Бастауыш мектепте «Информатика» пəнін оқытудың маңыздылығы
Мақалада бастауыш мектепте оқытылатын информатика пəнінің рөлі, ақпарат туралы алғашқы
түсініктерін қалыптастыру, компьютермен жұмыс жасау жолдары баяндалған. Авторлар бастауыш
сынып мұғалімдерінің сабақты қызықты өткізу, бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа деген
қызығушылықтарын көтеру мəселесін қарастырған. Білім беру жүйесіне үлкен өзгерістер алып келген
ақпараттық-коммуникациялық технологияның түрлері мен құралдары сараланған. Оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұнын анықтауға негіз болатын оқытудың жалпы
дидактика негіздерінің тиімді жолдары көрсетілген.
Кілт сөздер: ақпараттық технология, бастауыш мектеп, информатика, ақпараттық-коммуникациялық
технология, компьютер, кіші мектеп жасындағы балалар, компьютерлік технология, информатика
курсы, бастауыш сынып мұғалімі, ойын.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті —
ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу», — делінген болатын
[1].
Қазіргі уақытта адам өмірін есептеуіш техника құралдарынсыз елестету қиын. Компьютер
еңбекті жеңілдетеді, бос уақытты толтырады, уақытты үнемдейді жəне алыс арақашықтықты
қысқартады, есептейді, жазады, ақпаратты сақтайды ғаламтор арқылы бүкіл əлеммен тілдесуге жол
ашады. Бүгінгі таңда компьютер арқылы көркем туындылар жасалынады, музыкалар жазылады жəне
кинофильмдер түсіріледі. Компьютер ғылыми аспаптан тұрмыстық техникаға айналады, ал онымен
жұмыс жасау дағдысы мектеп оқушыларынан бастап үлкен жастағы адамдарды да баулиды.
Компьютерлер білім жүйесінде кеңінен қолдана бастағаннан бастап, «оқытудың жаңа
ақпараттық технологиясы» термині пайда бола бастады. Кез келген педагогикалық технология — бұл
ақпараттық технология, себебі оқытудың техникалық үдеріс негізінде ақпарат пен оның қозғалысы
(өзгеріс) жасалынады.
Ақпараттық технология арқылы оқыту тəжірибесі деп арнайы техникалық-ақпараттық
құралдарды пайдалануды айтады. Компьютердің білім жүйесінде кең түрде қолдана басталуынан
бастап, жаңа ақпараттық технология арқылы оқыту термині пайда болды.
Компьютерлік технологиялар оқытуды жоспарлау идеясын дамытып, қазіргі заманға сай
компьютердің жəне телекоммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты оқытудың əлі
зерттелмеген, жаңа нұсқасын ашады. Компьютерлік (жаңа ақпараттық) оқыту технологиясы бұл
компьютер көмегімен дайындық үдерісі мен ақпаратты білім алушыға жеткізу болып табылады.
Б.Қ.Шəушекова, Б.Дəлелхан
172
Вестник Карагандинского университета
Ал солардың ішінде кейінгі уақытта бастауыш мектептің білім мазмұнына информатика пəнін
енгізу туралы ой толғаныстар болып жатыр.
Мектепте оқылатын информатика пəні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының
мазмұнын құрайтын сан алуан мəліметтердің бəрін қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пəні ретінде
жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мəнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен
мəліметтерді, терминдерді қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негізін оқып үйрену
үшін, сонымен қатар жастарды заманауи ақпарат құралдары туралы мəлімет, өмірге сүруге қажетті
білім, біліктілік, дағдылармен қаруландыруы тиіс.
Қазіргі заманғы дидактика жалпы білім беру мазмұнын анықтайтын принциптер, ғылым
логикасы мен оқу пəнінің бірлігі жəне қарама-қайшылығы принципін ерекше атайды. Осыған
байланысты, Б.Т. Лихачев айтқандай, «ғылым логикасы мен оқу пəнін құрастырудың бірлігі мен
қарама-қайшылық идеясы ғылымның қайшылықтарымен дамитындығын негіздеген». Ол ескішіліктер
қат-қабатын бұза өзіне жол ашып, алға қарай секіріс жасайды, орнында табандап, тіпті артқа да
шегінеді [2].
Бастауыш мектепте оқитын балаларға жаңа нəрсе ұсынса, олардың қызығушылықтары оянып,
талапшыл, тапқыш болатындары белгілі. Осыған сəйкес жаңа ақпараттық технологияларды кез
келген сабақта қолдануға итермелейді. Дəстүрлі сабақ кезінде компьютерді қолдану оқушыларға оқу
материалын түсіну мен есте сақтау үдерісін тездетеді, ең бастысы, балалардың оқуға деген
қызығушылығын айтарлықтай көтереді.
«Информатика» пəнін бастауыш сыныптан бастап оқуға болатындығы жəне оның тиімділігі
дүниежүзілік тəрбие негізінде дəлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик-мұғалімдерінің пікірінше, бұл
курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналалар:
• бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
• ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
• бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, əлемдік
ақпараттық білім кеңістігіне даярлау
[3].
Бастауыш мектепте кез келген пəнді оқыту жалпы бастауыш сыныптың мақсатына сəйкес болуы
жəне өзінің пəндік шеңберінде бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.
Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді игеру деңгейі кейінгі оқу процесі кезінде табысты
болуды қамтамасыз ететін шеберлік пен дағдының құрылымы болып табылады.
Сонымен қатар бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге
бағытталған базалық курсты оқыту міндеттерін шешуі тиіс:
• базалық білімдер жүйесін меңгеру;
• ақпараттарды жинау мен талдау кезінде компьютерлік технологияларды қолдана білу
шеберлігі;
• əр түрлі оқу пəндерін оқу барысында танымдық қызығушылық пен информатикалық əдістерді
қолданудың дамуы;
• ақпараттық қызметте этикалы жəне құқықтық шаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауға
тəрбиелеу.
Сонымен қатар бастауыш мектепте информатиканы оқыту білім беру тəсілінен бірлесіп алған
білім парадигмасы арқылы инновациялық тəсілдер негізінде өткізілу керек екендігі айқын.
Информатиканы оқытудағы перспективті тəсіл келесідей мақсаттарды жүзеге асыруға
бағытталуы тиіс:
• əлемнің ақпараттық көрінісі туралы түсінігін дамыту;
• қоғамда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны туралы түсініктерін қалыптастыру;
• ақпаратты алу мен өңдеуде тұрақты дағдыларды қалыптастыру;
• қызмет ортасында өзеріп отыратын ақпараттық қоғамға тез бейімделу қабілеттерін дамыту;
• өмір бойына ақпараттық дайындығын ары қарай жетілдіріп отыру.
Кіші мектеп жасындағы балаларда болашақта табысқа жеткізетін оқуға деген талпыныс пен
қызығушылық, ең берік білім мен əдет қалыптасып, ойын жинақтай бастайды. Осы арқылы да
бастауыш сыныпта информатика пəнінің негізгі ұғымдарын оқу керектігін түсінуімізге болады.
Информатика курсын жоғарғы сыныптардан төменгі буынға көшіру қажеттіліктерін осы
бағыттағы жүргізілген ғылыми зерттеулер көрсетті. Бұған дəлел ретінде информатиканы төменгі
сыныптарда оқыту жөнінде жүргізіліп жатқан мұғалімдердің эксперименттері мен жарияланып
Бастауыш мектепте информатика…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
173
жатқан мақалалары, сондай-ақ 1–4 сыныптар үшін информатикадан ұйымдастырылған үйірме
жұмыстары мен факультатив сабақтарды айтуға болады.
Информатика курсының бастауыш сыныптарда оқытылуы жөнінде шетелдерде жəне Тəуелсіз
Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде бірқатар жинақталған тəжірибелер бар.
Көптеген əдіскер-ғалымдар мен оқытушылар информатиканы пəн ретінде жоғарғы сыныптарда
оқыту оқушылардың компьютерді пайдалану дағдысының қалыптасуын кешеюілдетеді, бұл пəнді оқу
барысында қалыптасатын дағды бір ғана пəнге тəн емес екенін, жалпы білім беретін мəні бар болып
есептелетінін атап көрсетеді
[4].
Біздің балаларымыздың ертеңгі күні — бұл ақпараттық қоғам. Компьютермен жұмыс жасау,
толықтыру, қисындау жəне керек ақпаратты іздей білу қажет. Жылдан жылға өздерінің дербес
компьютерлері бар оқушылардың саны артуда. Балалардың компьютердің мүмкіндіктерімен танысуы
үлкендердің басшылығымен болғаны дұрыс (ата-ананың немесе мұғалімнің). Бірінші сынып
оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттатағанда көп жаңалықты ашу керек болатын білім
əлеміне түседі. Əрбір бастауыш сынып мұғалімі баланы шығармашылық үдеріске тартудың тиімді
жолдарын білуі қажет. Олар:
• ойын;
• жағымды эмоционалдық жағдай туғызу;
• топпен жұмыс;
• проблемалық оқыту.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын жəне ойын
жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тəрбиесіне де əсер етеді. Сонымен қатар əр
түрлі педагогикалық мəселерді де шешуге көмектеседі. Информатиканы əр түрлі ойын əдістемесі
негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген,
өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен əсер етеді. Ойындар оқушылардың
шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға
да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай
мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пəндерінің мазмұнымен тығыз байланыста
жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді.
Жаңа ақпаратты іздеу үшін адамнан білім мен дағдының дамуын талап ететін қоғамға қызметтің
жаңа əдіс-тəсілдері керек, оның өңдеуінің, басқа адамдарға көрсету, жаңа нысанның жəне үдерістің
модельдеулері, өзіндік жоспарлау мен өз əрекетін құрастыру. Бірінші сыныптан бастап оқу, жазу
дағдысымен қатар, компьютерлік техниканы күнделікті өмірде оқу құралы ретінде пайдалануды
үйрету өте маңызды.
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологиянының мүмкіндіктерін сауатты игеру ықпал
етеді: танымдық қызметтің белсенділігіне; оқушылардың сапалы үлгерімінің көтермелеуіне; қазіргі
бастауыш мектептің сабақтарында пайдалануға арналған электрондық оқу материалдардың
көмегімен оқытудың мақсатына жету; кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік оқу жəне өз-өзін
бақылау дағдысын дамыту; сабақта отырғандарда белсенділік пен талапшылдықтың көтермеленуі;
оқушыларда ақпараттық ойлаудың дамуы; ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктің
қалыптасуы; бастауыш сынып оқушыларының компьютерде жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін
сақтау дағдысын қалыптастыру.
Мектепте оқылатын информатика пəні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының
мазмұнын құрайтын сан алуан мəліметтерді қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пəні ретінде жалпы
білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мəнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен
мəліметтерді, ұғымдарды қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негізін оқып үйрену
үшін сонымен қатар жастарды заманауи ақпараттық қоғамдағы болашақ қызмет пен өмірге
дайындауға, қажет білім, біліктіліктерімен, дағдыларымен қаруландыруы тиіс [4].
Информатика оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау жəне тасымалдау құралын беретін пəн
болып табылады. Сондықтан информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей үйрену мүмкін
емес. Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап, жеке жұмыс істеуі тиімді түрде
өтуі үшін əр түрлі деңгейдегі тапсырма, карточкалардың көлемді базасы болу керек. Осы
карточкалық базаларды тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін-
өзі бақылауын арттырып, практикалық сабақтардың да санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ол
Б.Қ.Шəушекова, Б.Дəлелхан
174
Вестник Карагандинского университета
оқушылардың білім сапасын жетілдірудің негізі деуге болады. Компьютерлік бағдарламалар арқылы
əр түрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кез келген адамның
мүмкіндігі болады. Пəнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны бəрімізге белгілі,
сондықтан оқушылардың сабаққа ынтасының жоғары болуы, жоғарғы деңгейде көрінуі ұстазға
жүктелетін міндет. Қазіргі кезде оқушылардың компьютерге деген қызыңушылығы басым. Сабаққа
алғаш келген күннен бастап компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс
жасау, олардың жаңа технологияларды меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы
туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді.
Бастауыш мектепте информатика жəне ақпараттық технологияны оқыту келесідей мақсаттарға
жеткізеді:
• қоршаған ортаның ақпараттық тасқындарын бағалау дағдысының дамуы;
• ақпараттың тəжірибелік əдісін меңгеру: ізденіс, талдау, өзгеріс, жіберу, ақпаратты сақтау жəне
оны оқу барысында немесе күнделікті өмірде қолдану;
• алғашқы компьютерлік сауаттылықтың жəне ақпараттық мəдениет элементтерінің қалыптасуы;
• ақпараттармен алмасу дағдысының дамуы, бар техникалық құралдармен жұмыс жасау
(телефон, компьютер т.б.). Кіші жастағы мектеп оқушыларына мақсатты түрде тек қана компьютерлік
сауаттылықта ғана үйретіп қоймай, информатика негіздері туралы алғашқы білімдер беру, негізгі
білімдерін қалыптастыру жəне жұмыс істеу əдісін үйрету;
• ақпаратты өңдеу аймағындағы компьютердің мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру
(компьютер сурет салуда, есептеуде, жазуда), ақпараттарды сақтау (компьютер суреттерді, сандарды,
мəтіндерді сақтап қалады) жəне ақпараттарды жіберу (адамнан компьютерге, компьютерден
компьютерге, компьютерден адамға);
• негізгі ұғымдармен танысу: ақпарат, тіл, білім, қалып, алгоритм, құрылым жəне т.б.;
• пернетақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру (мəтін теру, сандарды теру, қозғалысты
жəне нысанның дисплей экранындағы тіркелімін басқару, мəзір бойынша жұмыс істеу тəртібін таңдау).
Информатиканың əдістерін көрсететін жұмыстың əдіс-тəсілдерін меңгеру: формалдауды
(компьютерде орындалуын бағдарлаумен тапсырманың шарты мен оны шешуді сипаттау),
алгоритмдеуді («тарамдау», «талғам», «топтама» сияқты қарапайым құрылымдық жауаптар),
компьютерді қолдану арқылы қарапайым тапсырмаларды шешу (ауа райын, өсімдіктер мен
жануарлар өмірін бақылау барысында компьютерлік күнделік жасау).
Компьютерді оқыту білім алушыларға компьютерлік сауаттылықты үйретумен ғана шектеліп
қалмай, алгоритімдік ойлау, логикалық ойлау дағдысын қалыптастырады. Бастауыш сыныпта
информатика курсын оқытуда оқу-əдістемелік жинақтамалармен жүргізілетін түрлі жолдары бар.
Бастауыш сыныпта информатика пəнінде оқытушылар əрбір оқушының жеке мүмкіншіліктерін
ескере отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін келесідей əдістер мен сабақ
түрлерін ұсынады:
• диалогтар;
• топпен жұмыс;
• ойын əдістері;
• ақпараттық минуттар;
• эвристикалық тіл табу.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы
зерттеушілік, эвристикалық сипаттағы іс-əрекетіне байланысты жүзеге асыруға болады. Оқушылардың
есте сақтау зейіндік қабілеттерін дамыту, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында
сабақты шығармашылық, ізденушілік жұмыстары арқылы өткізген өте тиімді. Ол үшін оқушылар
алдын ала берілген тақырып бойынша ізденіс жұмысын жүргізеді. Оқушылар берілген тақырыптар
бойынша өз беттерімен ізденіп, алған білімдерін бір-біріне түсіндіре отырып, компьютерде
тапсырмалар орындайды. Əр сабақта жеке бағалау парағы бойынша барлық оқушылардың білімі
бағаланады [5].
Компьютерлік технологияны қолдану сабақ мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. Нəтижесінде
кіші жастағы мектеп оқушыларында шаршағыштық сезімі төмендеп оқу үдерісі еркін түрде жəне тез
өтіп кетеді. Бала шығармашыл, бастамашыл болады, оқу үдерісінің жақсы өтуіне ықпал ететін
психикалық үдерістер (ойлау, қабылдау, көңіл аудару, жадыда сақтау, қиял) іске қосады. Балада білім
алуға көмекші құрал ретінде компьютерді пайдалануға деген қажеттілік қалыптасады.
Бастауыш мектепте информатика…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
175
Бұдан ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу
жəне бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық тізбекке біріктірілген əдістер, өндірістік
үдерістер жəне программалық техникалық құралдар жиынтығы, ол өз кезегінде ақпараттық
ресурстарды пайдалану үдерісінің оңтайландырады, сондай-ақ оның сенімділігі мен жылдамдығын
арттыратын құралдар болып табылатынды дей келе, оған Д.Н. Исабаева төмендегідей анықтама
береді: «Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары компьютерлік техника мен желілерді
қолдану негізінде ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық жəне
программалық құралдар» [6].
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарды аппараттық жəне
бағдарламалық құралдарға бөлуге болады. Төмендегі кестеде аппараттық жəне бағдарламалық
құралдардың түрлері көрсетілген.
К е с т е
Достарыңызбен бөлісу: |