Құтты мереке Қазақстан мұсылмандары



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#9826
  1   2   3

Құрбан айт

 



құтты мереке

Қазақстан мұсылмандары 

діни басқармасының төрағасы, бас мүфти

ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ


ББК 86.38

Д 33

Дербісәлі әбсаттар қажы

Д 33   Құрбан айт - құнды мереке, - Алматы: 

           Көкжиек-Б» баспасы, 2008. - 36 бет

ISBN  9965-809-43-7

Бұл  шағын  кітапша  халыққа  құрбан  айт  туралы  және 

Аллаһ  разылығы  үшін  құрбан  шалудың  маңыздылығын 

үйретуге негізделген.

Құрбан  айт  жайлы  кең  мәліметтерді  қамтитын  кітапша 

қалың жұртшылыққа арналған.

ББК 86.38

ISBN  9965-809-43-7

© «Көкжиек» баспасы, 2008

ҚАзАҚСТАн мұСЫЛмАнДАРЫ 

ДІни БАСҚАРмАСЫнЫң САРАпТАу 

КомиССияСЫ мАҚұЛДАғАн

2


Қ

ұрбан  –  араб  тілінде  «жақын-

дау»  дегенді  білдіреді,  яғни 

жасаған  сауап  істер  арқылы  жүректі 

тазартып,  Аллаһқа  жақындай  түсу. 

Ал  шариғаттағы  терминдік  мағынасы 

–  «шарттарымен  санаса  отырып 

құлшылық  ниетімен  мал  бауыздау» 

дегенге  саяды.  Құрбан  айт  күндері 

(алғашқы  үш  күні)  шалынатын  мал 

«ұдһия» деп аталады.

Құрбандық 

шалудың 

мәнісінің 

кеңдігін  ұғыну  үшін  діннің  не  екенін, 

құлшылықтың  не  үшін  жасалатынын 

жақсы  білген  жөн.  Мына  кең-байтақ 

ғаламды  жаратқан  құдіретті  Ие  жер 

бетіндегі  саналы  пенделерін  бекерге 

жаратпаған.  Олардың  қоғам  құрып, 

дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп 

дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда 



«Мен жындар мен адамдарды (Мені 

танып),  маған  ғана  құлшылық  жасс

ББК 86.38

Д 33

Дербісәлі әбсаттар қажы

Д 33   Құрбан айт - құнды мереке, - Алматы: 

           Көкжиек-Б» баспасы, 2008. - 36 бет

ISBN  9965-809-43-7

Бұл  шағын  кітапша  халыққа  құрбан  айт  туралы  және 

Аллаһ  разылығы  үшін  құрбан  шалудың  маңыздылығын 

үйретуге негізделген.

Құрбан  айт  жайлы  кең  мәліметтерді  қамтитын  кітапша 

қалың жұртшылыққа арналған.

ББК 86.38

ISBN  9965-809-43-7

© «Көкжиек» баспасы, 2008

ҚұрбандыҚ шалу

«Сен де 

Раббың үшін 

намаз оқы 

және құрбан 

шал!» 

(Кәусар сүресі)

3


сасын деп жараттым» (Зариат сүресі, 56-аят) деп білдір--

ген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің 

жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. 

Құрбандық  шалу  тек  мал  бауыздаумен  ғана  шектел--

мейді.  Онда  адамның  ішкі  ниеті,  шын  пейілі,  дінге  бекем--

дігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. 

Сондай-ақ  пенденің  пендешілігі  мен  мәрттігі,  сараңдығы 

мен жомарттығы да сыналады. 

Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. 

Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не 

болса ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені «Көршісі аш 

кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес», «Өзіңе тілеген 

жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман 

бола  алмайсың»,  «Мұсылмандар  бір  дене  тәрізді,  бір 

жері  ауырса,  басқа  мүшелірінің  де  мазасы  кетіп,  ұйқысы 

қашады» деген Пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)

 хадистері 

күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, 

қамқорлық  жасауға,  қиналғандарға  көмектесуге,  жағдайы 

нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады. 

Құрбан  айт  –  мұсылмандардың  ұлық  мерекесі.  Ол  күні 

Аллаһ разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жа--

рылатын  күн.  Қажылық  өтеушілер  Қағбаға  жүзін  қаратып, 

Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман бала--

сы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Аллаһ жолын--

да құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға 

шақырады.  

Құрбандық шалудың үкімі

Қ

адірі асқан құр бан айтта құрбандыққа мал ша лу – Ха-

на фи мәз һа бын да (ша ма сы жет кен дер ге ғана) уә жіп.

 

уә жіп ті гі нің аят-хадистердегі дә лел де рі төмендегідей: 

Аллаһ та ға ланың Құ ран  Кә рім де: «На маз оқы жә не құрс



бан шал»



 – деп бұйыруы құр бан ша лу дың уә жіп ті гін біл ді-



ре ді.

Пай ғам ба ры мыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)

  «Кім де-кім  мүм кін ші лі гі 



бо ла тұ ра құр бан шал ма са, біз дің на маз оқи тын же рі міз-



  Кәусар, 108/3.



4

ге жа қын да ма сын!»

2

 – деп бұйыр ған. Әри не, бұн дай қа таң 



ес кер ту,  кем  де ген де,  құр бан  ша лу дың  уә жіп ті гін  біл дір се 

ке рек.


Пай ғам ба ры мыз дың 

(саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)

  «Құр бан  ша лың дар! 

Өйтке ні ол Иб ра һим бабаларыңның сүн не ті», – деуі құр-

бан  ша лу дың  уә жіп ті гі не  қайшы  емес.  Өйтке ні  хадисте 

айтылған «сүн нет» – жо л де ген ма ғы на ны біл ді ре ді. Яғ ни, 

біз ге уә жіп ретінде міндеттелген құр бан ша лу – Иб ра һим нің 

(а.с.) жал ға са кел ген жо лы де ген ма ғы на ны мең зейді.

Cондай-ақ,  құрбандық  шалуға  байланысты  мынан--

дай  аяттарды  келтіруге  болады:  «әрі  барша  адамдарсс

ды  қажылыққа  шақыр,  олар  жаяу  немесе  ұзақ  жерсс

ден арыпсашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар 

мұның  өздеріне  тигізген  түрлі  пайдаларын  көрсін. 

алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық 

малдарды  белгілі  күндерде  алланың  атын  айтып, 

құрбандық  шалсын.  Оның  етінен  өздерің  де  жеңдер, 

жоқсжітікке де жегізіңдер!» (Хаж сүресі, 27-28).

Құрбандық шалу кімдерге уәжіп?

Т

өмендегідей төрт шартқа ие жандарға құр бан ша лу 

уә жіп: 

1.  Мұ сыл ман бо луы;

2.  Ақылды және балиғат жасына толуы;

3.  Құр бан айт уақы тын да жо лаушы бол мауы;

4.  Не гіз гі қа жет тер ден тыс ни сап мөл ше рін де гі қар жы ға 

ие бо луы; 

Ни сап мөл ше рі – 85 грамм ал тын яки соның құ ны на тең 

ке ле тін ақ ша. Зе кет ғи ба да ты сияқ ты құр бан ның уә жіп бо-

луы үшін ни сап мөл ше рі не жет кен мал ға бір жыл то лу шарт 

емес. Құр бан шал ған уа қыт та мін дет ті түр де ниет ету ке рек. 

Өйтке ні, мал ды ғи ба дат үшін сояты ны секілді, тек қа на еті 

үшін де союға бо ла ды.

3

 Мұндай байлық мөлшері қолында 



жоқ  адамдарға  құрбандық  шалу  міндет  болмағанмен 

жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат.

2

  Ибн Мажә, Әдахи 2; Мүсиәд, 2/321



3

  М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, «Нұр-Мүбәрәк» 

баспасы, Алматы, 2008, 397-б.

5


Қ

ұран Кәрімде өзара таласқан Абыл мен Қабылдың



 

кімнің  ақтығын  анықтау  үшін  құрбандық  мал 



шалғандары,  соңында  Абылдың  құрбандығының  қабыл 

болғандығы  айтылады

5

.    Осы  оқиғадан  бастау  алған 



құрбандық шалу Аллаһқа ғибадат ретінде Жаратқанның ел--

шілері  арқылы  арқылы  жүздеген  жылдар  бойы  жалғасып, 

Ибраһим  (а.с.)  мен  Исмаилдың  (а.с.)  дәуіріне  дейін  келіп 

жетті. 


Ибраһим мен баласы Исмайлдың  

құрбандық оқиғасы

Ибраһим  (а.с.)  пайғамбар  өзінен  кейін  халықты  тура 

жолға  бастайтын  ізгі  ұрпақ  сұрап,  көп  жыл  бойы  Аллаһ 

Тағалаға  жалбарынған-ды.  Бұл  тілегі  әбден  қартайып, 

ұрпақ сүюден үміті үзілген қарттық шағында қабыл болмасы 

бар ма?! Зарыға күткен перзенті сондай тәтті, қылықтары 

да тым сүйкімді. Өзіне қолғабыс етуге жарап, қуанышы мен 

көзайымына айналған кез еді.

Күндердің бірінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын 

құрбандыққа шалғалы жатқандығын көрді.

Өз  бауыр  етің  балаңды  өз  қолыңмен  өлімге  қайтіп 

қиярсың?!  Мына  түстің  мұншалықты  мысымды  басқаны 

несі?!  Белгінің  Жаратушыдан  келгеніне  көз  жеткізген 

Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденді. Не 

4

  Адам атаның  (а.с.) екі ұлы



5

  Мәида, 5/27



ҚұРбанДыҚ шалуДың

 

қысқаша тарихы және айт ретінде 

бекітілуі

6


де болса нар тәуекел! Аллаһтың берген жаны Аллаһқа ама--

нат.  


Баласына мейірлене көз тастады. Көңілі толқып, жүрегі 

елжіреп  қоя  берді.  Әттең-ай,  бала  деген  мұншалықты 

ыстық  болар  ма?!  Жоқ!  Шайтанның  азғыруына  көнбеген 

жөн. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы 

тиіс.  Көңілін  көптен  қобалжытқан  жайды  баласына  ретін 

тауып  айтпақшы  болып  оқталғаны  сол  еді,  тұтығып,  тілі 

күрмеле берді. Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «Балам, 

түсімде Аллаһтың әмірімен сені құрбандық шалуға ниетте--

ніп, бауыздайын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?»- дейді. 

Баласы  әкесінің  ойын  түсінді.  Жүзіне  тесіле  қараған  күйі: 

«Әкетай, еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса 

да  орында.  Мен  де  сабырлылық,  шыдамдылық  танытар--

мын. Тәуекел ет»,- деді қасқая. 

Әке  мен  бала  бұйрықтың  басқадан  емес,  Ұлы  Жарату--

шыдан келгенін жете ұғына білді. Сол үшін де қыңқ  деме--

стен, кессең мойным міне деп пышаққа түсті. Әттең, қанша 

қайралса да пышақ өтпей қор қылды. Сонда да жалтарма--

ды. Аллаһтың әміріне толықтай мойынсұнды. Соңында сын-

сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Аллаһтың өзі аян білдірді:

«Әй,  Ибраһим!  Сен  көрген  түсіңе  адалдық  таныттың. 

Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ре--

тінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды 

осылайша  марапаттаймыз!»  Иә,  Аллаһ  Тағала  сынағаны 

болмаса  Исмайылды  құрбандыққа  шалуды  қаламады. 

Ол  тек  Ибраһим  пайғамбардың  өзіне  адалдығына,  әмірін 

қалтқысыз  орындауына  тәнті  болуды  қалады.  Нағыз 

тәуекел  ете  білудің  үлгісін  паш  етті.  Әйтпесе,  Аллаһ 

Тағалаға  сойған  малдардың  еті  мен  жүні  де  қажет  емес 

екені  белгілі.  Аллаһ  Тағалаға  құлының  ақ-адал  ниеті  мен 

кең пейілі-ақ жеткілікті. Иә, солай. Қартайып көрген қызығы, 



«Құр бан ша лың дар! 

Өйтке ні ол Иб ра һим 

бабаларыңның сүн не ті»

7


жалғыз  тұяғы,  асылдың  сынығы,  құлдығы  Исмайыл  үшін 

Ибраһим (а.с) нені де болса құрбан етуге бар еді. Өйткені, 

оны өте қатты жақсы көретін. Ал Аллаһқа деген махаббат 

балаға деген махаббаттан әлдеқайда басым болуы керек 

еді. Аллаһ соны ұқтырды. Аллаһ жолында, Аллаһтың үкімін 

орындауда  басқа  дүниелік  ештеңенің  оның  орнын  баса 

алмайтындығын көрсетті. Бұл сынақтардың ең ауыры еді. 

Бірақ ең мағыналысы да.

6

 

Ибраһим  пайғамбардың  кезінде    құрбан  шалу 



қажылықтың  бір  шарты  ретінде  сүннетке  айналып,  соңғы 

елші хазірет Мұхаммедке де 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)

 жетті. Осы кез--

ден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, 

бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлшылықтың түріне 

айналды. 

Мекке кезеңінде түскен «Кәусар» сүресінде «расында біз 



саған Кәусарды бердік. ендеше, сен де (осы жақсылыққа 

шүкіршілік ретінде)

 раббың үшін намаз оқы және құрбан 

шал»

7

 деген бұйрық бар. Осы бойынша дұха (сәске) нама--



зын



 оқу және құрбан шалу әуелі Пайғамбарымыздың 



(саллаллаһу 

аләйһи уәсәлләм)

 жеке өзіне парыз етілген болатын

9

.  



Хазірет Ибраһимнен (а.с.) бері келе жатқан қажылықта 

орындалатын  құрбан  (һәди)  шалу  Аллаһ  елшісі 

(саллаллаһу  аләйһи 

уәсәлләм) 

Мәдинаға  қоныс  аударғаннан  кейін,  хижраның  екінші 

жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да (удхия құрбаны) 

міндеттелді

10

.  Осы  күндері  айт  намазын  оқу  және  құрбан 



шалу уәжіп ретінде бекітілді.

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)

 Мәдинаға қоныс аударып 

келгенде,  жергілікті  халықтың  бұрыннан  келе  жатқан  екі 

мерекесі бар еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол мерекелердің 

мәнін білуге құмартты. Олар бұрынғы жәһилия кезінен бері 

осы  күндеріде  мерекелеп,  көңіл  көтеретіндіктерін  айтты. 

Сонда Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)

«Аллаһ тағала осы 

6

  «Құрбан айт» кітапшасы, 2007ж. 



7

  Кәусар, 108/1-1-2

8

  Күн найза бойы көтереліп тас төбеге жеткенге дейінгі кезеңде 



оқылатын нәпіл намаз

9

  Зейлаи, Насбур-раиә, 4/206



10

  Әбу Дауд, Адахи 1; Нәсәи, Дахаиа 2; Муата, Тахара 113

8


екі мерекенің орнына одан да артық екі мейрам сыйлады, 

олар:  құрбан  айт  пен  ораза  айты»



,–  деп  ендігі  жерде 



мұсылмандардың мерекесі осы екі күн екендігін ұқтырды.    

Кезінде  Ибраһим  (а.с.)  пайғамбар  сүйікті  ұлы  құрбан-

дықтан  аман  қалғанда  қуанып,  осы  күні  мерекелеп,  өзіне 

түсірілген  қошқарды  құрбандыққа  шалғандығын  жоғарыда 

атап  өттік.  Ал,  адамзаттың  ардақтысы  Мұхаммедке 

(саллаллаһу 

аләйһи уәсәлләм)

 еркек кіндіктінің орнына «Кәусар»

12

 берілгендігі әрі 



сол үшін шүкір ретінде намаз оқып, құрбандық шалу арқылы 

осы  күнді  атап  өту  керектігі  аят  арқылы  білдірілген.  Яғни, 

Ибраһим  пайғамбарға  өзінен  тарайтын  екі  ұрпақ  беріл--

се

13



, Аллаһ елшісіне 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)

 иман жолы арқылы шы--

найы ұрпағы, яғни үмбеті сый ретінде берілді. Кәусардың 

мағынасы  «үмбеттің  көптігі»  дегенге  саятындықтан,  бұл 

жоғарыда айтылған сөзге нақты дәлел бола алады. Ұрпағын 

жалғастыратын  Пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)

  өз 

ұлдары шетінеп кете бергенімен, миллиардтаған үмбетінің 



өзі оған шынайы ұрпақ болды

14





  Әбу Дауд, Салат 239,245; Нәсәи, Ыйдәйн 1; Ахмад ибн Ханбал

Муснәд, 3/103

12

  Кәусар - араб тілінде «көп, мол» дегенді білдіреді. Осыған байла--



нысты кейбір тәпсір ғалымдары аяттағы «кәусар» сөзін мұсылман 

үмметінің көптігі деп түсіндірсе, кейбір ғалымдар жұмақтағы 

«кәусар» атты өзен деп тәпсірлеген.

13

  Ысқақ пен Исмайыл



14

  М. Хуб, Хер йөнииле құрбан, Измир, 2006, 32-33-б.

9


а) Аллаһ Та ға ла ның әмір ле рін қалтқысыз орын дау пен--

дені  Жаратушының  ри за шы лы ғы на  бөлеп,  ақы рет те  сый-

сыяпа тқа ке нел те ді. Құр бан ша лу да - Аллаһ Та ға ла ның ар-

найы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықы ласпен 

атқарушы Раб бы сы ның ри за шы лы ғы н алып, ақыретте жү зі  

жар қын бо лады, мол сауап иеленеді. Пай ғам ба ры мыз ха ди-

сін де  бұл  ақи қат ты  бы лай  деп  тү сін ді ре ді:  «Адам  ба ла сы 

құр бан  айт  кү ні  (құр бан  ша лып)  қан  ағы зу дан  да  сүйік ті 

бас қа іс пен Аллаһ Та ға ла ға жа қын да ған емес. Қа ны ағы зыл-

ған мал қия мет кү ні мүйіз де рі, тұяқ та ры жә не жүн де рі мен 

ке ле ді. Ағы зыл ған қан жер ге там бай жа тып, Аллаһ Та ға ла-

ның құ зы рын да үл кен ма қам ға же те ді. Сон дық тан құр бан-

да рың ды кө ңіл ри за шы лы ғы мен ша лың дар»

15

.

Пай ғам ба ры мыз 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)

 бас қа ха дис те рін де Аллаһ 

ри за шы лы ғы  үшін  ша лын ған  құр бан ның  әр бір  қыл шығы 

үшін сауап бар еке нін бы лай деп сүйін ші ле ген: «Са ха ба лар 

Ра су лі міз ге 

(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)



:

– Уа, Аллаһ тың Ел ші сі, құр бан дық де ген не? – деп сұ рақ 



қойды.

– Құр бан дық – сен дер дің Иб ра һим (а.с.) ба ба ла рың ның 



сүн не ті, – де ді.

– Одан біз ге қан дай сауап бар?

– Әр бір тал қыл шы ғы үшін сауап ала сың дар.

– Қой дың жү ні нен ше?

 Қой дың жү ні нің әр бір тал қыл шы ғы на да сауап жа зы-

ла ды»

16

.

15

   Тирмизи, Адахи,1.



16

   Ибну Мажә, Сәуәбул-адахи, 3118.

ҚұрбандыҚ 

шалудың пайдалары 

мен хикметтері

10


Аллаһ  разылығы  үшін  риясыз  көңілмен  сойылған 

құрбандық мал ақыретте қылдай жіңішке, қылыштай өткір 

Қылкөпірден өтерде иесіне көп көмектеседі. Пайғамбарымыз 

бұл  жайында  өз  хадисінде  былай  дейді:  «Құрбандыққа 

малдың  ең  жақсысын,  көзге  жұғымдысын  таңдаңдар, 

өйткені ол – Қылкөпірден өтердегі өз көліктерің». 

Шын ды ғын да, Аллаһ Та ға ла біз дің шал ған құр бан да ры-

мыз дың ағы зыл ған қа ны на не ме се еті не мұқ таж емес. Біз-

дің шал ған құр бан да ры мыз дың еті не ме се қа ны Аллаһ Та ға-

ла ның құ зы ры на жет пейді. Бі рақ біз дің оның әмі рін ләб байк 

деп  құлдық  ұрып  орын дауы мыз да ғы  ықы ла с-ниеті міз дің 

Аллаһ Та ға ла ға же тіп, ри за шы лы ғы на се беп бо ла ры сөз сіз. 

Бұл шын дық ты Құ ран Кә рім бы лай деп баян дайды: 

«олар-

дың (құр бан мал да ры ның) ет те рі де, қан да ры да Аллаһ 

Та ға ла ға  жет пейді.  Бі рақ  оған  сен дер дің  та қуа лық та-

рың ға на же те ді».

ә)  Құр бан  ша лу  –  Иб ра һим  пай ғам ба ры мыз дан  (а.с.) 

жал ға сып  ке ле  жат қан  сүн нет.  Иә,  Иб ра һим  пай ғам ба ры-

мыз (а.с.) Аллаһ Та ға ла ға әміріне мойынсұнып, бауыр еті 

ба ла сы  Ис майылды  Ұлы  Жа ра ту шы сы ның  жо лын да  пи да 

ете ала тын ды ғын паш ету арқылы, қиын сыннан өт кен еді. 

Мі не, құр бан ша лу сол бір ғиб рат ты оқи ға ның ұмы тыл мас 

кө рі ні сі.

б) Адам ба ла сы құр бан айтта құр бан ша лу ар қы лы Ұлы 

Жа ра ту шы сы ның  өзі не  бер ген  сан сыз  нығ мет те рі нің  шү кі-

рін өтеп, кү нә ла ры на ке ші рім ті лейді.

в)  Табиғатында  өзім шілдік,  са раң дық,  дүние-қоңыздық 

секілді жағымсыз қасиеттері бар адам нәпсісі құр бан айтта 

тек қа на Аллаһ Та ға ла ның ри за шы лы ғын ойлайды. Бір ма--

лын қиып, ке дей және мұқтаж бауыр ла ры на жәр дем бе ру 

ар қы лы жаман қылықтарын бауыр мал дық, жо марттық, кі ші-

пейілдік секілді жақсы қасиеттермен алмастырады. 

г) Дү ние жү зін де жы л сайын мил лион да ған мал сойылып 

жатады.  Бі рақ  сол  сойыл ған  мал дың  ет те рі  ке дей-кеп-

шіктердің бәріне жете бермейді. Мі не, құр бан айтта осы ке-

дей, жағ дайы на шар адам дар дың жағдайы ойластырылады. 

Ең  болмаса  бір  тойындырып,  олардың  жү зі не  шаттық 




сыйлайды.  Әр  күні  кіжінумен  өткен  көңілі  сынық  кедей 

байғұсқа  мұсылмандық  жанашырлық  танытып,  қол  ұшын 

беру қандай ғанибет! Аллаһ Та ға ла ақы рет те бә рі міз дің жү-

зі міз ді жар қын қы лып, кө ңі лі міз ді шат тан дыр сын! Әмин!

17

ҚұрбандыҚ шалу



– берекетке себеп

Аллаһ тағала былай дейді:



 

«әрі  барша  адамдарсс

ды  қажылыққа  шақыр,  олар  жаяу  немесе  ұзақ  жерсс

ден арыпсашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар 

мұның өздеріне тигізген пайдаларын көрсін. алладан 

өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды 

белгілі  күндерде  алланың  атын  айтып,  құрбандық 

шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқсжітікке 

де жегізіңдер!» (Хаж сүресі, 27-28).

Байқасақ,  аятта  құрбандыққа  шалынатын  малдың 

Аллаһтан  берілген  несібе  екендігі  айтылуда.  Айт  күндері 

құрбан шалу – ғибадат. Ал құрбандық шалудағы ең маңызды 

жайт оны – Аллаһқа арнап сою. Ниеттің адалдығы жай ғана 

істің өзін ғибадатқа айналдырады. Құрбандыққа шалынған 

мал  –  Жаратушының  берген  рызығы  болғандықтан  етін 

сол  жанұя  мүшелерімен  қоса  кедей-кепшіктер  де  жейді. 

Күнделікті  өмірде  жағдайы  тым  нашар  адамдардың  бар 

екенін ұмытпаған жөн. Аштықтан өліп жатқандардың жай-

күйін  күнделікті,  газет-журналдардан,  бұқаралық  ақпарат 

көздерінен де байқасаңыз болады. Бір күндік өміріне талшық 

етерлік ас таппай жүрген жандар да жоқ емес. Сондықтан 

мұсылман ғалымдарының айтуынша, шалынған құрбанның 

етінен жеу – мұстахап, мұқтаж жандарға үлестіру – уәжіп. 

Әбу Ханифаның айтуынша, жеуге де, таратуға да болады, 

алайда  ол  уәжіп  емес.  Бұйрық  түрі  үнемі  уәжіптікті  талап 

етпейді. «Пақырды тойдырыңдар» деген бұйрық байларға 

берілмесін деген мағынаны білдірмейді. Өйткені сахабалар 

құрбанның  етін  бай,  кедей  көрші-қолаң  мен  туыстарына 

да беретін. Осы тұрғыдан қарағанда, құрбандық шалатын 

айт  күндері  шалынған  миллиондаған  құрбанның  еттері 

бай-кедей, жетім-жесір, кедей-кепшік, жас-кәрі, әйел-ерке--

17

  «Құрбан айт» кітапшасы, 2007ж.



12

гімен  бүкіл  адамзатқа  сый  ретінде  қабылданып,  осы  үлкен 

жақсылықты нәсіп еткен Раззақ (шынайы Рызық беруші) жа--

ратушыны естен шығармай, бұл мереке кең көлемде аталып 

өтілуі тиіс. 



ҚұрбандыҚ шалудың  

негізгі мәні мен маңызы 

Құрбан шалу – мұсылмандықтың рәмізі.

Құрбан шалу – ұлы ғибадат.

Жүректі дүниеқұмарлықтан, сараңдықтан аластатады.

Құрбан шалудың қоғамдық пайдалары да мол.

Құрбан шалу – құл екендігіміздің, дінге бекемдіктің 

белгісі.

Құрбан шалу – Аллаһты еске алу әрі шүкір ету.

Құрбан шалу – Аллаһтың жомарттығына құлдардың да 

қайтарым жасауы.

Құрбан шалу – Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.

Құрбан шалу бәле-жалаларды аластатады.

Құрбан шалу Аллаһты ұлықтауды әрі мұсылмандарың 

бір-біріне деген жанашырлығын білдіреді.

Құрбан шалған адам өзінің діни міндетін орындаған 

болып табылады.

Құрбан шалу мүмінді ақыретте мол сауапқа кенелтеді.

Құрбан шалу – күнәлардың кешіріміне себеп.

Құрбан шалу – баршаға әсіресе кедейлерге жасалған 

жанашырлық.

Құрбан шалу бай мен кедейдің арасын жақындастырады.

Құрбан шалу – қоғамдағы татулық пен ынтымақтың 

ұйытқысы.

Құрбан шалу – мұсылмандардың бір-біріне қол ұшын 

созып тұруының, бауырмашылдығының белгісі.

Құрбан шалу қоғамды игілікке, ізгілікке бастайды.

Құрбан шалу кедейлердің қабағын ашады, тағдырға өкпе 

артқызбайды.

Құрбан шалу көрші ақысын еске салып, татулыққа 

бастайды.

Құрбан шалу мал шаруашылығына көңіл бөлдіреді.

*

*

*



*

*

*



*

*

*



*

*

*



*

*

*



*

*

*



*

*

*



*

13


б

ұрынғы кезге қарағанда біз бүгінгі күні діни құндылық-

тарымызды  насихаттауға,  құрбандық  шалу  дәстүр-

імізді жандандыруға, қоғамда қайырымдылық шараларының 

көптеп ұйымдастырылуына анағұрлым көбірек мұқтажбыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет