23. Л. Пастердің


Топырақ микрофлорасы. Топырақтардағы микроорганизмдердің қызметі мен таралу



бет24/24
Дата25.11.2023
өлшемі132,41 Kb.
#127466
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
микро

45. Топырақ микрофлорасы. Топырақтардағы микроорганизмдердің қызметі мен таралу
Топырақ микрофлорасының құрамы оның түріне, ылғалдығына, температурасына байланысты құбылмалы келеді. Микрофлора тығыздығы 10-20см. тереңдікте жоғары болып келеді. Топырақ микрорганизімі зат және энергия алмасуының барлық процесіне қатысады: биомасса синтезі мен энергия аккумуляция, нитрификация, дезинтрификация, күкірт трансформациясы т.б. Топырақта көптеген патогенді микрорганизмдер әртүрлі уақыт ұзақтығында сақталуы мүмкін. Микробтар судан, ауадан, жануарлардан, өсімдіктерден түседі. Топырақта өзі тазарту процесі жүреді.
Нәтижесінде органикалық заттар гумусқа қайта өңделеді. Вирустар топырақта бірнеше күн және ай сақталады. Ал спор түзуші ботулизм, сіреспе, анаэробты жарақат қоздырушылар бірнеше жылдар бойы сақталады. Ботулизм актиномикоз, терең микоздар мен микотоникоз қоздырушылары үшін қалыпты өмір сүру (меншікті) орны болып табылады
Топырақтың санитарлық микробиологиялық жағдайы термофильді бактериялардың және фекальды ластану көрсеткіші бактерияларды салыстыру арқылы бағаланады. Нәжістік залалдануға душар болып, шамадан тыс бактерия саны көбейген топырақ санитарлы қолайсыз болып есептеледі. Топырақтың қаншалықты бұрынырақ залалданғанын бірнеше санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер арқылы анықталады, яғни E.colі және Стаф. және энтеробактерия болса ескілеу, ал кластидиум перфрингенс болса ескі залалдану болғаны. Анықтау, бағалау коли-титр топырақтың бір грамындағы сапрофитті термофильді және нейтрофицирлеуші бактериялардың саны анықталады. Клостридиум перфрингенс титр арқылы анықталады.
Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін – өзі тазарту процесстеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т.б элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия саны- 10 млрд. жасауға жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, құрғақшылық т.б факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.
Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.
Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына және т.б

байланысты.Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН- ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдылықта, 25-450 С температурада дамуға қабілетті.


Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter, Azomonas,Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді.Азоттұтқыш цианобактериялар түрлерін немесе көк- жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.
Топырақ- Bacillus және Clostridium туыстығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады.Патогенді емес бациллалар (Bac.megaterium. Bac. Subtilis және т.б. ), псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм,сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары ) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium botulinum).
Ішек бактериялары ( тұқ. Enterobacteriaceae)- ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллес, дизентерия (жерше) қоздырғыштары- нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, санитарлық- эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді (ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу тұсында).
Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады.Олар топырақ түзу процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.
Қарапайымдылар мөлшері 1 г топырақта 500-500000-ға дейін жетеді.Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет