25-тақырып. Орфография мен пунктуацияны оқыту әдістемесі



бет1/7
Дата11.05.2023
өлшемі126 Kb.
#91788
  1   2   3   4   5   6   7



25-тақырып. Орфография мен пунктуацияны оқыту әдістемесі
1. Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары.
2. Орфографиялық жұмыстың мазмұны.
3. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.
4. Орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.
5. Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері.
6. Пунктуация және мәнерлеп оқу.
7. Пунктуациялық қателер және оларды болдырмау жолдары. Жаттығулар мен талдау түрлері.
8. Пунктуацияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.
1. Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос — дұрыс, түзу және графия — жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.

Тілде жазу үш принципке сүйенеді.


1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс (Жәмпейіс емес) болып сөздің түбірі де, қосымша да өз тұлғаларын сақтап жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал, кат, қабар болып жазылмайды, дәстүр бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарга сүйеніліп, айтылуы және естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып қойды, белбеу сияқты сөздер осылай айтылуынша, естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи тұлғалары - жаздың күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып қойды, белбау.
Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана принцип бойынша жазылмайды. Сөздердің көпшілігі морфологиялық принцип бойынша жазылса да, фонетикалык және дәстүрлі принциптер бойынша да жазылатын сөздер аз емес. Оны қазақ тілінің ресми бекітілген «Орфографиялық (емле) ережелері» мен - орфографиялық сөздіктері белгілеп отырады. Орфографиялық ережелерді Қазақстан республикасының Жоғаргы Кеңесі бекітеді.
Орфаграфияны оқыту жөніндегі Буслаев пікірі еске тұтарлық пайдалы методикалық кеңес: «...Емлені грамматикалық жолмен оқыту қалай сөйлесең, қалай естісең солай жаз деген қағидамен шектелмейді, қайта, грамматика бойынша, сөздердің өзгеруі мен түрленуін және сөйлемдердің байланысу заңдылықтарын ескере отырып жазуды талап етеді...емлені үйретуде өзінше жаңалық енгізуге болмайды, тіпті емлені жетілдіруде айтарлықтай көмектесерлік жаңалық болғанның өзінде де жалпы пайдаланудағы ізбен жүру керек».
Буслаевтың орфаграфиялық дағдыны игеруде бір ізділікті сақтау жөніндегі талабы да құптарлық: «Оқушылар көрсеткенді әбден берік меңгергенше, жаңаны бастамау керек». Сондай-ақ, оқу сабақтарын оқушылар материалды басынан аяғына дейін саналы игеретіндей етіп ұйымдастыруды ұсынады да, мазмұны және орындау сипатына қарай бірте-бірте күрделеніп отыратын әр жақты жаттығулар пайдалануға кеңес береді.
Таным теориясы бойынша, оқыту процесінде ең бірінші және маңызды кезең оқушылардың өтіліп отырған зат немесе құбылыстарды қабылдауы болып табылады. Оқытуда табысқа жету көп жағдайда оқушылардың қабылдауын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Міне, осыдан келіп, қабылдаудың айқындылығы оқытудың бірінші принципін құрайды. Оқыту процесінде көру арқылы қабылдау маңызды рөл атқаратындықтан, бұл – педагогикада көрнекілік принципі деп аталады. Дұрыс қабылдау үшін есту, аңғару сияқты сезім мүшелері де қатынасып отырады. Көрнекілік принципі мұның барлығын да өзіне қамтиды. Сондықтан бұл термин шартты түрде алынды.
Көрнекілік және қабылдаудың айқындығы өтіліп отырған объектіні саналы түсіну процесімен тығыз байланысты. Зейінді объектіге шоғырландыра отырып, құбылыстың мәнін білу, онда қандай байланыстылық бар екендігін аңғару, байланыстардың себебін ашу, өтіліп отырған құбылысты жан-жақты тану мүмкіндігін береді. Бұдан білімді белсенді түрде меңгеру принципі келіп шығады.
Оқытудың келесі кезеңінде білімді пысықтай отырып, оны бекіте түсу процесін жүзеге асыру болады. Бұл – меңгерілген білімнің беріктік принципін туғызады. Білімді саналы және берік игеру материалды оқушының шама-шарқына лайық оқытқанда ғана жүзеге асырылмақ. Дұрыс қабылданбаған немесе оқушының меңгеруге шама-шарқы жетпеген материалдар оқытудың келесі кезеңдерінде түсінікті болуы тиіс. Демек, үйретілген материал белгілі бір жүйемен құрылуы тиіс. Мұндай талап оқытудың бірізді және жүйелі құрылуы принципін қажет етеді. Ең соңында, оқытудың ең маңызды принципі ретінде ғылымға негізделген принцип алынады. Сөйтіп, оқыту принциптері:
1) көрнекілік принципі;
2) саналылық принципі;
3) білімнің берік болу принципі;
4) шамаға лайықтау принципі;
5) жүйелілік принципі;
6) білімнің ғылымға негізделу принципі болып алтыға бөлінеді.
Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографины оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады: 1) байқау әдісі, 2) баяндау әдісі, 3) әңгімелесу әдісі, 4) кітаппен жұмыс әдісі, 5) жаттығу әдісі, 6) талдау – жинақтау әдісі, 7) салыстырма әдіс, 8) индукция – дедукция т.б.
2. Орфографиялық жаттығу грамматикалық және орфографиялық түсінік бойынша, сондай-ақ талдаулар жасау арқылы орындалып отырады. Жаттығу орындатудың бір түрі басқа түрлерімен алма-кезек ауыстырылып отырады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жаттығу кезінде көшіріп жазу және диктант әлементтері, тіпті творчестволық диктант немесе шығарма араласа жүргізіліп отырылуы мүмкін. Мұндай жаттығулар берік орфографиялық дағды қалыптастыруға көмектеседі. Алайда, орындауға үсынылатын жаттығулар дұрыс іріктеліп, оны орындату жолдары дұрыс белгіленуі және жұмыс шебер үйымдастырылуы қажет.
Жаттығу іріктеуде және оны оны орындату тәсілдерін белгілеуде шамамен мына сияқты талаптар ескерілуі тиіс:
1. Берілген жаттығу оқушылардың белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасай ала ма;
2. Жаттығу класс оқушыларының шама-шарқына лайық па (тым жеңіл болмауы ескерілу керек);
3. Көру және есту сезімдері қаншалықты қатыстырылуы ойластырылған ба;
4. Жаттығу орындау кезінде сөйлеу, қу, лексикалық және грамматикалық жұмыстар жан-жақты қамтыла ма;
5. Жаттығу орфограммаларды дұрыс танып, есте сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ете ала ма;
6. Қате болдырмауды алдын ала ескерту үшін, алдын ала жұмыстар жүргізу ескерілген бе;
7. Көзделіп отырған нақтылы мақсатқа жетуге жаттығу қаншалықты үйлесімді (ол мақсаттарға анықтама ережені айталау, қиындық келтіретін орфограмманы табу, орфограмманың жазылу сипатын берік сақтау, нақтылы жағдайларға байланысты ережелерді ауыстыра қолдану т.б. жатады).
Орфографияны үйрету - біртұтас қиын процесс. Бұл процестің біртұтастығы оқытылатын баланың психикалық қызметінің бірлігімен, қабылдау бірлігімен, тіл мен ойлаудың бірлігімен, ауызша және жазбаша тіл бірлігімен жүзеге асырылады.
Жаттығуға байланысты қандай жұмыс түрлерін жүргізу оқушылар алған орфографиялық дағды дәрежесімен дәл сол кезде қойылып отырған мақсатқа негізделеді. Егер жаңа өтілген ережеге қорытынды жасалып, ол ережеге байланысты әлде де жаттыға түсу, еске берік сақтау қажет болса, онда грамматикалық және орфографиялық талдау жасай отырып, көшіртіп жазғызу керек. Егер оқушыларға емлелік қиындықтарды тапқызып, орфограммаларды жете таныту мақсат етіп қойылса, онда мына сияқты жұмыстар жүргізуді үсынуға болады:
  1. жазылуы қиын сөздерді теріп көшіру.


  2. Терме диктант.


  3. Ауызша талдау.


  4. Қажетті орфограммалардың астын сыздыру.


  5. Өз жазғандарын өзі тексеру т.б.


Жаттығу жүргізуде мынадай дидактикалық талаптар қойылады: жаттығудың әржақтылығы және қайталай жаттығу. Тақырыпты өту кезіндегі жаттығумен шектеліп қалуға болмайды. Келесі сабақтарда немесе келесі тақырыптарды өту кезінде де қайталана жаттықтырылу керек. Сондай-ақ сыныптағы оқушылардың белгілі орфограмманы меңгреу дәрежесіне қарай және оқушыларға арнайы тапсырма беру жолымен жаттығу орындату оқу процесіндегі тиімді тәсіл болып табылады.


3. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау. Грамматикалық ереже қолдану тәртібі Я.А.Коменскийге дейін былайша жүйеленетін еді. Алдымен ереже айтылып, одан кейін мысал келтіріліп, ең соңында жаттығу жүргізілетін, Коменский бұл схемаға өзгеріс енгізіп, біріші орынға мысалдарды, екінші орынға ережені қойды.
Бұл тәртіп бойынша, оқушылар сол ережеге жаңадан мысал ойланады немесе ережені қалай қолданудың жолын қарастырады. Мұндай процестер арқылы тек мысалдар таңдалынып қоймай, ережеге бірнеше дүркін қайта оралуға мүмкіндік туады, сөйтіп ережені саналы түрде меңгеруге қолайлы жағдай жасалады. Дидактикалық бұл схеманы жүзеге асыру оқу процесінде оқушылардың ережені догматикалық, механикалық жаттап алудан арылып, тіл заңдылығын саналы меңгеруіне жағдай жасайды.
І. Әрбір ғылым өте тұжырымды, дәл ереже арқылы берілуі тиіс.
ІІ. Әрбір ереже қысқа, бірақ өте айқын сөздермен баяндалуы тиіс.
ІІІ. Әрбір ереже түсінікті болып, оны әр түрлі жолмен пайдалана алатын болуы үшін көптеген мысалдар берілуі керек.
Жаңа материалды түсіндіру алдында оған дайындық жұмыстарын ұйымдастырған тиімді. Өтілетін материалдың тақырыбын тақтаға жазу дайындық жұмысының бір түрі болып табыладыы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет