29-тақырып: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары
Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек. Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т.б.) сипатталады. Қазақ тілінде көптеғен ғазет -журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер шығарылады, ғылымның алуан түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде қазақ тілінің леқсикасы саяси және ғылыми-техниқалық терминдермен толығып баюда. Қазақ тілінін өзі және оны оқыту әдістемесі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда. Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептерде, жоғары жәнс арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінін жеке грамматикалық категорияларының өзі арнаулы ғылыми- зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда. Еліміздің егемендікке қолы жеткеннен бері қазақ тілі орыс және басқа тілдерде жүретін мектептерде міндетті түрде оқытылуда. Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс? Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді. Сөйтіп, қазақ тілін университеттер мен институттардың Бастауыш оқыту педагогикасы, әдістемесі факультеттерінде және педогогикалық училищелерде оқудағы мақсат – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін ("Әліппені", "Әдебиетті оқытуды", "Грамматиканы") оқыту әдістемесінің теориясы жайында жүйелі білім бере отырып, І-ІV сыныптардағы сабақтардын мазмұны мен көлемін,. оларды жүйелі де тиімді жүргізу тәртібін көрсетумен қатар, оны оқыту әдістемесінен орындалатын жұмыс түрлеріне үйрету. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы зор. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі — барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде..-" деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөніндеде ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық менгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математиқалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі