25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Төлеуғали БӨРІБАЕВ,
философия ғылымдарының докторы, 
профессор

25 басымдық
25 БЕЛЕС
44
Экономиканың  өсуі  қазақстандықтардың  әл-ауқатын  арттыруға 
мүмкіндік жасайды. Бұл – мемлекеттің таяу жылдарға арналған әлеуметтік 
саясатының басты басымдығы. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс 
VІ съезінде сөйлеген сөзінен. Астана, 12 наурыз, 2004 жыл
К
еңес  Одағы  ыдырағаннан  кейін  ден деп  кеткен  экономикалық  және  қар жы лық 
дағдарыс 1994 жылы ең қиын шегіне жеткен еді. 
Сол жылы Қазақстан халқының табысы 1991 жылмен салыстырғанда 3,5 есе азайып, 
жан басына шаққанда 2400 АҚШ долларынан 700 долларға дейін кеміп кеткені есімізде. 
Жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік инфрақұрылымның күйреуі ел халқының еңсесін 
басып жіберген болатын. Алайда, нағыз мемлекет қайраткері, саясат дарабозы бола білген 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен көпэтносты Қазақстан халқы өтпелі кезеңнің 
қиыншылықтарына сыр бермей, аса қысқа мерзімде еңсеріп әкетті.
Тәуелсіздігіміздің  бастапқы  жылдары  Қазақстан  әлемдегі  ең  кедей  мемлекеттер 
қатарында болса, қазір орташа дамыған елдердің алдыңғы қатарына орнығуға қол жеткізді. 
Оның нақтылы нәтижесін мынадан-ақ көруге болады: жиырма жылда Қазақстан сияқты 
ішкі жалпы өнімін 12 есе арттыра алған мемлекет жоқтың қасы екендігін сарапшылар 
жарыса жазуда.
1991-1996 жылдары Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштері бойынша кері кету 
деңгейінде болса, ал 1997 жылдан бастап өрлеу, өркендеу жолына түсті. Сол жылы еліміз 
15 миллиард АҚШ доллары көлемінде ішкі жалпы өнім өндірсе, бұл көрсеткіш 2005 жылы 
56 миллиард доллар, ал 2010 жылы 150 миллиард доллардан асқан. Осы мерзім ішінде 
елдегі  жан  басына  шаққандағы  ішкі  жалпы  өнім  көлемі  1997  жылы  1100  доллар,  2005 
жылы 3900 доллар, ал 2010 жылы 9000 долларға жеткен. 
Бүгінде  Қазақстан  жан  басына  шаққандағы  ішкі  жалпы  өнім  деңгейі  бойынша,  ТМД 
елдері  ішінде  екінші  орында,  іс  жүзінде  барлық  әлеу-меттік-экономикалық  көрсеткіштер 
бойынша  көш  бастау шылар  тобында  келеді.  Қазақстан  Дүниежүзілік  банктің  мәліметі 
бойынша  2013  жылы  ішкі  жалпы  өнім  көлемі  жөнінен  224,4  миллиард  долларға  жетіп, 
Өзбекстан,  Түрікменстан,Тәжікстан,  Қырғызстан  және  Әзербайжан,  Грузия,  Армения 
мемлекеттерінің ішкі жалпы өнімін қоса алғандағы 214,5 миллиард доллар көлемінен асып 
түсті. Қазір Қазақстан әлемдегі ең қарқынды өркендеу үстіндегі экономиканың біріне ие 
болып отыр. Мұның бәрін Президенттің сарабдал саясатының жемісі әрі жеңісі деуіміз керек.
2010 жылдан бері халықтың табыстары 43 пайызға, ал айлық еңбекақы 130 мың теңгеге 
жақындап, 64 пайызға өсті. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 1,4 есе, ең 
төменгі зейнетақы 1,8 есе өсті. Экономика өспесе, мұның бірі де мүмкін болмас еді. 
Алданыш НҰРЫМОВ, 
экономика ғылымдарының докторы, 
профессор

25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
45
Өткенін қастерлей алмаған, кешегісінің құнын білмеген ел бүгінгінің 
қадіріне жете алмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  
Райымбек батырдың 300 жылдығына арналған салтанатта сөйлеген сөзінен. 
Алматы облысы, 13 тамыз, 2005 жыл
Б
ізге  ата-бабамыздан  ықылым  заманнан  мұра  болып  келе  жатқан  рухани 
құндылықтар қисапсыз. Сол құндылықтарды бағалап, қастерлеп, өз қажетімізге 
жарата білсек – мұның өзі үлкен жетістік.
Ел басынан өткен қилы тағдыр, түрлі заман ескерусіз кеткен жоқ. Бізге ғибрат боларлық 
қаншама аңыздарды, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, эпостық жырларды ой елегінен 
өткізсек, өткен дәуірдің дүбірлі оқиғаларын сезгендей боламыз. 
«Ер басына күн туып, етігімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» 
шақтар болды. «Ереулі атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» 
өткен  бабаларымыз  елдің  елдігіне  кепіл  болар  сайын  даланың  еркіндігін,  азаттығын 
аңсады. Сол үшін «қара терін ағызып, қызыл қанын төкті». Желмая мініп, жер шалып, 
Жерұйықты  іздеп,  оған  елді  қоныстандырмақ  болған  Асан  Қайғы  –  сол  бабалар 
арманының іздеушісіндей болды.
Аласапыран  оқиғаларды  бастан  кешкен  кешегі  күннің  құнын  білмесек,  еліміздің 
елдік  мұратын  түсінуіміз  қиын.  Мәңгі  ел  мұраты  –  өткенді  құрмет  тұта  отырып, 
болашаққа  қадам  басу.  Алып  бәйтерек  тамырынан  нәр  алмаса,  көктеп,  көгермейді. 
Сол  сияқты  біз  де  өткенімізден  рухани  нәр  алмасақ,  тәуелсіз  ел  болып,  елдік  пен 
тәуелсіздіктің қадірін түсіне қоюымыз екіталай.
Бағзыдан бүгінге дейін үзілмей сақ талған ұлттық салт пен ғұрып, тіл мен рух – ұлт 
болмысының, оның азаттығының тілекшісі, қорғаны, қалқаны әрі қаруы. Ата-бабалар 
ұрпағына  маңыздысын,  мәндісін,  қастерлісін  ұлағат  етті,  мұра,  аманат  етті.  «Қасым 
ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» дегендей, сол өткеннен жеткен ұлағатты, 
кешеден  бізге  қалған  ғибратты  таразылай  алсақ,  ежелгі  жауынгер  елдің  батырлығын, 
дана  халықтың  данышпандығын  түсініп,  бағалай  алсақ,  талай  рет  тағдыр  талайына 
тап келген даланың қасіретін сезіне алсақ, біз бүгінгі тәуелсіздігіміздің қадірін терең 
түсінбекпіз. Қастерлілік пен құндылық тарихымыздың әр бетінде шежіре болып тұнып 
тұр. Біздің Отан сүйгіштік сезімімізді күшейте алатын осылар болмақ.
Өткен  шақта  ата-бабаның  асыл  мұраты  мен  ұрпақ  үшін  атқарған  қыруар  еңбегі, 
төгілген  тері  мен  қаны  бар.  Елдікті  сақтау  жолындағы  жауынгерлік  рух,  перзенттік 
парыз,  азаматтық  борыш  бар.  Біз  үшін  кешегі  күннің  құнына  жетер  ештеме  жоқ. 
«Бастыны еңкейтіп, тізеліні шөктіріп», азаттық үшін арпалысқан ата-бабалар арманын 
көк байрағымызбен бірге желбірету – біздің басты парызымыз болмақ.
Ербол ТІЛЕШОВ,
филология ғылымдарының кандидаты

25 басымдық
25 БЕЛЕС
46
Кешегімізге  көрсетілген  құрмет  келешегіміздің  жарқын  болуына 
жол ашады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  
Астана қаласындағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткішін ашу 
салтанатында сөйлеген сөзінен. 1 маусым, 2010 жыл
Б
ұл – «Хан бар еді сол күнде, ақсұңқарға ұқсаған» дегендей, ХІV–XV ғасырларда 
Қазақ хандығының бірігіп, тұтастанып, бір саяси-әкімшілік, ұлттық-мемлекеттік 
құрылымға айналып, өз алдына «Қазақ елі» атанып, Ұлы көшті Шу мен Қозыбасы 
өңіріне бастап әкелген, тұңғыш рет Қазақ хандығының мемлекеттік туын Қозыбасы 
биігіне  тіккен,  «халық  қазанын  қайнатқан»  Керей  мен  Жәнібек  хандардың 
ескерткішін ашу салтанатында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың интеллектуалдық таза 
болмысынан,  жарқын  шешендік  табиғи  талант  дәрежесінен,  ғаламдық  мәдениет 
тарихына  және  ұлт  руханияты  тарихына  жетіктігінен,  афористік  ойлау  жүйесінің 
тегеурінінен,  тарихи-мәдени  жадының  тереңдігінен  туған  жан  толқытар  даналық 
мәйегі, тозбайтын асыл сөзі.
Елбасы еңбектеріндегі ой-толғамдар, парасатты пайымдар тарихтың тағылым-тәлімін, 
бабалардың қастерлі, қымбат қағидаттарын, «қас тұлпарға ұқсаған» ойға, пікірге жүйрік 
– тапқыр, ділмәр билердің, «алмас қылышқа ұқсаған» әділ, тура, шыншыл қазылардың, 
жүрегін  халқына,  жанын  Аллаға  беретін,  алайда  ар-намысын,  абырой-ожданын 
ешкімге  бермейтін,  бас  имейтін  баһадүр  батырлардың  құдірет-күшін  ұғып-түсінуге, 
тебіреніп-ардақтауға, үйренген білімді қолдануға үндейді.  Тарихи білімді, ұлттық сана 
ерекшеліктерін мінсіз меңгеруге шақырады.
Ел Президентінің: «Толық тәуелсіздікке жетудің ұлы жолында бізді халқымыздың үш 
данасы, үш көсемі, қасиетті бабаларымыз – Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің 
аруағы қолдап жүреді» дегенінде патриоттық ойлар бар. Оның қазақ этносы, «ұлттық 
біртектестілігінің қуаттылығы», ойлаудың ұлттық ерекшеліктері, «қуатты генетикалық 
тамыр» туралы ой-толғаныстарының дәуірнамалық сипаты бар. Өйткені, бұлар – елдің 
есеюіне, көркеюіне, кемел келешегіне керемет қызмет ететін ең бір басты көрсеткіштер. 
Елбасы «Мәңгілік ел» идеясын айтып, жарқын болашағымызға жол сілтеп, жөн көрсеткен 
еді.  Осынау  ұлы  бастама  өмір-тіршілігімізге  берік  орнығу  үстінде.  Ел  Президентінің 
«Шынайы  тарихтың  шөкімдей  түйірі  де  қастер  тұтар  сондайлық  сирек  зат»  деген 
Т. Джефферсонның сөзіне жүгінуінен көп жайды аңғаруға болады.
Тегінде, өткен дәуірлердің еншісіндегі ұлы істер, ұлт санасында ұялаған ұлы оқиғалар 
ХХІ ғасырдағы дамуымызға жойқын ағын қосатындығын, ажарландыратынын Елбасы 
осылайша түйіндеп-түбірлеп жеткізген.
Серік НЕГИМОВ, 
филология ғылымдарының докторы, 
профессор

25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
47
Тұғырлы мемлекетімізді ғұмырлы ету – біздің ортақ мүддеміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 
салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. 15 желтоқсан, 2011 жыл
Қ
азақ  мемлекетінің  мәртебесі  мен  дәрежесін  асқақтатып,  лайықты  тұғырына 
қондыру – ең басты, ең негізгі мәселе. Сондықтан да басты құндылық – тәуелсіздік. 
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен дәуірлер бойы 
баһадүр  бабаларымыздың  көкейкесті  арманы  болған  тәуелсіздік  «алмас  қанатты 
періште» сипатында, ай мен күндей баға жетпес ұлы даламызға күмбірлеп-сыңғырлап 
бақ құсындай қонды, ортамыз толды. Өшкен жанды, өлген тірілді! 
Сәулетті Отанымыз өз алдына дербес мемлекеттікке ие болып, еркіндік құшағында 
тербеліп,  тарихтың  ұбақ-шұбақ  көшінің  сан  алуан  қисапсыз  оқиғалары,  суреттері, 
тағдыр ойынының тәлкегіне душар болған бейнетқор халқымыздың хал-ахуалы, зобалаң-
дүрбелеңдері көз алдымызда, жадымызда қайта тізілгендей. Қасиетті атажұртымыздың, 
ата мекеніміздің тарихы – шерлі, қасіретті тарих, қанмен жазылған тарих.
Бағзыдағы адамзаттың сырттаны, алтын жалды арғымақ мінген, алмас семсер ілген 
даңқты қолбасшы, отты Атилладан бастап, Түркі қағанаты дәуіріндегі Естеми, Бумын 
қаған, Күлтегін сынды сайыпқырандардың, жоңғар шапқыншылығына қарсы атойлаған 
Қанжығалы  Бөгенбай,  Қаракерей  Қабанбай,  Шақшақұлы  Жәнібек,  Қарасай  тәрізді 
көкжалдардың, сонымен қатар ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушылары Сырым Датұлы, 
Исатай, Махамбет, Кенесарылардың қан кешудегі, нар кешудегі алапат жорықтары ұлы 
даланы қорғау, сақтау емес пе еді?! Сондықтан да тұтас ел-жұрттың мүддесін жоғары 
ұстаған  ұлт  көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ұлттың  тамырына  қан  жүгіртетін 
орасан  қуатты  ойын  оймақтай  етіп  жеткізген  оралымды,  қисынды  пікірінде  шалқар 
мағына, керемет сыр бар. 
Ел мүддесіне ерекше қызмет жасайтын нағыз ер осы бір патриоттық ойды бойтұмардай 
сақтап, қорғап, еңбегімен қолдап жүрсе, нұр үстіне нұр. Елбасының ойлау мәдениеті мен 
жазу мәдениеті – бір-бірімен пара-пар құбылыс. 
Тарих төрінде еңселі ел болып жайқалып-жайғасу үшін молшылық пен тоқшылықта, 
тыныштық  пен  бейбітшілік  құшағында  ұрпақтарымыз  салтанатты  ғұмыр  кешу  үшін, 
жаратылыстың байлығы мен руханият игіліктерін халықтың кәдесіне толық жарату үшін 
ең керегі – мүдде ортақтығы, мұраттастық.
Мемлекет  басшысының  тәлімді  сөзі  осыны  бүкіл  ел  болып  ұғынуға,  ұлт  болып 
жұмылуға, санаға сіңіруге міндеттейді. Бірлік пен береке сақталғанда ғана Тәуелсіздік 
деген қастерлі де қасиетті ұғымның ғұмыры ұзақ болатынын еске салады.
Серік НЕГИМОВ, 
филология ғылымдарының докторы, 
профессор

25 басымдық
25 БЕЛЕС
48
Толеранттылықсыз жаһандық өзара сенімнің болуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
V Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 
23 мамыр, 2012 жыл
К
еңпейіл,  сабырлы,  аузынан  Алласы  түспеген  тәубешіл  халқымыздың  зор 
мұсылмангершілігі оның өзге діндердегі көрші елдермен де тіл табысып, еларалық 
татулықты сақтауға септігін тигізгенін көреміз. 
Осы  игі  үрдіс  қазіргі  жаңа  ғасырда  да  өз  жалғасын  тауып,  әлем  алдында  Қазақстан 
досқа  қамқор,  дұшпанға  кешірімді,  көршілерге  мейірімді  ел  екендігін  дәлелдеп  келеді. 
Бейбітсүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел 
басшылары ежелден елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. 
Осынау аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз тарапынан ауқымды ізгі қадамдар 
жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.
Ислам діні іргетасын қалаған күннен бері қоғамда түсіністіктің қажеттілігін уағыздап 
келеді.  Сүйікті  пайғамбарымыз  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  Меккеден 
Мәдинаға  һижрат  (көшу)  еткеннен  кейін  де  ешбір  пендені  Ислам  дінін  қабылдауға 
мәжбүрлеген емес. Қайта өзге дін өкілдерімен жақсы мәміледе болуды насихаттаған.
Әз  пайғамбарымыз  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  көршілермен  қандай 
мәміледе болу керектігі туралы өз хадисінде: «Егер көршің өзге дін өкілдерінен болса, 
онда сенің мойныңда бір ақысы бар. Ол – сенің көршің болғанының ақысы. Егер көршің 
мұсылман болса, екі міндетің бар. Ол – бірінші көршің, екінші мұсылман болғанының 
ақысы.  Ал  егер  көршің  мұсылман-туысқаның  болса,  үш  міндетің  бар.  Ол  –  көршің, 
мұсылман әрі туысқаның болғаны үшін», – деген. Осы хадиске назар аударсақ, қоғамда 
сенімен бірге өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың әр нәрсеге өз құқы бар. Ол қандай 
дінде  болсын,  онымен  біз  жақсы  мәміледе  болуымыз  керек.  Өйткені,  Ислам  адамның 
абыройы мен ар-ожданын бәрінен де жоғары қояды, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын 
сақтайды, әлеуметтік әділетті көздейді. Бүкіл тіршілік иесінің бірде-біріне қылдай қиянат 
жасауын қолдамайды.
Ислам – бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағат, қайырым, мейірім діні. Ол тек 
арабтарға  немесе  белгілі  бір  ру,  тайпа,  ұлт,  нәсілге  емес,  бүкіл  адамзатқа  түсірілген. 
Өзара  ынтымақта  болсын,  бірін-бірі  танысын,  достықта  өмір  сүрсін  деп  түсірілген. 
Пайғамбарымыз  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын):  «Кімде-кім  көпшіліктен 
бір  сүйемдей  болса  да  ажыраса,  мойнындағы  Ислам  жібін  шешіп  тастағаны»,  –  деп, 
көпшілікпен болудың маңыздылығын айтқан.
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы
бас мүфти

25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
49
Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан 
өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзінен. 
5 қыркүйек, 2012 жыл
Қ
ай заманда болмасын адамның қадірі еңбекпен кіреді. Яғни, «еңбек етпеген – ішіп 
жемейді». Қазіргі таңда жаһандық жұмыссыздық мәселесі ушығып, бұл барынша 
дамыған, озық мемлекеттердің күн тәртібінен түспейтін, тіпті тұрақтылыққа қатер 
төндіретін құбылысқа айналды. 
Ендеше бәсекелестік ғасырында жұмыс орны үшін талас барған сайын күшейе бермек. 
Тіпті алдағы уақытта Жер шарының қай нүктесінде еңбек ету үшін бос кеңістік туса, ондай 
кеңістікті дер кезінде жаба алмаған мемлекетте көптеген проблемалармен бетпе-бет келу 
ықтималдығы өршиді. Еуропаның бас ауруына айналып отырған мигранттар мәселесі де – 
еңбек ету, жанын бағу үшін адамның өлімнен де тайсалмайтын деңгейге жеткенін көрсетсе 
керек. Сондықтан Елбасы Н. Назарбаевтың егемендіктің тірегі ретінде еңбекті қару етіп 
ұстауға үндеу жасауының мәні тереңде жатыр деуге болады. 
Жалпы, еңбек құндылығы һәм еңбектің құнттылығы қай қоғамда да орнын жоғалтқан 
емес. Бүгінгі біздің елдің алдындағы барынша көкейкесті мәселе де – еңбек. Соның ішінде 
әлемдік бәсекеге қабілетті ұлт ретінде еңбекке байланысты ұлттық этиканы қалыптастырып, 
оны жұртшылықтың күнделікті мінезіне сіңіру келешек үшін қамданғанмен бірдей болмақ. 
Ал еңбектің бәсекеге шыдас беретін формасына келсек, бұл негізінен білім мен ғылымның 
ұштасуынан туатын дүниелер. Сондықтан да, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір 
сөзінде күніне 10 сағаттан артық жұмыс істейтін кәрістер мен кейінгі кездері мемлекетке 
өкпе артуды әдетке айналдырған гректерді салыстырған болатын. 
Оңтүстік  Корея  өз  халқының  еңбекқорлығы  мен  білімге  деген  бәсекесі  арқасында 
әлем  дамуында  көшбасшы  елге  айналды.  Мұнай  мен  газы,  темірі  мен  көмірі  секілді 
қазба  байлықтан  жұрдай  бола  тұра,  инновацияны  игілікке  жаратып,  қажетті  білімді 
игеруі арқылы әлем нарығында озық шыққан мемлекет те – Оңтүстік Корея. Ендеше, 
мұнай  байлығына  шалқыған,  тіпті  қарапайым  такси  жүргізудің  өзін  мигранттарға 
атқартып жүрген кейбір араб елдері мен кәрістерді салыстыра отырып, келешектің қайда 
болатынын түйсінген абзалырақ. 
Түптеп келгенде, жақсы тұрмыс, жеткілікті дүниенің бәрі білім мен еңбектің арқасында 
болады.  Білім  мен  баянды  еңбек  арқылы  ғана  бәсекеге  қабілетті  ұлт  боларымыз  анық. 
Білімді, еңбекқор адам табысты, сенімді келеді. Табыстылық пен сенімділік лауазым мен 
дәрежеге жол ашады. Мұны хәкім Абай да өз уағында: «Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған» деп айтып кеткен еді.
Қанат ТОҚАБАЕВ,
журналист, «Алаш айнасы» 
интернет порталының бюро жетекшісі

25 басымдық
25 БЕЛЕС
50
Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда 
ойнаған еңбекке байланысты.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзінен. 
5 қыркүйек, 2012 жыл
Б
ілім  мен  еңбек  ежелден-ақ  да  өркениетті  ілгері  оздырып,  адамзат  баласының 
басты  игіліктерінің  бірі  болып  келеді.  Сондықтан  ел  болашағы  туралы  сөз 
қозғалғанда, ең алдымен халықтың білімі мен еңбекқорлығына қатысты сапалық 
қасиеттері қаперге алынатыны заңдылық. 
Кемел  білімге  ұмтылып,  алға  қойған  мақсат-міндеттеріне  жету  үшін  еңбекті  бірінші 
орынға  қойған  халықтар  ғана  қуатты  мемлекет  құрып,  жасампаз  елге  айналатынына 
тарих куә. Алысқа бармай-ақ, Еуропаның ең озық елдерінің бірі болып отырған Германия 
мен Францияны, күн шығыстағы Жапонияны, Оңтүстік Шығыс Азиядағы Сингапур мен 
Малайзияны мысалға алсақ та жеткілікті. 
Германия  мен  Жапония  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  оңбай  күйреген 
экономикаларын аз уақыттың ішінде аяғына тұрғызды. Бұл жерде соғыс деген зұлматтың 
ешқандай  жақсылыққа  әкелмейтінін  түсінген  санадағы  серпіліс  халықты  еңбекке 
жұмылдырғанын ерекше атап айтқан жөн. Немістер де, жапондар да тәртіп пен өнімділікке 
негізделген еңбек пен білімді басты орынға қойды. Өскелең ұрпағын да еңбекқорлыққа 
тәрбиелеп,  кемел  білім  беруге  тырысты.  Нәтижесінде,  аталған  екі  мемлекет  ширек 
ғасырдың  ішінде  әлем  елдерінің  көшін  бастады.  Соғыста  жеңіліс  тапқан  екі  халық  әл-
ауқаты мен даму деңгейі жөнінен жеңімпаз елдердің халқынан озып кетті. 
Сол секілді Сингапур мен Малайзияда бірінші кезекте білім мен еңбек өнімділігіне баса 
көңіл бөлу арқылы халықтың санасында өзгеріс жасады. Білім мен еңбек қана игілікке 
бастайтынына көз жеткізді. Сөйтіп халықты жаңашылдыққа, жасампаздыққа жігерлендірді. 
Бүгінде озық технологиялар мен заманауи инновациялардың бәрі осы аталған елдерден 
табылады. Осы елдерде өндірілген кез келген тауар белгісі әлемде жоғары сапа ұғымымен 
астасып кетті. 
Сондықтан  «Ел  болашағының  баянды  болмағы  баста  бұлықсыған  білім  мен  қолда 
ойнаған еңбекке байланысты» деген Елбасының сөзі Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу 
кезеңін абыроймен өткеріп, өз дамуының мүлде жаңа кезеңіне – Мәңгілік ел болу жолына 
бет  тұрған  Қазақстанның  халқы  үшін,  әсіресе  кейінгі  жастар  мен  келешек  ұрпақ  үшін 
ешқашан  мән-маңызын  жоймақ  емес.  Мемлекет  басшысының  жалпыға  ортақ  Еңбек 
қоғамын қалыптастыру жөніндегі ұмтылыстары да осы тұжырыммен үндесіп жатыр.
Түйіндей  айтсақ,  біздің  қуатты  ел  болуымыз  ең  алдымен  ішкі  ынтымақ  пен 
татулығымызға,  сонымен  бір  мезгілде  халқымыздың  кемел  білімі  мен  жасампаз 
еңбекқорлығына байланысты болмақ. 
Әйгерім АРАЛБАЕВА, 
заң ғылымдарының кандидаты

25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
51
Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды әрі 
солай бола бермек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан. 
14 желтоқсан, 2012 жыл
Ө
ркениеттердің  даму  тарихындағы  билік  иелерінің  өмірі  мен  қызметіне  баға 
берілгенде елдің халқының сол тұстағы тұрмыс-тіршілік деңгейі ой безбеніне 
салынады. Сол арқылы билеушінің басшылық таланты, беделі, парасат-пайымы 
бағамдалады.
Өткеннің кейбір деректеріне көз жүгірткенде «ол бір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған 
заман еді ғой» деген тұрғыдағы жазбаларды оқимыз. Ал қайбір әдебиеттерге үңілгенде 
сол кездегі тіршілік ахуалына көңілтолмастықты анық аңғарамыз. Мұның бәрі әр заманда 
әрқалай аталып жатқанымен, ой тоқайластырар арнасы біреу. Ол – халықтың әлеуметтік 
хал-ахуалы, яғни, тұрмысы.
Президентіміз  тәуелсіздік  таңы  атқалы  бері  бір  нәрсені  ұдайы  назарында  ұстап  келе 
жатқаны көпшілікке аян. Ол – «Алдымен – экономика, сосын – саясат» қағидасы. Осы 
күретамыр іспетті салиқалы саясатты берік ұстанудың арқасында экономика саласында 
айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Осыған орай жалпы жұрттың тұрмыстық деңгейі күрт 
жақсарды. Оны пәлендей цифрлармен дәлелдеудің, алысқа барудың қажеті де жоқ. Көрші 
жатқан  Қырғызстан,  Өзбекстан  елдерінің  қарапайым  халқының  тұрмыс  деңгейі  туралы 
статистикалық  мәліметтерге  немесе  бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдарына  көз 
жүгіртсеңіз жеткілікті. 
Ал  біздің  елімізде  жағдай  мүлде  басқаша.  Ауқаттыларды  айтпағанда  орташа 
халықтың  тұрмыс  жағдайы  жылдан-жылға  жақсара  түсуде.  Жан  басына  шаққандағы 
жалақы мөлшері ұдайы өсуде. Халықтың негізгі бөлігін құрайтын бюджет саласының 
қызметкерлеріне мемлекеттік қамқорлық күшейді. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын 
сәтті тапсырған мыңдаған мектеп бітірушілері жоғары оқу орындарында өкімет есебінен 
тегін білім алып жатыр. 
Жас  отбасыларға,  жоғары  оқу  орындарын  бітірушілерге  тиімді  ондаған  мемлекеттік 
бағдарламалардың  арқасында  мыңдаған  мамандардың  тұрмыстық  жағдайы  жақсаруда. 
Мұның бәрі бүкіл елдің көз алдында болып жатқан игіліктер.
Басқасын  айтпағанда,  Тұрғын  үй  құрылыс-жинақ  банкі  арқылы  мыңдаған  адамдарға 
жасалып отырған мемлекеттік қамқорлықтың өзі неге тұрады?! «Үй болмай, күй болмайды» 
дейтін  халқымызды  енді  Үкімет  жаңа  жобалармен  қуанта  бастады.  Жас  отбасылар, 
тұрмысы орташа тұрғындар арзан бағамен жалға берілетін баспаналарға ие болуда..
Халық тұрмысының басты өлшем болуының мысалдары аз емес. Бұл ұғым қазір біздің 
өмірлік салтымызға айналды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет