№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет106/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   185
– теория мен практиканың байланыстылығы қағидасы бойынша бастауыш мектеп 
оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұны теория мен тəжірибені 
байланыстырыла отырып берілуі тиіс. Қазіргі бастауыш мектепте оқушының интербелсенді, 
қызығушылықпен өзіндік жұмыс жасауына ерекше мəн беріліп келеді. Ал оқыту үдерісіне 
ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану оқушылардың ынта-ықыласын, 
танымдық қызығушылығын, эвристикалық, шығармашылық іздену қызметін қалыптастыруға 
бағытталады. Сондықтан аталған құралдар арқылы берілген проблемалық-ізденуші жəне 
зерттеушілік тапсырмалар теория мен практиканың байланысын көрсететіндіктен, ұсынылған 
қағиданы толық іске асыруға мүмкіндік береді; 
– ғылымилық қағидасы, кейінгі кезде бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарды 
жаза білу, зерттеу жұмыстарының нəтижесін шығару, сонымен қатар оқыту үдерісінде соңғы ғылыми 
жетістіктердің болуымен анықталады. Оқу материалына ақпараттық-коммуникациялық технология 
құралдары арқылы ғылыми танымның негізгі əдістері: эксперимент, салыстыру, бақылау, 
абстракциялау, жалпылау, нақтылау, ұқсастық, индукция жəне дедукция, талдау жəне синтез, 
модельдеу жəне жүйелі талдау жүргізілетіндей болуымен сипатталады; 
– жүйелілік жəне бірізділік қағидасы мұғалім оқу материалын бірыңғай жүйемен əрбір соңғы 
ғылыми қағиданы кейінгі сабақтарда өрістетіп, өткен мен жаңа материалдарды сабақтастырып 
отырса, оқушылар білімді сапалы, саналы, əрі баянды түрде меңгеретіндігімен анықталады. Мұны 
ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы жүзеге асыруға болады, 
өйткені бұл құралдар арқылы ақпаратты оқу материалының логикасына жəне оқушылардың 
танымдық мүмкіндіктеріне негізделіп, тізбектелген түрде беруге мүмкіндік береді. Мұнда мұғалім 
оқу материалдарының ішінен өзекті мəселелерді іріктеп, оқушылардың санасына сіңіре білуі керек. 
Бұл орайда оқушы аталған құралдармен жұмыс жасау барысында оқытудағы жүйелілікті, 
тізбектілікті өзі ұйымдастырады; 
– пəнаралық байланыс қағидасы бастауыш сынып оқушыларының аталған құралдар арқылы 
танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы негізгі қағидалардың бірі болып табылады. Тек қана 
бір пəн бойынша берілген оқу мазмұнын меңгеру танымдық қызығушылығын қалыптастыруға 
мүмкіндік бермейді. Əр түрлі пəннен алынған білімді тəжірибеде жəне білімнің əр түрлі саласында 
қолдану арқылы оқушылардың білімі нақтыланады, танымдық қызығушылығы қалыптасады. 
Пəнаралық байланысты жүзеге асыру бүгінгі таңда аталған құралдарды қолдану арқылы нақты 
болмыста кездесетін күрделі мəселелерді шешуге болады. Бұдан басқа, ақпараттық-
коммуникациялық технология құралдары арқылы неғұрлым материал əр түрлі пəндер бойынша 
біліммен, əрі күнделікті өмірмен байланыстырылып берілсе, соғұрлым оқу материалы жақсы 
меңгерілетін мүмкіндігінің де бұл қағиданы жүзеге асырудағы орны зор; 
– лайықтылық қағидасы, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы 
түсіндірілетін оқу материалы оқушылардың физиологиялық жəне психологиялық ерекшеліктеріне 
сəйкес, оқу уақытына өлшеніп берілуімен анықталады; 
– жағымды мотивация жəне оқытуда эмоционалдық климат құру қағидасы, олар білім 
мазмұнын оқытудың ішкі түрткілерін ынталандыру негізінде: қызығу, қажеттілік, тануға ұмтылысы. 
Ақпараттық құралдар арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыруда оқу мазмұнының 
эмоционалды қызықты болуымен жəне мұғалім сабақты оқушылардың есінде қалатындай тартымды 
өткізуі тиістігімен сипатталады; 
– мəдениетке сəйкестік қағидасы, қазір ақпараттық қоғам бастауыш мектептен бастап 
оқушылардың бойында ақпараттың ағынымен жұмыс істеуге деген қабілеттіліктің, компьютерлік 
сауаттылықтың, құзырлылықтың, ақпаратты мəдениеттіліктің болуын талап етуге бетбұрыс 
жасағандықтан, бұл қағида аталған тетікті жүзеге асыруға көмектеседі. 
Кез келген халықтың мəдениеті өмір сүріп отырған қоғамына байланысты дамиды. Мəдениетке 
сəйкестік мəні, ең алдымен, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақпараттық қоғамдағы ұлтымыздың 
мəдениетінің байлығымен, халықтың болмысымен, салт-дəстүрімен таныстыру, өмірмен 


Бастауыш мектепте информатика… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
177 
байланыстыру, өз деңгейінде ақпаратпен сауатты жұмыс жасай білуге баулудың негізінде танымдық 
қызығушылық қалыптасады.
Оқушылардың толыққанды мəдениетті болуын қамтамасыз ету оның барлық компоненттерін 
ескеретін кешенді оқу-тəрбие үдерісінде ғана мүмкін болады. Оқу үдерісіне ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалануға мұғалімдерді дайындау барысында оқыту 
құралдарының негізгі мүмкіндіктерін пайдаланудың міндетті білім көлемін, іскерлік пен 
дағдылардың қамтамасыз етілуі тиіс. Ол, ең алдымен, əдістемелік, ғылыми көзқарас, жалпы мəдени, 
гуманитарлық, арнайы жəне əдістемелік аспектілерді қамтитын ақпаратты өңдеу үдерісінің мəнін 
түсіну болып табылады.
Əдебиеттер тізімі 
1 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Астана, 2007. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000487 
2 Бидайбеков Е.Ы. Информатиканы оқыту əдістемесі. — Алматы, 2011. — 47-б. 
3 Əбішева Д. Бастауыш сыныпта информатика пəнін енгізудің қажеттілігі // Информатика негіздері. — 2012. — № 8. 
— 13-б. 
4 Мыңжасарова М.Ж. Бастауыш сынып оқушыларына информатиканы оқытудың ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. 
—2012. — № 10. — 7–8-б. 
5 Шокибаева Р. Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ барысында қолдану // Информатика негіздері. — 2013. — 
№ 11. — 3-б. 
6 Исабаева Д.Н. Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық қызығушылығын ақпараттық-коммуникациялық 
технология құралдары арқылы қалыптастыру əдістемесі // 12 жылдық мектеп мұғалімін кəсіби даярлаудың проблемалары: 
Респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Алматы, 2008. — 317–321-б. 
Б.К.Шаушекова, Б.Далелхан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет