25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырмен тең


„ тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта елімізде жүргізілген ілкімді



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата03.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#7360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

„

тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта елімізде жүргізілген ілкімді 



экономикалық саясат нәтижесінде шаһарда экономикалық 

тұрақтылық орнығып, өрлеу-даму  тенденциялары айқын әрі ашық 

дамыды. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Өңірлік  коммуникациялар 

қызметінің  алаңында  қала  әкімі 

Нұржан Календеров «Ширек ғасыр 

шежіресі» тақырыбында өткен бри-

финг барысында шаһардың кешегісі 

мен бүгінгісі туралы айтып, әр салаға 

кеңінен тоқталды. Жалпы кешегі 

Кеңес дәуірінде Тараз Одақ бойынша 

ең ірі химия өнеркәсібінің орталығы 

болғандығы ақиқат. Дегенмен Одақ 

тараған соң бұрынғы жүйенің ыдыра-

уы, экономикалық байланыстардың 

бұзылуы  себебінен  қаланың 

инфрақұрылымдарында  бірқатар 

өзгерістер пайда болып, өндіріс және 

өнеркәсіп орындарының жұмысында 

іркілістерге  жол  берілгендігі 

баршаға  аян.  Тәуелсіздік  алып, 

еңсе түзеген қазіргі уақытта қалада 

экономикалық тұрақтылық орнығып, 

өрлеу-даму  тенденциялары айқын 

байқалуда.  Мәселен,  2000  жылы 

өнеркәсіп  өнімдерін  өндірудегі 

құлдырау-тоқтап даму кезеңі бастал-

ды. Мысалы, 1999 жылы қаланың 

өнеркәсіп орындары барлығы 10,4 

млрд.  теңгенің  өнімін  өндірсе, 

үстіміздегі жылы   161  млрд. 749,8 

млн. теңгенің өнімдерін шығарды. 

Өткен жылмен салыстырғанда 22 

млрд.  317,4  млн.  теңгеге  артық 

өнім өндірген. Сондай-ақ шаһарда  

үдемелі индустриялы-инновациялық 

жобаларды жүзеге асыруға үлкен 

мән  берілуде.  Келер  жылы  құны 

10,0  млрд.  теңгені  құрайтын  3 

индустриалдық жобаны іске асыру 

жоспарланып отыр, онда 95 жаңа 

жұмыс орны ашылмақ.  Осы жоспар 

аясында күні кеше  «Қазфосфат» 

ЖШС-і «Минералды тыңайтқыштар 

зауыты» Тараз филиалы экстраци-

онды фосфор қышқылын өндіретін 

ЭФК-1  технологиялық  жүйесін 

қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап, 

іске қосты. Жобаның құны 7 млрд. 

700 млн. теңге, қуаттылығы жылына  

220 мың тоннаны құрап отыр. 

2002  жылдары  қалада  1960 

бірлік    шағын  және  орта  бизнес 

кәсіпорындары  жұмыс  істесе, 

ағымдағы  жылы  қалада  31  003  

кәсіпкерлік  субъектілері тіркелген. 

Оның ішінде 25693 жеке кәсіпкер,  

5380 шағын және 33 орта кәсіпорын 

субъектілері. Шағын, орта бизнес 

субъектілерімен  өндірілген  өнім 

көлемінің үлесі 14 млрд. 148,0 млн. 

теңгені  құрап,  жалпы  өнеркәсіп 

Қала қарқынды дамуда.  

 

кәсіпорындарымен  өндірілген 

өнімнің 8,7%-ын құрап отыр. 

Ағымдағы  жылдың  1  қара-

шасындағы есеп бойынша бюджет-

ке 24 млрд. 984,0 млн. теңге салық 

және басқа да міндетті төлемдер 

түсіп, жылдық жоспар 122,5%-ға 

орындалыпты.  Осы  жылдың  10 

айында  бюджеттің  шығыс  бөлігі  

трансферттерді  қоса есептегенде                                                                    

34 млрд. 341,0 млн. теңгені құрап, 

97,2%  игерілген.  Азаматтардың 

мүлкін жария ету бойынша бүгінгі 

күнге барлығы 2024 арыз тіркеліп, 

одан 17 млрд. 096,8 млн. теңгені 

құрайтын  1915  құжат  бойынша 

мүлікті  жария  етуге  оң  шешім 

қабылданған.  Ал  76  құжат  кері 

қайтарылыпты.  Сондай-ақ  2016 

жылдың қаңтар-қазан айларында 

107,6 мың шаршы метр тұрғын үй 

пайдалануға берілген. 

Сондай-ақ есепті мерзімде 94 мек-

тепке дейінгі білім мекемесі, оның 

ішінде  44 мемлекеттік  балабақша 

мен 21 шағын орталық және жеке 

меншік 29 балабақша мен 1 шағын 

орталық жұмыс жасаған. Аталған 

ұйымдарда 1-6 жас аралығындағы 

18 003 бала мектепке дейінгі тәрбие 

және  оқытумен  қамтылған  бол-

са,  жалпы  балалардың  мектеп-

ке дейінгі тәрбие және оқытумен 

қамтылу үлесі 1-6 жас аралығында 

66,2 пайызды, 3-6 жас аралығында 

85,0  пайызды  құраған.  Сонымен 

қатар балаларды мектепке дейінгі 

ұйымдармен қамту үшін осы жылы 

870 орын ашу жоспарланған болса, 

қазан айына дейін 880 орын ашылды. 

Мұнымен қоса, білім саласының 

8  нысанында  күрделі  жөндеу 

жұмыстарын жүргізуге  қазынадан                                                                                         

1 млрд. 224 млн. теңге қарастырылып, 

6  мектеп,  3  балабақшаға  күрделі 

жөндеу  жұмыстары  жүргізілген. 

10 білім мекемесінде 114827 мың 

теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары 

жүргізіліпті.

-  Ре спубликалық  бюджет 

қаражаты  есебінен  «Кірпіш  за-

уыты»  аймағында  «Нұрлы  жол» 

инфрақұрылымды  дамытудың 

2015-2019  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы аясын-

да 300 орынды мектеп пайдалануға 

берілді.  «Салтанат»  мөлтек  ау-

данында  1000  орынды  мектеп 

құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы 

алғанда,  2016  жылы  әлеуметтік 

салаға 22 млрд. 395,6 млн. теңге 

немесе қала бюджетінің 68,7 пай-

ызы  жоспарланған.  Оның  ішінде 

жұмыспен қамту және әлеуметтік 

қамтамасыз  ету  шығындарына 

1   м л рд .   6 2 4 , 7   м л н .   т е ң ге 

қарастырылған.  Есепті  кезеңде 

300,3 млн. теңгеге 22766 азаматқа 

әлеуметтік көмек көрсетілді, оның 

ішінде  12,9  млн.  теңгеге  атаулы 

әлеуметтік көмек, 147,6 млн. теңгеге 

тұрғын үй көмегі, 139,8 млн. теңгеге 

18 жасқа дейінгі балаларға берілетін 

жәрдемақы. «Өрлеу» бағдарламасы 

аясында  74 отбасының 458 адамына  

23,4  млн.  теңге  шартты  ақшалай 

көмек төленді. ҚР Тәуелсіздігінің 

25  жылдығына  орай  монумент 

құрылысын  салып,  қосалқы 

аумағын  абаттандыру,  Төле  би 

даңғылының сыртқы жарықтандыру 

желілерін қайта жаңғырту, Төле би 

даңғылы Керімбай орта мектебінің 

маңында  жер  үсті  жүргіншілер 

көпірінің  құрылысы  салынып, 

нысан  қолданысқа  берілді. 

Тәуелсіздік жылдары бір ғана об-

лыс орталығында екі мөлтек ауданы 

(Астана,  Бәйтерек)  мен  «Арай» 

алабы  соғылып,    11  мектеп,  56 

мектепке дейінгі мекеме, екі мектеп-

тен тыс балалар шығармашылығы 

орталығы, алты денсаулық ныса-

ны, бір мәдениет және алты спорт 

кешені  пайдалануға  беріліпті.                                     

Бұл - білгенге үлкен жетістік, - деді 

Нұржан Сәбитұлы. Сондай-ақ ол 

қалада іске асырылып жатқан өзге 

де жұмыстарға кеңінен тоқталып, 

журналистердің қойған сұрақтарына 

тұщымды жауап берді. 

басты  міндеттердің  бірі.  Осы  мақсатқа  1 

млрд.78  млн.  теңге  бөлінді.  Білім  саласы-

на  жасалған  жағдайлар  білім  деңгейінің 

артуына  үлкен  мүмкіндік  берді.  Облыс 

оқушылары республикалық олимпиадалардың 

қорытындысы  бойынша  5  жыл  қатарынан, 

республикалық  ғылыми  жарыстардың 

қорытындысы бойынша 4-ші жыл қатарынан 

«Ең  үздік  команда»  атанып,  І  орынды 

иеленді. Соңғы 5 жылда облыс оқушылары 

республикалық, халықаралық, дүниежүзілік 

олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 716 

медаль,  оның  ішінде  жаратылыстану-мате-

матика пәндері бойынша өткен дүниежүзілік 

олимпиадаларда  32  медаль  иеленді,  –  деді 

басқарма басшысы.

Биылғы оқу жылынан бастап еліміздің 1-сы-

нып оқушылары (25767 оқушы) жаңартылған 

білім  беру  мазмұнына  және  5  күндік  оқу 

аптасына көшті. Облыс бойынша 1-сыныпқа 

сабақ беретін 3756 педагог жаңартылған білім 

беру  мазмұны  бойынша  біліктілікті  артты-

ру курстарынан өткен. Облыста «Үш тілде 

білім берудің 2015-2019 жылдарға арналған 

кешенді жоспары» әзірленіп, жоспарға сәйкес 

жұмыстар жүргізілуде екен. 

Балалардың  сабақтан  тыс  уақыттарын 

тиімді  ұйымдастыру  мақсатында  облыс 

оқушыларының 93,9%-ы қосымша біліммен 

қамтылған. Мектептен тыс білім беретін ме-

кемелер желісі жыл сайын артып, оған мектеп 

жасындағы балалар жаппай тартылуда. Өткен 

оқу жылында 67 мыңға жуық оқушы 43 спорт 

түрінен түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға  

қатысып, өздерінің шеберліктерін шыңдады. 

2016 жылы мектеп пен колледж оқушылары 

арасында  өткен  республикалық  8  жазғы 

Спартакиадада облыс командасы ІІІ орынды 

иеленген. Ағымдағы жылы Алматы қаласында 

өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 

орай ұйымдастырылған «Жасыл ғаламшар» 

атты  халықаралық  балалар  экологиялық 

форумында  5  оқушының  шығармашылық 

жұмыстары көрмеге қойылған. «Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев: «Балалар – қоғамымыздың ең 

әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз 

болуға тиіс емес» - деп баса айтқан болатын. 

Бұл тұрғыда ең маңызды міндеттердің бірі – 

жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз 

қалған  балаларға  қолдау  көрсету.  Облы-

ста  балалар  үйлерінің  тәрбиеленушілерін 

отбасылық тәрбиеге беруді дамыту бойынша 

маңызды шаралар қабылданып, осы оқу жы-

лында 10 отбасы үлгісіндегі балалар үйлері 

ашылды. Соңғы 5 жылда тұрғын үйге мұқтаж 

277 жетім балаға тұрғын үй беріліп, жетім 

және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 

балаларды қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, 

патронаттық  тәрбиеге  беру  жұмыстары 

өз  жалғасын  табуда»  –  деген  Сұлушаш 

Сәтбекқызы  ұстаздардың  шығармашылық 

жетістіктеріне де кеңінен тоқталды. 

Жиын барысында білім саласының Ұлт жос-

парына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстары 

сараланды. Жиын соңында басқарма басшысы 

БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

ОРТА


7

тӘуЕлсіздік – тірЕгім!

 

„

тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жамбыл облысында бойындағы ерік-жігерін ел 



дамуына арнап жүрген белсенді жастардың форумы өтті.

Айсана НҰРБАП

Бір  үйдің  баласындай  бір 

арнаға  тоғысқан  облыс  жаста-

ры  өз  өнерлерін  ортаға  салып, 

жеңістің жебесіндей көкке аты-

лып,  өздерін  әр  қырынан  мой-

ындата  білген  олар  мерекелік 

марапатқа ие болды.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл 

облыстық филиалы жанындағы 

«Жас Отан» Жастар қанаты мен 

облыс әкімдігінің жастар саяса-

ты  мәселелері  басқармасының 

мұрындық  болуымен  өткен  

ауқымды шара Тәуелсіздіктің 25 

жылдық  мерейтойын,  тар  жол, 

тайғақ  кешкен  халқымыздың 

тағдырлы тарихын, өткеніміздің 

өнегелі  тағылымын  келешек-

ке  аманаттап,  Тәуелсіздік 

құрдастарын, Жастар ресурстық 

орталықтарын    және  өңірде 

мемлекеттік  жастар  саясатын 

іске асыруға белсене үлес қосып 

келе жатқан жастардың еңбегін 

елеп, болашаққа, Отанға деген 

ыстық ықыласын ынталандыру 

мақсатында ұйымдастырылды.  

- Ел тәуелсіздігі - халқымызға 

ғасырлар  бойы  арман  болған, 

егемендігімізді биікке көтеретін, 

Отанымыздың әрбір азаматы үшін 

ең қастерлі мереке. Бүгінде әлем 

елдері Тәуелсіз Қазақстанның қол 

жеткізген жетістіктеріне қызыға 

қарайды.  25  жылдың  ішінде 

мемлекетіміз  салиқалы  саяси 

құрылымның өзіндік үлгісін жа-

сады. Осы биіктерді бағындырып, 

тиісті  мақсаттарға  жету  үшін 

атқарылған ауқымды жұмыстарға 

жастар да бір кісідей атсалысып 

келеді. Ел болып, өсіп-өркендеу 

үшін бізде барлық мүмкіндіктер 

бар.  Тәуелсіздіктің  туын 

желбіретіп, тұғырын нығайтқан 

біздің  тарих  алдында  жүзіміз 

жарқын.    Еліміздің  даму  жо-

лында алға қойылған мақсаттар 

мен тындырымды істерге табыс 

тілей отырып, барлықтарыңызды 

мерекемен  шын  жүректен 

құттықтаймын.    Асқақтау  жо-

 

„

ақыртөбе жер асты газ қоймасы  Қазақстан республикасында бірыңғай газбен жабдықтау 



жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол газ тұтынудың қалыпсыздығын болдырмауға және 

тұтынуда жедел газ резервтерінің пайда болуын реттеуге арналған. ақыртөбе жер асты газ қоймасы 

Бұхара – ташкент – Бішкек – алматы  магистральды газ құбырының бойында орналасқан. 

ақыртөбе жер асты газ қоймасына 30 жыл!

Халықаралық   Қонаев қорының  Жамбыл 

облыстық бөлімшесінің құрылғанына 2016 

жылы жиырма жыл толды. Осы оқиғаны 

лайықты  атап өтуге дайындық шаралары  

аясында «Д.А.Қонаев және Әулиеата өңірі» 

деген атпен   кезінде онымен дидарласқан 

ардагерлердің  қызықты деректерге толы  

естеліктерінен,  облысымызға  келген 

сапарларында түсірілген фотосуреттер-

ден тұратын жинақ шығарылып жатыр. 

Осылайша,  Жамбыл өлкесіндегілердің 

естеліктері бір мұқаба астына біріктіріліп, 

алғаш рет жинақ болып  қолға тигелі отыр. 

Бұл  -  бірінші  кітап.  Келесі  кітаптарды 

шығару  -  алдағы    күндердің  шаруасы.

Сондай-ақ кемеңгердің өнегелі өмір жо-

лына арналған  кітапша да жақын арада 

жарық көрмек.

Алдағы  жылдың  қаңтар  айында 

Д.А.Қонаевтың туғанына 105 жыл тола-

ды.  Бұл  оқиғаны  лайықты  атап  өтумен 

бірге,  қордың  құрылғанына  20  жыл 

толуын,  шығарған  кітабымыздың  та-

ныстырылымын,  басқа  да    шараларды 

өткізуді  осы  күнге  белгілеп  отырмыз. 

Бұлардың  бәрі,  әрине,  қаржы  көздерін 

іздестіруді талап етеді. Өйткені  қор   бюд-

жеттен  қаржыландырылмайтындықтан,  

демеушілеріміздің қатары өскені  қажет. 

Осы себепті  үлгі көрсете алар, жүрегінде 

иманы    бар  азаматтарға  сөз  арнауға   

мәжбүрміз.

Ата-бабаларымыз  әйгілі  адамдардың 

әруағын қадірлеуге келгенде  тарынуды 

намыс көрген. «Құдай бергенге береді» 

деген барлық халықта бар наным-түсінікті 

ұстанып,  шамасы келгенше елден қалыспай  

үлес қосуға  ұмтылған. Бұл дәстүр бүгін де 

жалғасын тапқаны керек. Сондықтан  елім-

жұртым деген  азаматтардың  Қазақстанды 

ұзақ  жыл  басқарғанда  атқарған  ерен 

еңбектерімен, халқына сіңірген өлшеусіз 

қызметімен  мың-сан  алғысқа  бөленіп,  

артына өшпес із қалдырған  ұлы тұлғаны  

ұлықтау сияқты сауапты іске  өз үлестерін 

қосатындықтарына    сенеміз.  Мәрттік  

танытқан, берекелі қолын ұсынғандарға  

шынайы  ризашылығымызды    білдіріп, 

Сіздерді  Димекеңнің  әруағы  қолдасын,  

ойға алған   істеріңіздің жолын оңғарсын  

деген тілегімізді арнаймыз. 

   Біздің  есеп-шотымыз:   

  Жамбылское  областное  отделение 

Международного фонда Д.А.Кунаева

ИИК КZ 636 010 161 000 309 744  (КZТ)

Наименование Банка: АО «Народный  

Банк Казахстана»

БИК Банка  HSBKKZKX

БИН 960841011662

КБЕ 18

  Егер  осы бір игі істе  бізге  қол ұшын 

созам  деген  азаматтар  болса,  қордың  

Тараздағы   8(726) 243 57 04  байланыс 

телефонына қоңырау шалуына  немесе 

8(726)2510280  телефоны  арқылы    қор  

төрағасының    өзіне  тікелей  шығуына  

болады.


Аманкелді КАРЕНтАЕВ,

 « Халықаралық Қонаев қоры» 

облыстық бөлімшесінің төрағасы.  

 

„

 аса көрнекті мемлекет 



және қоғам қайраткері  

дінмұхамед ахметұлы  

Қонаевты білмейтін 

қазақ жоқ деуге болады. 

Елбасымыз Нұрсұлтан  

Әбішұлы Назарбаев: 

«Қонаев есімі Қазақстан 

халқымен бірге жасары 

анық, ақиқат. Ол кісі – 

бәрімізге ұстаз болған 

ұлы адам» – деген  

жоғары бағасын  берген  

болатын.

Қонаев қорына 

қолдау көрсетейік!

Тараз өндірістік ағымдағы магистральдық 

газ  құбыры  басқармасының  құрамындағы 

бұл қойма 1986 жылы өндірістік басқарма 

бастығы  Лев  Фромердің  басшылығымен 

және  көптеген  инженер-техниктер,  маман 

жұмысшылардың жігерлі еңбегінің арқасында 

сәтті іске қосылды. Ақыртөбе ЖГҚ  газды 

қабылдау, қысымдап айдау, тазарту, құрғату 

және іріктеп пайдалану жұмыстарын жүзеге 

асырады.  Осы  жауапты  жұмыстарды  іске 

асыруда  Ақыртөбе  ауылының  азаматтары 

аянбай еңбек етті. Жұмыста өз тәжірибелерін 

арттыра отырып, газ қоймасының өркендеуіне 

цех басшылары Садуақас Наубетов, Шәкәрім 

Танабеков,    Алдаберген  Гузаров,  инже-

нер-техниктер  Сапар  Сабырбаев,  Шажа-

лы  Андосов,  Келсінбай  Жанболатов,                                                                        

Абдужалил Жөнкебаев, Асқар Мандирбаев, 

электр дәнекерлеуші Владимир Щелкунов өз 

үлестерін қосты. 

Жер  асты  газ  қоймасы  табиғи  ерекше 

циклде жұмыс істейді. Жаз мезгілінде газ 

магистральды  газ  құбырынан  қысымдау 

агрегаттарының  күшімен  ұңғымаларға 

тас,  құм,  саз,  алевролиттерден  құралған 

тереңдігі  жинаушы  қабаттарға  тау  жы-

ныстарына  газ  қысымдап  айдалады.  Қыс 

мезгілінде Жамбыл, Алматы облыстарында, 

Қырғыз Республикасында газға сұраныс ар-

тып, газ құбырында газ көлемін толықтыру 

қажеттігі туғанда, жер асты газ қоймасында 

сақталған  газ  құбырға  беріліп,  тұтынуды 

қалыптастырады. Осы жұмыстарды 2-3 жыл-

да өз мамандарымыз, БӨАиА инженерлері 

Олег Гомин, Сарсен Мирзабеков, Досымбек 

Қасымқұловтар шеберлікпен орындады. Осы 

салада еңбегі сіңген газ өнімдеу операторла-

ры мен инженерлері, барша білікті мамандар 

Ақыртөбе ЖГҚ-ның  барлық жетістіктеріне 

өлшеусіз үлес қосты.

Ақыртөбе ЖГҚ өнімділігін ұлғайту мен 

қоймадағы актив газ көлемін арттыру бары-

сында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы 2012-

2014  жылдарға кешенді бағдарламалар жасал-

ды. Осы бағдарламаға сәйкес ұңғымалардың 

өнімділігін  ұлғайту  барысында    Ресейдің 

«ООО ООО ВН НИГАЗ» ООО «БИТТЕХ-

НИКА»  ұжымдарымен  бірге  ғылым  мен 

техниканың соңғы жетістіктері іске қосылып, 

күрделі жұмыстар жүргізілуде. 

Бүгінде  Ақыртөбе  жер  асты  газ  сақтау 

қоймасының  құрылғанына  30  жыл  толып 

отыр.  Осы жылдар ішінде өз ісіне елеулі үлес 

қосып, еңбегімен еленген барша әріптестерім 

еңбегінің жемісін көрсе деген ниетім бар. 

1992-2014    жылдар  аралығында  осы  ор-

таны  басқарған  басшы  ретінде  Ақыртөбе 

ЖГҚ  ұжымын  «Мұнай-газ  өнеркәсібі» 

мерекесі қарсаңында Ақыртөбе ЖГҚ-ның 30 

жылдығымен шын жүрегіммен құттықтап, 

еңбекте табыс, отбасына береке тілеймін.



Әбдірахман ЕРАЛИЕВ, 

1992-2014 жылдар аралығында 

Ақыртөбе жГҚ басқарған сала ардагері.

лында  жігерін  қамшылаған 

жалынды  жастарымызға  тек 

қана  сәттілік  тілеймін,  -  деді 

шараны  ашып  берген  Жам-

был облысы әкімдігінің жастар                                                                      

саясаты мәселелері басқармасы 

басшысының міндетін атқарушы 

Ербол Ағатаев.  

Мерекелік ізгі тілектің ізін су-

ытпай жас әнші Ақерке Құрбан 

салтанатты  сахнаға  шығып 

«Туған  жерім  -  Жамбылым» 

әнін  шырқап,  өз  өнерлерімен, 

белсенді  еңбегімен  өлке  намы-

сын  өрге  жетелеп  жүрген  өңір 

жастарын  бір  сергітіп  тастады. 

Бұдан әрі Ербол Боратұлы мере-

кеге орай қалалық және аудандық                                                 

Жастар ресурстық орталықтарын, 

ал «Нұр Отан» партиясы Тараз 

қалалық  филиалы  жанындағы 

«Жас Отан» Жастар қанатының 

төрағасы  Бақкелді  Тұрсынбек 

Тәуелсіздік  құрдастарын  мара-

паттады.    Мерекелік  мінберден 

Жамбыл  облыстық  Жастар 

ресурстық  орталығының  бас-

шысы  Талғат  Шайхиевтің  де 

аты аталды. Сондай-ақ салтанат-

ты форум барысында ағымдағы 

жылдың 2-9 қарашасы аралығында 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 

облыс  әкімдігінің  жастар  сая-

саты мәселелері басқармасының 

ұйымдастыруымен  өткен  жас-

тар  автокеруенінен  бейнеролик 

көрсетіліп,  керуен  сапарына 

белсенді  араласқан  40-тан  аса 

жастар  мен  өңірдегі  үздік  во-

лонтерлерге  де  арнайы    Алғыс 

хаттар  табысталды.  Барлық 

марапатталған жастардың атынан 

республикалық және халықаралық 

жыр  мүшәйраларының  лауреа-

ты,  жас  ақын  Нұржан  Қадірәлі 

тәуелсіздікке арнаған поэмасынан 

үзінді оқып, жастардың патриоттық 

рухын көтерді. Игі шараның соңы 

облыс өнерпаздарының концерттік 

бағдарламасына ұласты.  

Ең белсенді, ең алғыр, ең өнерлі.   



әлЕуМЕТ

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



апталыҚ жОғары дЕңгЕйдЕ өтті

 

„

«Бірінші байлық – денсаулық» екендігін 



бүгінде адамзат баласы жақсы түсінеді. 

адамның алтынға айырбастамас құндылығы 

саналатын саулықтың қадірін ауырмай тұрып 

білгенге не жетсін! 

міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығы

Бұл ретте ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеудің ұзақ та 

саламатты өмір сүруге жағдай жасайтынын ескерсек, елімізде жаңадан 

енгізіліп отырған міндетті медициналық сақтандырудың осы мәселеде 

маңызы орасан зор.

 Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет 

басшысының тапсырмасы бойынша  Бес институттық реформаны жүзеге 

асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт  жоспарының  80-қадамына 

байланысты және денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 

жылдарға арналған «Денсаулық»  мемлекеттік бағдарламасы аясында 

енгізіліп  отыр.  Медициналық  сақтандыру    халықтың  денсаулығын 

қорғау  жүйесі  болып  табылады.  Дамыған  елдердің  көпшілігі  оны 

денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көріп отыр. Арнайы 

қорға  жиналған  қаражат  есебінен  тегін  медициналық  көмек  алуға 

болады.

Бүгінгі  таңда  басы  ауырып,  балтыры  сыздамайтын  адам  жоқ. 



Сондықтан да денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойласты-

ру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауап-

ты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген 

жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі 

жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ. 

Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекеме-

лер төлеп отырады, ал жұмыссыздар  мен еңбекке жарамсыз адамдар 

үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ еңбеккер азаматтар 

өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың 

барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең 

көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.

 Медициналық сақтандыру —  денсаулық сақтаудағы  халықтың 

мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде 

сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік 

болады. 

Міндетті медициналық сақтандыруды екіге бөліп қарастырар болсақ, 

оның  біріншісі  –  негізгі  сақтандыру  түрі.  Бұл  сақтандыру  түріне 

мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қызметтер 

кіреді. Ол еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болады. Мемлекет 

өз міндетіне медициналық қызметтердің бірнеше түрін алады. Мысалы, 

жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиацияны, әлеуметтік маңызы бар 

ауруларға ем көрсетуді, төтенше жағдайда көмек көрсетуді және алдын 

алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады.

  Ал  екінші  түрі  –  міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  аясында 

қаржыландырылатын сақтандыру. Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет