроорганизмдердін патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. 
Дезинфекцияның екі түрін ажыратады: профилактикалык жане ошақтық.
Ошақтық қортынды және күнделіктіге бөлінеді.
Күнделікті дезинфекция - ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде онын бөліп жаткан қоздырғыштарын дер кезінде өңдеп отыру мақсатында, күнсайын (науқастың бөлінділерін, ыдыстарын зарарсыздандыру) жасалады.
Қортынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысканда, елгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта (әдетте бір рет) жасалады. Оның мақсаты - жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы факторлар ретінде қалған қоздырғыштарды жою.
Ол, қоздырғыштары қоршаған ортада төзімді инфекциялар ошақтарында жүргізіледі (оба, тырыскак, қайталама сүзек, күйдіргі, салмонеллездер, гепатит, сал, түбіркүлез, алапес және басқалары). Бұл кезде қоршаған ортада таралуы мүмкін және таратушы фактор болып табылатын объектілерді қоздырғыштардан толык зарарсыздандыруға тырысады.
Зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері. Физикалык оңдеуге механикалык, термиялык, сәулелік әдістер жатады. 
Механикалык заттар - тазалау, дымқылмен тазалау, жуу, қыру, қағу және т.б. жатады. Мысалы шансорғыштың көмегімен микробтардын 98% кетеді екен. 30 минут желдетуден кейін микробтар мекемелерде мулдем болмайды, себебі ауа тугелдей алмасады, әсіресе ауалы тамшылы жолмен берілетін аурулар кезінде тиімді болады. 
Термиялық және сәулелік әдісіне жоғары және төмен температуралармен әсер ету, бактериоцидті шамдармен ендеу, радиоактивті сәулелендіру жатады. Ыстық ауалы стерилизаторларды жане баска да зертханалык, дәріханалык ыдыстарды және аспаптарды зарарсыздандырған кезде колданады. Дезинфек- циялык камераларда төсек орынды, киімдерді және басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ыстық үтүкпен уктегенде микробтардың вегетативті формалары, биттер, кенлер өледі. 
Ыстық суға (70 - 100°С) ерітілген жуғыш заттарды қосып пайдаланғанда кірді және микробтарды механикалык жолмен кетіреді (80°C 2,5 минут: 60°C 70°C 30 минут).
Кайнату стерилизацияның қиын емес түрі. Жалгыз кемшілігі қайнатқанда споралар өлмейді. Дезинфекциянын бұл түрі шприцтерді, аспаптарды, шыны және металл ыдыстарды өңдеуде кеңінен колданылады. Суға 12% натрий бикарбонатын косканда кайнаған судың дезинфекциялык эсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін таттанудан коргайды. 
Күйдіру (от жалынын) ілмектерді, инелерді, пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы, т.б. зарарсыздандыруга пайдаланады. 
Пастеризация - 70°C - 80°С-қа дейін (30 минут) кыздыру, бактериялардың вегетативті формаларын е тіреді, 90°С-та 3 сек кыздыруга болады.
Ылғалды булы камераларда киімдерді, төсек орындарды және баска да жұмсақ заттарды ендеуге колданады.
Күн сәулесі микроорганизмдерді өлтіреді. Бірнеше сағаттан кейін фоторезистентті микробтар. және де туберкулез микобактериялары да өледі. УК сәулесін ауадағы микробтардың тұнуын төмендетуге колданады.
Тиндализация - 56°С температурада 5-6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бұл кезде споралар да өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет