Үйге тапсырма: §20-21; Біліміңді тексер.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
Күнслу МУСИНА,
№ 23 ОМЛ технология пәнінің
мұғалімі
Сабақтың мақсаты: торт және
тәтті тағамдардың түрлерін қайталап,
оларды Безендіру жолдарын үйре-
ту.
Білімділік: оқушыларға торттың
әшекейлеу әдістерімен таныстырып
үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың
ой-өрісін, есте сақтағыштығын дамы-
ту.
Тәрбиелік: оқушыларды эстети-
калық тұрғыдан тәрбиелеу, еңбек
сүйгіштікке
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың өткізу әдісі: қайталау,
түсіндіру, дәптермен жұмыс, сара-
мандық.
Пәнаралық байланыс: биоло-
гия.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,
буклеттер, кітап, Венн диаграмма-
сы,сөз жұмбақ.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Үй жұмысын қайталау арқылы тек-
серу.
1. Бисквитті қамырды қалай дай-
ындайды?
2. Бисквиттің түрлерін ата?
3. Қандай температурада пісіруге
болады?
4. Крем дегеніміз не?
5. Кремдердің түрлерін ата?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кондитерлік өнімдер – пісіргеннен
кейін дәмділік сапасын жақсарту
үшін, сыртқы түрін әдемі етіп көрсе-
ту үшін қосымша өңдеуді керек етеді.
Торттарды, пирожныйларды, пе-
ченньелерді, кекстарды кремдермен
әшекейлеуге болады.
Осы өнімдерді кремдермен әше-
кейлеу үшін қағаздан, тығыз матадан
жасалған кондитерлік қапшықшалар
ГҮЛ.
ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
МЕН МАҢЫЗЫ
Кенжегүл ТАҢАТАРОВА,
Сазды орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
1929-1931 ЖЫЛДАРДАҒЫ
ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ
Жанаргүл АЛЬЖАНОВА,
М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
сенділерін, партия, кеңес, комсомол
қызметкерлерін, сот орындаушыла-
рын өлтіру;
•
өзін - өзі қорғайтын қарулы от-
рядтар құру;
•
ашық көтеріліске шығу түрлері-
нде жасалды;
Орталықтары:
•
Семей округі халық наразылы-
ғының ірі ошағына айналды. 1930
жылдың ақпан айынан мамыр айы-
на дейін – Зырянов, Өскемен, Самар,
Шемонаиха, Қатонқарағай ауданда-
рын қамтыған күшті толқулар өтті.
•
Торғай шаруаларының Батпақ-
қара көтерілісі Қазақ өлкелік коми-
теті тарапынан “бандиттік – басма-
шы қозғалысының көрінісі” деп баға-
ланды.
•
Қарақұм ауданына Орталық,
Батыс, Оңтүстік Қазақстаннан көте-
рілісшілер ағылып жатты. Бұл
көтерілісті Орынбордағы 8 - дивизия
басып тастады.
•
Созақ ауданындағы көтеріліс та-
банды әрі шебер ұйымдастырылуы-
мен ерекшеленді. Көтерілісшілер
аудан орталығын басып алып, аудан
басшыларын өлтірді.
Нәтижесі
•
Ұжымдастыру жылдары респуб-
лика аумағында 372 жаппай толқу-
лар мен көтерілістер орын алды.
•
Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт
азаттық қозғалысын басып жаныш-
тау үшін далаға жазалау экспедици-
ясын жіберген патша өкіметінің
тәжірибесін қайталады.
•
Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл,
Табын аудандарының шаруалары
Қазақстан жерін тастап, Түрікмен-
стан, Қарақалпақстан аумағына, ал
бір бөлігі Иран мен Ауғанстанға көшіп
кетуге мәжбүр болды.
•
Алматы округінің көптеген
аудандарының бүлік шығарған ауыл-
дары Қытай жеріне ауып кетті.
•
1931 жылы көктемде Қарқара-
лы округінің Абыралы, Шыңғыстау
және Шұбартау аудандарында
көтеріліс жасаған шаруалар түгелге
дерлік қырып тасталды.
•
Компартия 1932 жылы қыркүй-
екте Қазақстанның ауылшаруашы-
лығы жөнінде қаулы қабылдады.
•
Жасанды жолмен құрылған
ұжымшарлар таратылып, халыққа
күштеп қоғамдастырылған мал -
мүлкі қайтарылды.
•
1935 жылы ақпанда екпінді ұжым-
шар мүшелерінің съезі болып, ауыл-
шаруашылығы артелінің жаңа үлгі
Жарғысы қабылданды.
31 мамыр 2012 жыл, Астана
қаласы.
ҚР президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың «1931 - 1933
жылдардағы ашаршылық
құрбандарына ескерткіш»
монументінің ашылу рәсімінде
сөйлеген сөзінен :
«Бұл - біріншіден, ашаршы-
лықта құрбан болған миллион-
дардың рухына бүгінгі буыннан
тағзым.
Екіншіден, келер ұрпақ ата -
бабаларының қандай қасірет-
терді бастан өткергенін біліп
жүруіне қажет тағзым.»
ІV. Бекіту.
1-топ. Тарихи сынақхат 2-топ.
«Жылдар сөйлейді» 3-топ.“Дұрыс
және бұрыс”4-топ. Сындарлы ойлау
(пікірталас)
Шаруалар көтерілістерінің зияны-
нан пайдасы көп. Шаруалар көтеріл-
істерінің пайдасынан зияны көп
V.Бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: §18. Оқу.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
ТОРТ ЖӘНЕ ТӘТТІ ҰН
ТАҒАМДАРДЫ ӘШЕКЕЙЛЕУ
немесе кондитерлік шприцтерді қол-
дануға болады.
Осы құралдармен торттардың не-
месе т.б. тағамдардың бетін
оюлауға, жазуға, әр түрлі гүлдер жа-
сап креммен әшекейлейміз.
Тіпті торттардың бетіне адамдар-
дың суретін салып береді.
-Ал енді тақтадағы плакаттарға
қараңдар, салынған суреттермен
жұмыс
жасаймыз. (плакатты
түсіндіру)
1. Қағаздан жасалған қапшықша-
лар.
1.Үшбұрышты қағаз.
2,3. Үшбұрышты қағазды ішіне
қарата қапшықша ретінде орау
тәсілі.
4. Дайын қапшықша.
5. Крем салынған қапшықша.
6. Қапшықшаның төменгі жағы ке-
сілген.
7. Қапшықшаның төменгі жағы бір
жанынан қисық кесілген.
8. Қапшықшаның төменгі жағы екі
жанынан да кесілген.
2. Тығыз матадан жасалған қап-
шықшалар.
3. Кондитерлік түтікшелер.
а) түтікшенің төменгі жағы дөңге-
лек түрлі.
ә) тісті түтікше.
б) раушан гүлін жасау үшін орна-
лған түтікше.
в) Гүлдер жасау үшін орналған
түтікше.
г) торттың бетін әшекейлеу үшін
орналған тісті түтікше.
IV. Сарамандық жұмыс.
-Енді бір бет қағаздан алыңдар,
қағаздан жасалған қапшықшаны жа-
сап көрейік.
-Үйден пісіріп әкелген бисквит пен
кремдеріңді шығарыңдар. Қай топ не
әкелгендерінді тексеріп шығайын.
-Біртіндеп техникалық қауіпсіздік
ережесін, санитарлық-гигиеналық та-
лаптар туралы айтып беріңдерші.
-Бисквит, кекс, тотрттарыңды
әшекейлеуге кірісіңдер. (оқушылар
жұмыс істеп жатады)
IV. Сабақты бекіту.
-Бүгінгі сабағымызға байланысты
«Венн диаграммасын» қолданайық.
Көріп тұрғандай тортт пен кекстің ай-
ырмашылығын, ерекшелігін жазып
шығасыңдар. (оқушылар біртіндеп
шығып, жазып жатады)
-Енді қысқа «сөэжұмбақты» ше-
шеміз.
1. Бисквитті қамырдың негізі.
2.Кремге қандай парашок ұнтағын
қосқанда, сұрғылт түс береді?
3. . . . тәтті десерттік тағам.
4. Торттыңбетін жазғанда қандай
құрамды қолданады?
VI. Қорытынды.
1. Бағалау. Қай топта торттары-
ның беті әдемі әшекейленген, сол то-
пқа «5» деген баға.
2. Мадақтау.
3. Үйге тапсырма : Бүгінгі тақыры-
бымыз бойынша «буклет» жасап ке-
ліңдер.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
МЕНШІК ИЕСІ:
«Ұстаз» оқу-әдістемелік
орталығы ЖШС
Бас редактордың міндетін атқарушы
Бектурган МАКЕШЕВ
Газет Қазақстан Республикасы-
ның Байланыс және ақпарат
министрлігінде 2013 жылғы
28 қазанда қайта тіркеліп,
№13951-Г куәлігі берілді.
Газет материалындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы
болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны
(суреттерін де) қайтармайды. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұ-
ны мен мәтініне жарнама беруші жауапты.
Басылым сапасы жөнінде баспаханадағы мына телефонға хабарласы-
ңыз: 56-21-54
Газет «А-Полиграфия» ЖШС
баспаханасында (Ақтөбе қаласы,
Т.Рысқұлов көшесі, 190 үй) басылды.
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
030000, Ақтөбе қаласы,
Маресьев көш., 95-28 (3-қабат)
Тел.: 56-23-31
E-mail: ustazgazeti@mail.ru
www.ustazgazeti.kz
Индекс 64595
Газет айына бір рет шығады
Таралымы 1000
Тапсырыс №153
Мақсаты: Абай шығармашылығындағы өнер
тақырыбын, өмір кезеңдерін оқыту, шығармала-
рын әңгімелеу, Абай шығармаларын оқыта оты-
рып оқушыны ізденімпаздыққа, ұлтын сүюге, пат-
риоттыққа баулу, оның жұмбақ жан екенін көрсе-
ту, ақынға деген сүйсіпеншілігін арттыру, мәде-
ниетті сөйлеу білуге үйрету.
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығар-
малары, нақыл сөздер, слайд.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе.
1-жүргізуші: »Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы,
ерінбе» деп Сұлтанмахмұт айтқандай, біз бүгінгі
кешімізді ақындық пен данышпандлықтың бар
асылын бір бойына жинақтаған рухани әкеміз
Абайға арнап отырмыз.
1-жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажон, құбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
1-жүргізуші:
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы
Ол - Абай, мәңгі жасар ақын адам.
1-жүргізуші: Абайсыз қазақты, қазақсыз Абай-
ды елестетудің өзі қиын, өйткені ол жалпақ жұртты
жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен
қазақ халқының кемеңгер ақын-шешені, кең тол-
Венера ИСМАГАМБЕТОВА,
№ 10 жалпы білім беретін орта мектебінің
кітапхана меңгерушісі
Мақсаты: Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолы-
мен, шығармаларымен таныстыру.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанр-
ларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл
сөздер, слайдтар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе
1 - жүргізуші: Желтоқсаннан бастау алған еге-
мен, Егеменді елде берік керегем. Қазақстан
бірлігімнің айғағы, Әлем білген басшысымен көре-
ген.
2 - жүргізуші:
Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.
1 - жүргізуші:
Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан - ынтымақтың айғағы.
2 - жүргізуші: «1 желтоқсан – Қазақстан Рес-
публикасының Тұңғыш Президенті күні» мемле-
кеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны
баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандық-
тарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет
етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда
Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел
боларына кәміл сенеміз.
1 - жүргізуші: Бұл – еліміздің жаңа тарихын-
дағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл
бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел¬тоқсанда бүкілха-
лықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемле-
кет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар
бойы халқымыздың асыл арманы болып келген
егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - баба-
ларымыздың тарихи аманаты орындалды. Біра-
уыздан Мемлекет басшысы болып сайланған
Тұңғыш Президент Нұр¬сұлтан Назарбаев Қазақ-
станды жарқын болашаққа батыл бастады.
Қазақ – аса бауырмал, жақыны десе жаны
бөлек халық. Өмір бар жерде өлім бар. Адам
баласының ең қымбаты өмір болса, өмірден
кету –ең ауыр сәт. Ақырғы сапар жолында адам
қиын да жауапты, абыройлы кезеңді басынан
кешпек.
Дүниенің бәрі фәни өткінші, адамның өмірі
қамшының сабындай қысқа өмірде келер
ұрпаққа үлгілі, халқына қалаулы бола білген
№10 жалпы білім беретін орта мектебінде ди-
ректордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары
Ғалида Абылайқызы Омархан 2015 жылдың
06 желтоқсан күні дүниеден озды. Ортамызда
құйрықты жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды.
Жүрегімізге жазылмас жара салған, көңілімізге
айықпас дерт қалдырған ауыр қазадан әлі
есімізді жия алар емеспіз.
Ізің бар жарқ күнде көксейтұғын,
Ісің бар бұл өмірде өшпейтұғын.
Мінезің ерен еді, бөлек еді,
Тыншымас ой-арманға жетпей тыным.
Ұстаз едің жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректерде түлеткен.
Сенің биік рухыңа бас иіп,
Еске аламыз сағынышты жүрекпен.
Ғалида Абылайқызы Омархан 1962 жылдың
сәуір айының 12-ші жұлдызында Ақтөбе облы-
сы Шалқар қаласы, Бегімбет селолық округін-
де дүниеге келген, Б.Сүлейменов атындағы
мектепті аяқтап, 1979-1984 жылдары Алматы
шетел тілдер педагогикалық институтының
француз тілі мұғалімі мамандығы бойынша және
1990-1993 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақт-
өбе педагогикалық институты, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын бітірген.
Ғұмырының қысқа болғанына қарамастан, ол
қолынан келген жақсылығын жасап, ел-жұрты-
ның ықыласына бөленген жан еді.
Еңбек жолы : 1985-1990 ж.ж. Айшуақ орта
мектебінде, 1990-1991ж.ж. №21 орта мектебі-
нде, 1991-1993ж.ж. №34 орта мектебінде, 1993-
1999 ж.ж. №36 мектепте француз тілі пәні
мұғалімі, 2000-2011 ж.ж. аралығында №36
қазақ орта мектебінде директорының әдісте-
ме ісі жөніндегі орынбасары қызметін, 2013-
2014 ж.ж. №51 мектеп гимназиясында дирек-
тордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары,
2014-2015 оқу жылдары №10 жалпы білім бе-
ретін орта мектебінде директордың әдістеме
ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1985-2015 ж.ж. 30 жыл еңбек еткен жылда-
ры Ғалида Абылайқызы білім беру саласын-
дағы нәтижеге бағытталған білім беруде ты-
нымсыз шығармашылық еңбек етіп, өскелең
ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық
іс-тәжірибені ізденіспен, шығармашылықпен
шебер көрсете білді.
Тектіден шыққан текті едің,
Ажалға қимас боздақсың.
Арқама батты, қайтесің
Өмірден ерте кеткенің.
Елге істеген жақсы ісің мен күлімдеген жылы
жүзің, сабырлы мінезің, жанға қуат берер де-
меуші сөзің-көзіңді көрген адамдардың есінде
сақталатыны рас.
Жаның – көкте, менен етті аспанды,
Сені іздеген көңілдерден жас тамды.
Сағыныш пен өкінішті астасқан
Ғалида апай, сенсіз күндер енді
басталды.
Ғалида Абылайқызы қай кезде де кәсіби дең-
гейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық
әулеті мол тұлға еді. Кең пейілділігімен, аза-
маттық және адамгершілік, кішіпейілділік асыл
қасиеттерімен әріптестері мен шәкірттерінің
арасында ерекше құрметке бөленген жан еді.
Жарқын бейнесін біз ұмытпаймыз, оның жақсы
істері жадымызда жаңғырып тұра береді.
Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,
Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдызы ең,
Әттең-ай! Ерте сөнді –ау от-ғұмырың.
Біз орны толмас қазаға шын жүректен
көңілімізді білдіріп, қайғысына ортақтасамыз.
Мағыналы ғұмыр кешіп, кейінгіге үлгі болған
Ғалида Абылайқызының жарқын бейнесі жа-
дымызда мәңгі сақталады.
Марқұмның жаны жаннатта, иманы жолда-
сы болсын!
№ 10 жалпы білім беретін орта мектеп
ұжымы
ҒАЛИДА
АБЫЛАЙҚЫЗЫ
ОМАРХАН
ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушы-
лар, 6 «А», 6«Б» кластарының «Елін сүйген, Елі
сүйген Елбасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге
қош келдіңіздер!
Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы:
1 - жүргізуші:. Атақты тұлғаның туған жерін
оның өсіп - өнгенін, әсіресе, қазақтар үшін генео-
логиялық діңгегін білу кез келген адамның қызы-
ғушылығын тудырады. Бұл, біріншіден, біздің Пре-
зидентімізге қатысты. Бұл көп жазылды, фильм-
дер көрсетілді. Әсіресе «Балалық шағымның ас-
паны» фильмі өте қызықты, жан жүйеңді толған-
дырады. Болашақ Президент Алматы облысы
Шамалған ауданы Үшқоңыр төбесіндегі киіз үйде
туған. Ата - анасының ұзақ күткен ұлы, тұңғыш
баласы отбасын, қуаныш пен үлкен қызыққа ке-
нелтті. Әйтеуір шаңырақта бала күлкісі мен кішкен-
тай қадамның дауысы естілді.
2 - жүргізуші: Нұрсұлтан үшін алғашқы мектеп
қоңырауы Шамалған ауылында соғылды. Бұл мек-
тепте әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері оқыды, сабақ
берді. Мүмкін осы жерде білімге деген құштар-
лық пен шыдамдылық, адамдарға деген ерекше
ашықтығы қалыптасқан болар.
Оныншы сыныпты Нұрсұлтан Қаскелеңде ал-
тын медальмен аяқтады.
1 - жүргізуші: Отбасындағы тұңғыш ұл, сон-
дықтан мойнында аса үлкен жауапкершілік. Ата-
анасына көмектесіп, уақытша өз арман - мұра-
тын ұмытуға тура келді. Сондықтан «Ленинская
смена» газетінде Бүкілодақтық комсомол құры-
лысы – металлургиялық комбинаттың жастарды
шақыруы туралы оқып, Нұрсұлтан металлург ма-
мандығын алу үшін сонда баруды шешті. Ата -
анасы бұл шешімге қарсы болмады, оны қолда-
ды. Алда Днепродзержинскіде болат қорытушы
мамандығына оқу, кейін Теміртауда жаңадан
салынған металлургиялық комбинатта маман-
дығы бойынша жұмыс істеу күтіп тұрды. Бұл қала
мен комбинат кісілері шынымен болашақ ел пре-
зидентінің өміріне зор әсерін тигізгені анық.
1 - жүргізуші: «Атамекен» әні.
2 - жүргізуші: Н. Назарбаевтың бастамасы-
мен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік - тарихи
маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың
күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат
баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген
Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459
ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге
тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың
қауіпсіздігін ту еткен Н. Назарбаев Америка
Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның
билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер
жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға
1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат
келісім еді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ
елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында
тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тар-
тқан мемлекет пайда болды.
1-жүргізуші: Елбасына арнау «Нұрсұлтан
Назарбаев»
2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі –
халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайла-
ды. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді.
«Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық
нақылы.
Хормен: Халық үшін Елбасы,
Әскер үшін қолбасы.
Тар жол тайғақ кешуде
Нұр ағаны
Туған жұрты қолдасын,
Ән «Қазақ елі осындай»
Қорытынды: Н. Назарбаев – өзінің ерен еңбегі-
мен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті
іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәти-
желерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек
және
бақытты
саясатшы.
Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер,
бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт
көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһан-
дық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есім-
дері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқ-
ты орнын алады деп бүгінгі ашық тәрбие сабағы-
мызды жабық деп жариялаймыз. Сөз мектеп дирек-
торының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ельбае-
ва Назия Танатаровнаға беріледі
1 - жүргізуші: - Осылай еліміздің көк аспанын-
да әрқашан күн сөнбей, күн нұры елімізге тарай
берсін. Ендеше еліміздің ертеңін сөз ете оты-
рып, еліміздің ертеңі кейінгі ұрпақ екенін ұпытпа-
ғанымыз жөн. Сондықтан еліміздің асқақтауына
бүгіннен бастап үлесімізді қосып, өз атымызды
тарих беттерінде қлдыруға шақырамын! Осымен
кешімізді аяқтаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандары-
ңызға рахмет!
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
ғар дана көсемі. Оның шалқар дария шабыты-
нан туған таңғажайып шығармалары - жан азы-
ғының кәусар бұлағы сөнбес шырағы. Уақыт өтсе
де ақынның терең мәнді туындылары бағдар
тұтар темірқазығымыздай тың биіктерге шақы-
рады да тұрады.
Слайд «Абай Құнанбаев». Ән «Желсіз түнде
жарық ай».
2-жүргізуші: Қазақ халқының тұтас бір
дәуірінің, ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен
әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгер
Абай Құнанбайұлы - өз ұлтының реалистік - гу-
манистік және әдебиетінің негізін қалаушы. Ол -
қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық дең-
гейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін
дәл бейнелеп, дұрыс қорытынлы шығара білген
прогресшіл ақын. Абай халық болашағы үшін жан
аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді.
Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге
тамаша гуманист әдеби еңбектері арқылы жетті.
Ол қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан
түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ
елінің шын сырын ашты.
1-жүргізуші: Абай біртуар ұлы ақын ғана емес,
кемел ойлы ғалым, кенен дарынды жазушы, терең
білімді тарихшы, әуез әлемін жаңғыртқан сазгер,
құқық қағидасын қалыптастарғын заңгер, халық
қамын ойлаған қайраткер, яғни сегіз қырлы, бір
сырлы бітімі бөлек тұлға. Ол қамтымаған сала
жоқ сияқты. Поэзия, өнер, философия, тарих,
музыка, этика, эстетика, педагогика, дін, тағ ба-
сқа салалар.
2-жүргізуші: Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық
тартыстың құралы деп таныды. Абай әуелі
өлеңнің не екендігіне анықтама берді:
Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы.
1 - оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескер-
медім».
2 - оқушы: «Мен боламын демеңдер».
3 - оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге».
4 - оқушы: «Сенбе жұртқа тұрса да сені қанша
мақтап».
5 - оқушы: «Ғылым таппай мақтанба».
6- оқушы: «Өлең – сөздің патшасы , сөз сара-
сы».
1-жүргізуші: »Жүрегімнің түбіне терең бойла,»
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпасыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» деп
ақын өз жүрегінің қатпар-қатпар құпия сырлары-
на өзгені бойлатқысы келеді. «Қиянатшыл дүни-
еден қырық жамау болған» жүрегінің түбіне терең
бойлағанды қалайды. Абай өзі өмір сүрген ғасыр
үшін жұмбақ болды. Біз Абайды қазір жұмбақ
жан ретінде емес, қазақ әдебиетінің шамшырағы
ретінде қабылдаймыз.
Көрініс «Абай мен әкесіің айтысы».
2-жүргізуші: Ұлы ақын туған халқын шексіз
сүйді, міней отырып болашағы үшін күресті. Жүрегі
«Қазағым, халқым» деп соқты. Абай - адамдық-
тың алтын бағасын берген адам. Ар - ұятты қас-
терлеу, талап пен жігер - адам бойындағы үлкен
қасиет. Мұндай ұнамды қасиеттерден адам бо-
лғандарын Абай сынының қырына ілінгендері
қаншама!...
Сыйынарым, сыйларым, пірім - Абай,
Сіз сыймайсыз ақынның жырына оңай!
Жырлар едім қорқамын, сөздерімнің
Қала ма деп дариға, бірі ұнамай
Зердемде «мыңмен жалғыз алысқаның»,
Даланың дара туған даннышпаны!
Сарайыңның кеңдігі-ай сахарадай
Жүрегіңнен «Қаламқас» әні ұшқаны.
Ән «Көзімнің қарасы».
«Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты кітап
көрмесіне шолу.
1-жүргізуші: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға» бермек үшін
Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан - сауық ойда жоқ әуел баста-ақ!
Қорытынды сөз: «Ғалымның хаты, жақсының
аты өшпейді» демекші, Абайдың кейінгі жаста-
рға айтқан өсиет сөздерінің тәрбиелік мәні зор-
.Оның қандай өлеңдерін алсақ та, жастарды
өнегелі болуға, білімге, атаның баласы болмай,
адамның баласы болуға шақырады.
«Пайда ойлама,
ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге», - деп, әрдайым Абай-
дың әрбір сөзінен өнеге алып, білімді, тәрбиелі
болып, жарқын болашаққа ұмтылайық.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
АБАЙ – ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА
Бибигул КУЛЬМУРАТОВА,
М. Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің кітапхана меңгерушісі