25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар


Одағы  ыдырап,  орныққан  бұрынғы  байланыстардың  үзілуінен  экономиканың



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

Одағы  ыдырап,  орныққан  бұрынғы  байланыстардың  үзілуінен  экономиканың 
барлық саласы терең дағдарысқа ұшырады. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп 
кәсіпорындары  жұмыстарын  тоқтатты.  Жаппай  жұмыссыздық  белең  алды. 
Зейнетақы мен еңбекақы төлеу мұңға айналды. Әр жерде халық наразылығы бой 
көрсете бастады. 
Сол уақыттағы әлеуметтік және экономикалық жағдайдың терең ушығуының осы бір 
аса қиын кезеңінде ішкі саяси және экономикалық реформалардың өз елімізге үйлесімді 
әрі  тиімді  жолдарын  табу  мен  таңдап  алу  міндеті  тұрды.  Былайша  айтқанда,  тәуелсіз 
мемлекетімізді қалай басқару керек? Міне, Елбасы осы тығырықтан шығуы керек еді.
Оған қоса елімізді тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастырумен бірге экономикалық 
қатынастардың  мүлдем  өзге  жү йесіне  көшірудің  қат-қабат  міндеттері  де  тұрды. 
Сондай-ақ,  әлі  жас  тәуелсіз  Қазақстанның  сыртқы  саясаттағы  өз  орнын  айқындауға 
бағытталған  қым-қуыт  шаруаларды  да  бір  мезетте  атқару  керек  болды.  Бұл  барлық 
саналы қауымның  көкейіндегі сұрақ еді.
Ел тағдырын таңдау сәті туған шақта Елбасы батылдық және көрегендікпен дұрыс 
шешім қабылдай алды. Ол шешім – «әуелі экономика, сосын саясат» деген ел басқару 
үлгісі. Экономиканың барынша либералды, барынша ашық және бәсекелі жолы таңдап 
алынды. Сол экономикалық реформалардың өз елімізге үйлесімді әрі тиімді жолдарын 
таңдап, іске асыру үшін бір орталықтандырылған күшті әрі халық алдында жауап бере 
алатын тегеурінді билік қажет болды. Елбасы сол билікті құра білді.
Міне, соның нәтижесінде тәуелсіз еліміз тарих үшін қас қағым сәт болып саналатын 
айналасы  жиырма  жылдан  сәл  асатын  уақытта  барлық  ауыр  кезеңдерді  артқа  тастап, 
әлемдегі  дамыған  елдермен  иық  теңестіретін  жағдайға  жетті.  Елбасы  қазір  еліміздің 
экономикалық  жағдайының  жақсара  бастауымен  бірге  саяси  реформаларды  да  өз 
кезегімен сәтті жүргізіп келеді. Бұған бүкіл халқымыз куә болып отыр.
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Парламент Сенатының депутаты,
саяси ғылымдар докторы, профессор

25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
133
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
133
Қ
азақстан Республикасында кәсіпкерлік көпшілік сипатқа ие және салыс тырмалы 
түрде  серпінді  құбылысқа  айналған.  2013  жылы  тіркелген  шағын  кәсіпкерлік 
субъектілерінің саны 1999 жылғымен салыстырғанда 210862-ден 338980-ге жетті, орта 
кәсіпкерлік 107111-ден 322121-ге жетті, ал ірі кәсіпкерлік шамамен 2500-дей болды. 
Шағын  кәсіпорындардың  еліміздегі  жалпы  ішкі  өнімдегі  үлесі  тәуелсіздігіміздің 
басында  тіптен  жоқ  болса,  қазіргі  күні  18  пайызға  жетті.  Шағын  кәсіпкерліктен  орта 
кәсіпкерлікке, одан ірі бизнеске жетуді Елбасы экономикалық өсімді қамтамасыз ететін 
негізгі құралы санайды. 
Үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамудың  мемлекеттік  бағдарламасында  шағын 
және орта бизнестің топ-менеджментін оқытуға, өндірісті шетелдік серіктестермен іскер 
байланыс орнату арқылы жаңарту, жаңғырту және ұлғайтуға кадрларды еңбек нарығындағы 
қажетті мамандықтар бойынша әзірлеу және қайта даярлаудан өткізуді мемлекеттік қолдау 
қолға алынды.
2014-2015 жылдары Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті 
жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлінетін болды. Бұл тамақ және 
химия  өнеркәсібіндегі,  машина  жасаудағы,  сондай-ақ,  қызмет  көрсетулер  саласындағы 
жобаларды  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етеді.  Бұл  қаржы  шағын  бизнеске  берілетін 
несиені он жылға және бар болғаны 6 пайыздан асыр май беруге мүмкіндік жасамақ. Бұл – 
бұрын соңды болмаған қолдау.
Шағын  және  орта  бизнес  пен  іскерлік  белсенділікті  қолдау  бойынша  жұмысты 
жалғастыру үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін 
Азия  даму  банкі,  Еуропалық  қайта  құру  және  даму  банкі,  Дүниежүзілік  банк  есебінен 
қолдауға ие болмақ.
Мемлекет  басшысы  елімізде  кәсіпкерліктің  өрістеуіне  толық  жағдай  жасап  қана 
қоймай,  оған  кедергі  келтіретін  жәйттерді  атап  көрсетіп,  ретке  келтіруді  тапсырды. 
Оларды жөнді-жөнсіз тексерулердің көбейіп кеткеніне байланысты арнайы мораторий 
жариялап, бизнестің тиімді жүргізілуіне жол ашты. Бұл шара кәсіпкерліктің өркендей 
түсуіне  мүмкіндік  берді.  Халықтың  іскер  топтарының  қатары  жылдан  жылға  көбейіп 
келеді. Олардың ертеңге деген сенімі күшейді.
Елбасы  айтқандай,  «саяси  жүйені  жеделдете  өзгертуді  қолға  алу  үшін  орнықты  орта 
тапты өсіру» ісі осылай жүзеге асуда.
Мырзагелді КЕМЕЛ, 
қоғам қайраткері, 
экономика ғылымдарының докторы
профессор
Саяси жүйені жеделдете өзгертуді қолға алу үшін орнықты орта тап 
керек. Ал оны әлі өсіріп шығару керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста 
сөйлеген сөзінен. Астана, 13 желтоқсан, 2003 жыл

25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
134
Мен оқыту, кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесінде іскерлік 
ағылшын тілін жаппай, әсіресе мемлекеттік аппараттың және, әрине, 
жастардың игеруі жағына ең күрт бетбұрыс жасайтын уақыт жетті деп 
санаймын. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты 
жиналыста сөйлеген сөзінен. Астана, 13 желтоқсан, 2003 жыл
П
резидент Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың осы сөзі айтылғанға дейінгі он 
екі жыл ішінде тәуелсіз еліміз кеңестік идеология құрсауынан арылып, сырт 
әлеммен  халықаралық  қарым-қатынастың  барлық  саласы  бойынша  байланыс 
орната бастады. 
Дербес  Қазақстан  елі  әлемнің  бөлінбес  бөлшегіне,  дүние  жүзінің  өзге  елдермен 
терезесі тең субьектісіне айналды. Осы жағдай әлемнің 70 пайызы қолданатын ағылшын 
тілін білуді, сол тілде еркін сөйлеуді қажет еткен еді. Шындығында ағылшын тілін, оның 
ішінде  іскерлік  ағылшын  тілін  білудің  күн  тәртібінде  бірінші  орынға  шыққандығын 
экономикалық  әлеуеті,  қоғамдық-саяси  мүмкіндігі  дүние  жүзі  мемлекеттерімен  тең 
дәрежеде қарым-қатынас орнатуға жол ашатынын тәуелсіз еліміздің бүгінгі күн талабы 
тағы да айғақтап отыр. 
Қазір шетелдермен күн сайын жүзеге асып жатқан дипломатия, бизнес, ғылым, білім, 
мәдениет, т.б. салалар бойынша коммуникацияның бірде-бірі іскерлік ағылшын тілінсіз 
жүзеге  аспайды.  Сондықтан  да  бүгінде  іскерлік  ағылшын  тілінің  қазақстандықтардың 
қажеттілігіне айналуы – Н.Ә. Назарбаевтың алысты болжай алатындығын және соған сай 
шешім  қабылдап,  нақты  тапсырма  беретіндігін  дәлелдеп  отыр.  Мұндай  жағдайда  «ана 
тіліміз қайда қалады, мемлекеттік тіліміздің күні не болады?» деп алаңдау да – ұлт ұрпағы 
үшін  заңды  құбылыс.  Қазақ  тілі  қазақстандықтардың  әрқайсысына  ортақ  мойындалған 
және мемлекеттік мәртебесі артып келе жатқан, сондай-ақ ғылымның тілі ретінде байып 
келеді. Бұған президентіміз Ұлытауда берген сұхбатында толық жауап берген еді. «Тілді 
байыту керек! Оған халықаралық ұғымдарды енгізсек, тіліміз дамиды» деп кесіп айтты. 
Президентіміз келешекте қазақстандағы барлық мектепте оқитын балалар мемлекеттік 
тілде бітіріп шығады деп отыр. Сол мемлекеттік тілде бітірген балалар әлемдік кеңістікке 
қай  тілде  шықпақ?  Әрине,  ағылшын  тілінде,  оның  ішінде,  әсіресе,  іскерлік  ағылшын 
тілінде. Үш тұғырлы тіл – қазақстандықтардың өз қажеттілігі . 
«Жеті  жұрттың  тілін  білген  жеті  ұлттың  қамын  жер»  деген  халық  даналығы  әр 
қазақстандықтың өмірлік қағидасына айналар күн енді келді.
Ғалым МҰТАНОВ, 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры,
ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
135
Е
лбасы өз сөзіндегі мәселеге мамандар мен осы бағытта жұмыс жүргізіп отырған 
кәсіпкерлер назарын аударып, үлкен ой тастаған еді. 
Кеңес кезінен Қазақстан тек шикізат өндірісімен шұғылданып, іргелі елдермен машина 
жасау  немесе  көлік  құрастыру  ісінде  бәсекелестікке  түсетіндей  жағдайда  болмады.  Ал 
бүгінгідей заманда тек шикізат қорын әзірлеуді қанағат тұту – әрине, еліміздің ертеңіне 
балта  шабумен  бірдей  әрекет.  Бұл  тұрғыда  патшалық  Ресейдің  мемлекеттік  көне 
қағидаларына мән берсек, бой түзеп келе жатқан мемлекетіміз бен халықтың арасындағы 
байланыс қандай деңгейде екендігіне мән бере аламыз. Патшалық Ресейде ел басшылығы 
үш талаптың орындалуына ерекше мән берген, олар: табиғат пен жер байлығын игеру, 
бұл – жекешелендіруге көнбейтін халықтық қазына; екінші, халық қауіпсіздігі мен оның 
әлеуметтік  тіршілігі  –  тікелей  патша  бақылауындағы  іс,  бұл  да  жекешелендірілмейтін 
мемлекеттік  мүдде;  үшінші,  халықтық  кәсіп,  қазіргіше  айтқанда,  кәсіпкерлік.  Соңғысы 
жекеше немесе мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады. Елбасы жолдауында осы мәселе 
ерекше көрсетіліп, шешу жолы айқын бағдарланған. 
Бүгінде  халқымыз  тіршілік  пен  бизнестің  ошағы  саналатын  қалалар  мен  ірі  елді 
мекендерге шоғырлануда. Сондағы дамыған іс – сауда мен толық мамандандырылмаған 
шағын қызмет көрсету ісі. Олардың мемлекеттік тіркеуде толық ескерілмеген жағдайы 
жиі ұшырасады. Адам тасымалы, тамақ өнімдерін өндіру және сату, тұрмысқа қажетті 
заттарды шығару сияқты адам қауіпсіздігіне тікелей қатысты қызметтер көп жағдайда 
еш  заңдастырылмай-ақ  және  сертификаттаудан  өтпей,  жабайы  тәсілдермен  жүргізіліп 
жатады.  Мысалы,  адам  тасымалында  пайдаланып  отырған  автобустар  мен  жеңіл 
көліктерге назар аударалық. Олардың басым көпшілігі 15 жылдан асқан көліктер, яғни, 
Евро-1  немесе  Евро-2  санатындағы  көліктер.  Ал,  бұл  көліктердің  орнына,  Елбасы 
жолдауында  аталған  «Шкода»  автомобилінің  пайдаланылуын  қарастыралық.  Олар  – 
әлемдік бәсекелестік тұрғысында орны бар көліктер, демек олардың санаттылығы бүгінгі 
күн үшін Евро-4, ал ертеңі – Евро-5 және одан да жоғары. Демек, біздер іргелі елдердің 
қатарына  шығуымызға  сол  елдерден  автомобиль  тасымай-ақ,  өз  мүмкіншілігімізді 
кәсіби  тұрғыда  дамытсақ,  елімізде  сондай  зауыттарды  іске  қоссақ,  мұның  мүмкін  іс, 
қолжетімді  шара  екендігіне  және  оның  болашақ  ұрпақ  үшін  тиімді  іс,  ауытқымайтын 
нарық екендігіне көз жеткіземіз. Бұл – тек бір ғана айғақ.
Әбді ҚИЯЛБАЙҰЛЫ,
 техника ғылымдарының докторы 
Біз  ауыл  шаруашылығы  және  көлік  машинасын  жасауды  дамытуға 
ұмтылуымыз  қажет.  Атап  айтқанда,  Қостанайдағы  дизель  зауытының 
өнімділігін арттырып, «Азия-Авто» зауытынан «Нива» автомобильдерін 
құрастырудан  «Шкода»  автомобилін  құрастыруға  ауысу  мәселесін 
ойластыру керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, 
бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 
Жолдауынан. Астана, 19 наурыз, 2004 жыл

25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
136
Үкіметке  Астанада  Ана  мен  бала  республикалық  орталығының 
құрылысын  қамтамасыз  етуді  тапсырамын,  ол  халықаралық 
стандарттарға  сай  әрі  денсаулық  сақтау  жүйесінде  жаңа  сапа  эталоны 
болуға тиіс. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, 
бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 
Жолдауынан. Астана, 19 наурыз, 2004 жыл
Б
із  ана  мен  бала  жағдайын  жақсарта  отырып,  халқының  денсаулығы  мықты 
болашақ  мәңгілік  ел  құрамыз.  Байқасаңыз,  бұған  2004  жылы  ҚР  Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың өз жолдауында бағыт бергені көрініп тұр. 
Бірінші. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының қандай болуы керектігін анықтап 
берді.  «Ол  халықаралық  стандартқа  сай  болуы  тиіс»  деген  болатын.  Қазір  бұл  талап 
орындалды. Орталық 2007 жылы салынып бітіп, 2012 жылы халықаралық аккредитациядан 
өтті. Бүгінге дейін 50 мың адамға халықаралық деңгейдегі стандартқа сәйкес медициналық 
көмек көрсетілді. 
 Екінші. «Сапа эталоны болуға тиіс» деген болатын Елбасы. Бұл талап та орындалды. 
Орталық  2014  жылы  «Өз  саласының  көшбасшысы»  деген  халықаралық  ұлттық 
сертификатқа ие болды. Жаңа 65 технологиялық әдістеме енгізіп, қаншама ана мен баланың 
өмірін қорғап қалды. Қазір бұл орталықта шетел азаматтары да келіп медициналық көмек 
алып жатыр. Осылайша, ол халықаралық стандартқа сай медициналық жүйемен жұмыс 
істеп отырған бас мекеме болып отыр.
Халықаралық  рейтинг  әдістемесімен  тексергенде  Ұлттық  орталықтың  орташа 
рейтингі – 3,91-дан 7,5-ке көтерілді. Мұнда акушерлік, гинекологиялық, педиатриялық, 
неврологиялық  қызметтер  көрсетіледі,  онкогематология,  генетика,  балалар  хирургиясы, 
клиника  және  диагностика  бөлімшелері,  ретинопатия  орталығы  жұмыс  істейді.  Ұрық 
медицинасы  орталығы,  баланы  дамыту  орталығы,  әйел  денсаулығы  орталығы,  бүйрек 
орталығы  сияқты  үздік  инновациялық  бағытпен  жұмыс  жүргізіп,  медициналық  көмек 
беруші  орталықтардың  мұндағыдай  бір  мекемеге  шоғырлану  тәжірибесі  дүние  жүзінде 
тек біздің Қазақстанда ғана бар. 
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы атына сай ғылыми зерттеу жұмыстарын да қатар 
жүргізеді. Жылына бірнеше рет шеберлік дәрістерін өткізеді. Шетелдің білікті мамандары 
шақырылып, солармен бірлесіп озық технологияларды жүйелі түрде енгізеді. 
Алда тұрған жаңа бағыттың бірі – маммология орталығын ашу. Экстракорпоральдық 
ұрықтандыру  мектебі  ашылып,  мамандар  дайындалып  қана  қоймай,  қазір  болашақ 
ана  мен  әкенің  сұраныстарына,  талаптарына  орай  жұмыс  жүргізіліп  жатыр.  Ұлттық 
орталық – ТМД мемлекеттері арасында алғашқы медициналық көмек көрсетудің жаңа 
технологиясын  енгізген  мекеме.  Біз  жылда  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  Жолдауын 
асыға  күтеміз.  Себебі,  медицинада  стратегиялық  бағыттарды  белгілеп  беріп,  оны 
назарында ұстап, қадағалап отыратынын әрдайым көріп отырамыз. 
Жангентхан АБЫЛАЙҰЛЫ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор

25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
137
Е
лбасы айтып отырған халықтың тарихы мен мәдени тамырларын жоғалтпау 
мәселесі өте орынды. Мәдениет тірегі – тіл. Тіл жоғалса, ұлт жоғалады. Жер 
бетінде, лингвистердің дерегі бойынша, шамамен 6800-ден астам тіл бар. Оның 
5500-і,  саны  100  мыңнан  кем  ұлттарға  тиесілі.  Келесі  ғасырда  тілдердің  50-90 
пайызы жоғалып кетуі мүмкін.
Біз ұлт болашағы бүгінгі жастар қолында деп жиі айтамыз. Ал  олардың қолында ең 
қастерлісі – тіл, ата-баба салты, соның бәрі үлкен бағаға ие болған тарих екенін шегелеп 
айтып жүрген жоқпыз. Демек, ендігі жүз жылда қазақ тілі, яғни салт, мәдениет, қазақ бола 
ма жоқ па – бұл бүгін бесікте жатқан және бүгінгі өмірге араласқан ұрпаққа байланысты.
Аталарымыз кең жерді еншілеп берді, ағаларымыз дәстүр мен ділімізді сақтап қалды, 
ал жастар барды уыстан шығармау керек. Әлеуметтік байланыстар заманауи факторлар 
арқасында өзгерістерге ұшырау кезінде, ұрпақ сабақтастығын күшейтетін қазақ тілі мен 
Отан тарихын бәріміз білуіміз қажет.
Ендігі кезекте ұлттың даму стратегиясы мен тактикасына өзгерістер керек. Мысалы, ұлт 
тағдырында ер азамат пен әйел затының миссиясы алмасып, кезекпен басымдық тізгіні 
ауысып келгенін мойындауымыз керек. Егер осы уақытқа дейін ұлтты қалыптастыру, оны 
сақтау, жалпы ұлт қауіпсіздігі ерлердің мойнында болса немесе қара күш басымдылығының 
кезеңі болды десек, енді ұлттың өміршеңдігі ана сүтімен берілетін тәрбие мен ана тілінің 
әлеуетіне  байланысты.  Өйткені,  жаңа  замандағы  жаһандану,  оның  ар  жағында  мәдени 
және  саяси-экономикалық  экспанция,  яғни  ұлтты  жаулап  алу  мәні  өзгеріп  тұр.  Енді 
бұрынғыдай  ашық  текетірес  жоқ,  керісінше  астыртын,  айлалы  және  шалмалы  (бірінші 
кезекте жастардың санасын улау арқылы) әдістер қолданылуда. Демек, енді ұлт тағдыры 
қазақ  қызының  қолында.  Нақты  айтсақ,  жар  таңдау,  бала  тәрбиелеу,  қоғамдағы  қарым-
қатынас ұлттық болмыс негізінде болса ғана, біз мәңгі боламыз. 
Аналарымыз бен қыздарымыз ауыл мен рудың, елдің басына күн туған кезде қайрат 
танытқаны тарихымыздан белгілі. Терең тарихта Томирис, беріде Домалақ ана, одан беріде 
батыр  қыздар  Әлия  мен  Мәншүк,  желтоқсан  құрбаны  Ләззаттар  арыстан  азаматтардай 
пәрменділік көрсеткені рас. Елбасы айтып отырған мәдени тамырымыз деп осыны айтуға 
болады. Әйел заты тәрбиесінің пәрменділігінен біз бүгінде де айрылмауымыз керек.
Рамазан САЛЫҚЖАНОВ,
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты
Біз – жас елміз. Үздік әлемдік тәжірибені бойға сіңіре отырып, біз өз 
халқымыздың тарихи және мәдени тамырларынан айрылмауға және 
оның  тұрақты  дамуы  мен  өркендеуі  үшін  қолдан  келетіннің  бәрін 
істеуге тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Отан» республикалық партиясының кезектен тыс 7-съезінде сөйлеген сөзінен. 
15 маусым, 2004 жыл

25 ұсыныс
25 БЕЛЕС
138
Алматы қаржы орталығын құру. Бұл – стратегиялық міндет. Алматы 
өңірлік қаржы орталығына айналса, көлік, коммуникация мәселелерін 
шешу қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан қаржыгерлерінің 5-конгресінде сөйлеген сөзінен. 
15 қараша, 2004 жыл
А
лматыда өңірлік қаржы орталығын құру (АӨҚО) құру жобасының бас тамасын 
алғаш Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың өзі көтерді. Бұл 
туралы  Елбасы  1995  жылы  Қазақстан  банктері  қауымдас тығының  мүшелерімен 
кездесуінде және 2004 жылы Қазақстан қаржыгерлері конгресінде сөйлеген сөзінде 
айт қан  болатын.
Аталған  жобаны  жүзеге  асыруға  Сингапур,  Тайланд  қаржы  орталықтарын  құру  мен 
дамытуға  тікелей  қатысқан  «Boston  Consuting  Group»  компаниясы  шақырылды.  Бұл 
компанияның негізгі міндеті Қазақстан қаржы нарығының дамуындағы артықшылықтар 
мен  кемшіліктерді  зерттеу  және  құрылғалы  отырған  қаржы  орталығының  құқықтық, 
инфрақұрылымдық және басқарушылық ұстанымдары бойынша нұсқаулар әзірлеу болды.
2006 жылдың 5 маусымында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Алматы қаласының 
өңірлік қаржы орталығы» туралы Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Қаржы 
орталығының  жұмысын  мемлекеттік  реттеуді  орталық  мемлекеттік  орган  мәртебесіне 
ие,  үкімет  құрамына  кірмейтін,  Қазақстан  Президентіне  тікелей  есеп  беретін  және 
бағынатын агенттік жүзеге асырады. Агенттіктің басты міндеті – қаржы орталығын және 
жалпы қор нарығын дамытуға бағытталған мемлекеттік уәкілеттіліктерді жүзеге асыру 
болып табылады.
АӨҚО  негізгі  міндеттеріне  мынаны  жатқызуға  болады:  құнды  қағаздар  нарығын 
дамыту, халықаралық капитал нарығымен интеграциялануды қамтамасыз ету, Қазақстан 
Республикасының  экономикасына  инвестиция  тарту,  Қазақстан  капиталын  шетелдік 
құнды қағаздар нарығына шығару.
Алматы  өңірлік  қаржы  орталығының  жұмыстары  2007-2008  жылдары  басталып,  әлі 
толық бітпеген әлемдік қаржы дағдарысы барысында баяулап қалды. Әділін айтсақ, оны 
құру кезінде қойылған мәселелердің көпшілігі өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Сонымен қатар, өңірлік қаржы орталығы болу үшін қажетті бірқатар алғышарттар да 
баршылық. Ең алдымен, Алматы қаласы Орталық Азия өңіріндегі ірі мегаполистің бірі 
саналады. Сондай-ақ мұнда бірқатар халықаралық  ұйымдардың өкілдіктері бар. Және тағы 
бір маңыз ды фактор – Еуразиялық экономикалық одақ құрылып, жұмыс істей бастады. 
Қазір осы одақтың қаржы орталығын құру мәселесі тұр.
Егер Алматы аталған одақтың қаржы орталығы ретінде таңдалса, қаланың өңірлік қаржы 
орталығы ретіндегі дамуына да ерекше серпін қосылатыны анық.
Тоқтар ЕСІРКЕПОВ,
экономика ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұсыныс
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
139
П
резидент Н. Назарбаевтың бұл пікірі әлемнің дамыған мемлекеттері жүріп өткен 
ұлттың  қалыптасу  процесін  меңзеп  тұр.  Өйткені,  мемлекеттің  негізін  қалау 
бір  басқа  да,  ондағы  халықты  бір  идеяға  жұмылған,  тарихы,  тілі,  дәстүр-салты, 
құндылықтары ортақ, біртұтас ұлтқа айналдыру бір басқа. Бұл – бірнеше ұрпақтың 
ауысуын талап ететін, өте ұзақ процесс. 
Ең бастысы, бұл – зиялы қауым мен мемлекет бірлесе отырып, кезең-кезеңімен жүзеге 
асыратын,  көпқырлы,  күрделі  шаруа.  Мемлекеттің  болашақтағы  бет-бейнесі,  ондағы 
халықтың ортақ идея төңірегінде ерікті түрде топтаса білуі осы идеологияға байланысты. 
Қазіргі ең күшті деген ұлт-мемлекеттерге көз жүгіртсек, олардың барлығы «ұлт құру» 
деген күрделі процесті бастан өткерген. Бұл жолда талай қиындықтарды бастан кешкен. 
ХVIII  ғасырда  ұлттық  мемлекет  құру  процесін  бастағанға  дейін  Еуропадағы  елдердің 
көбі басы бірікпеген, құрақ-құрақ князьдықтардан тұрған еді. Еңбек бөлінісі, әкімшілік 
басқару және мәдени ықпалдастық салаларындағы үш революцияның арқасында  Еуропа 
елдері ұлттық мемлекеттерге біріге бастады. 
Англия,  Франция,  Испания,  Голландия,  кейіннен  қалыптасқан  Германия,  Италия, 
Швеция, Финляндия, Израиль, Сингапур, Малайзия мемлекеттері «ұлт-мемлекеттердің» 
үлгісі  бола  алады.  Бұл  елдердің  аумағында  түрлі  этностардың  өкілдері  тұрып  жатты, 
олардың  діні,  тілі,  дәстүрі  әркелкі  болды.  Дегенмен,  негізгі  этнос тың  мәдени-саяси 
үстемдігі  күшті  болғаны  сондай,  әлеуметтік  институттардың  формасы  мен  мазмұнын, 
саяси бағытын осылар айқындап отырды. 
Ұлт-мемлекеттер доминантты этнос ты өзек етіп ала отырып, сол халықтың тектілігін 
дәлелдеуге,  тамырын  тереңнен  тарқатуға  тырысты.  Бұл  үшін  олар  сол   этностың  аңыз-
әпсаналарын,  фольклорын,  тарихи  жәдігерлерін,  дүниетанымын,  музыкасы  мен  мәдени 
мұрасын  кеңінен  пайдаланып,  насихаттады.  Бұл  ретте  тарихты  ұлттық  тұрғыдан  қайта 
жазу өте маңызды. Онда ұлттың басын құраған халықтың ортақ тарихи тағдырына, өзіне 
тән ерекшеліктеріне басымдық берілуі керек. 
Ұлт-мемлекетте  ортақ  тілдің,  ортақ  символдардың  алар  орны  ерекше.  Барлық  халық 
мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы біртұтас ұлт құруға қызмет етіп жатқанын сезінуі керек. 
Ең  бастысы,  бұл  ұлт  құру  процесі  қоғамның  барлық  бөліктерін,  соның  ішінде,  әсіресе 
қалың бұқараны қамтуы тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет