25-тақырып. Орфография мен пунктуацияны оқыту әдістемесі


Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары



бет7/7
Дата11.05.2023
өлшемі126 Kb.
#91788
1   2   3   4   5   6   7
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым–педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын–оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И. Щукина – күнделікті, тақырыптыќ, оқтын–оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е.А. Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу–танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан–жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсмырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталадыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінен оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынгады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалары шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтмасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарғанда бағдарламалап бақылау әдіңстерінің өзіндік ерекшеліәгі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімінің оларды дұрыс ұйымдастыруна байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бқылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық, махаббат сезім пайда болады, бір біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толдықтырады,орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек бірігу іс әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет