Бастауыш мектепте суретке қарап әріп тану «Әліппені» оқытудан басталады. Сондықтан сурет бойынша оқыту суретке қарап әріп танудың дамуы және жалғасы деуге болады. Сурет бойынша оқыту мәтіндері нақты заттардың суреті және сол сурет мазмұны мен мағынасы туралы жазылған шағын мәтінен құралады.
Оқытудың міндеті мен талабына және мәтіндердің ерекшелігіне қарай сурет бойынша оқытылатын мәтіндерді оқытуға мынандай талаптар қоюға болады:
- Сурет бойынша оқыту арқылы оқушылардың бақылау қабілеті мен түсіну қабілетін жетілдірумен бірге, олардың ойлау қабілетін дамыту, әсіресе, мәтін суреттеріндегі тартымды да қызықты көріністерді бақылау негізіндегі бейнелі ойлау қуатын дамыту қажет.
- Сурет арқылы мазмұнды түсінуге жетелеу, оқушылардың пікір жүргізу қабілетін жетілдіру, көріністен өтіп, мәнді түсінуте жетелеу керек.
- Оқушылардың оқиға , зат суреттелген әңгімелер жазуына біртіндеп негіз қалау, белгілі бір заттың тұлғасын өз ойында бейнелей алатын , олардың бейнесі көз алдына елестете алатын дәрежеге жеткізу талап етіледі.
Ана тілін оқыту мақсаты тұрғысынан қарағанда, сурет бойынша оқытылатын мәтінді оқытуда тіл , жазуды үйретуді негізгі оқыту түйіні етумен бірге, суретті бақылау арқылы түсінікті тереңдетуге мән беру талап етіледі.
Сурет бойынша оқытудың үнемі қолданылатын әдісі-суреттен мәтінге өту, сурет пен мәтінді өзара ұштастыра отырып оқыту болып табылады. Бұл оқыту әдісін нақтылап айтқанда:
1) Суретті байқау,бақылаудан бастап іске кірісіп, бірінші сурет мәтінін оқып шығу қажет. Оқушылар оқытушы қойған талап бойынша суреттерді өздері дербес мұкият көріп, зер сала, қадағалай бақылауы керек. Онан соң сурет мазмұнын ауызша баяндауға оқушыларды шабыттандыру керек . Алдымен, суретте нелер сызылғандығын, қандай көріністер бейнеленгендігін білу, екіншіден, суретте бейнеленген мазмұнға өтіп, ондаған заттар мен олардың көріністер арасындағы байланысты және даму өзгерістерін айтуға жетектеу керек.
Сурет бойынша оқылатын мәтіндерге берілген суреттерді бір ғана сурет болып берілетіні де,тізбікті сурет болып берілетіні де бар. Бұлардың ішіндегі тізбекті суреттер білгілі оқиға желісі бойынша беріледі. Мысалы, «Күншіл үйрек», «Мақта қыз бен мысық» ертегілердің мәтіндері. «Күншіл үйрек», ертегісінде жеке-жеке екі бөліктен, ал «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде сегіз бөліктен сурет берілген.Бұл суреттердің әрқайсысы бір оқиғалық мазмұнды бейнелейді. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде берілген тізбектелген суреттердің барлығы өзара бір-біріне байланыстыра мұқият бақылайтын болсақ, оқиғаның басталу, даму, аяқталу тәртібін сурет тізбегінен анық көре аламыз. Таға да ілгерлей отырып, ондағы өзгерістерді де байқауға болады.Мысалы, бірінші суретте мысықтың Мақта қыздың қатығын төгіп қойғандығын бейнеленсе, онан кейінгі суреттер тізбегі арқылы мысықтың сиырмен қыздармен ,дүкеншімен, тауықпен, тышқанмен ауыз екі әңгімесі (диалогы) сияқты тұтас мазмұнды да игеруге, түсінуге болады.
«Күншіл үйрек», сүңгуір үйректің менмен, қызғаншақ мінезін, түлкінің қулығын көреміз.Мәтінді суретпен байланыстырып оқыту арқылы «Біреуге ор қазсаң,өзің түсесің» деген мақалдың мәнін ашып түсіндіру керек.
Сөйтіп , сурет арқылы мәтін мазмұнын әңгімелеуге негіз қаланады.
Сондықтан адамды негіз еткен сурет арқылы оқытылатын мәтіндерді оқытуда, адамдардың сыртқы портретін, қимылын, сезімдік белгілерін бақылауды негіз ету қажет. Заттар көрінісін негіз еткен суреттерді бақылау түйінін заттардың ерекшелігін байқауға қою керек.
2) Мәтін арқылы сурет мазмұнын тереңдей түсіну керек.Оқушылар , бір жағынан, мәтінді оқу, енді бір жағынан, мәтін және ондағы оқиға бөліктері мен суретті салыстыра отырып, мәтіндегі әдеби суреттеулер мен суреттегі бейнелі көріністі бірлестіре отырып, идеялық сезімді түсінуге қол жеткізуі керек.
Тізбекті суреттегі жеке-жеке суреттердің мәтіндегі кейбір бөлім немесе кейбір азат жолдары (абзацтармен) мазмұн бірлігі барлығын түсіну керек.
Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін кітаптардағы суреттердің тәрбиелік мәні зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі. Көп ретте балалар суреттерді қарағанымен,ондағы оқиғаларды көре билмейді. Сондықтан үлкендер оларға «Мына суретте нелер бейнеленген? Суреттегі адамдардың аттары қалай? Олар не істеп жатыр? Олардың әрекеттері дұрыс па?»деген секілді сұрақтар қойып, жауабына дұрыс баға беріп отырғаны жөн.
Өлең-қоғамдық тұрмысты ең шоғырлы түрде бейнелеп беретін , терең идеялық мазмұнға, күшті де нақты сезімге, аса бай бейнелеу қуатына, жанды да бейнелі тілге, белгілі ұйқас пен ырғаққа ие ең ықшам әдеби форма.
Оның басты ерекшеліктері мыналар:
- Өлеңде шындық өмір мен адамдардың көңіл-күй сезімі аса шоғырлы түрде жинақталып бейнеленеді.
- Өлең аса күшті сезімге және мол көркемдеу амалына сүйеніп, өмірді жинақы да бейнелі бейнелейді, әсіресе , сезім өлеңнің жаны ретінде есептеледі.Сезімнен айырылған өлең өзінің өміршеңдік қуатынан да айырылады.
- Өлеңдегі бейнелі ой басқа жанрларға қарағанда тіпті де күшті болады.