№2(78)/2015 Серия педагогика


Важность национального воспитания в жизни ребенка



Pdf көрінісі
бет141/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   185
Важность национального воспитания в жизни ребенка 
В статье описывается роль национального воспитания в жизни ребенка. С этой целью разносторонне 
рассмотрены особенности национальных игр, национальных праздников, языка, обычаи и традиции. 
Автором отмечена взаимосвязь перечисленных выше факторов. В статье выделено, что необходимо 
учить детей любить Родину и уважать старших. 
A.Zh.Bakirova 
The importance of national education in the child's life 
The article describes the role of national education in a child's life. For this purpose, versatile considered an 
important feature of national games, national holidays, language, customs and traditions. Including a well-
specified relationship listed above. In the solution of actual problems in the world today in the article 
accurately executed idea that would encourage children to love their homeland and respect elders. 


А.Ж.Бəкірова 
240 
Вестник Карагандинского университета 
References 
1 Tіleuzhan M. Education, Almaty, 2006, 2, p. 24. 
2 Akhmetova M.T. Self-knowledge, Almaty, 2007, 2, p. 18. 
3 Babaev S.B. Primary school, Almaty, 2007, 4, p. 7. 
4 Aymauytov Zh. Education, Almaty, 2008, 47, p. 38–43. 
ƏОЖ 37.035.6 (574) 
С.Х.Медиева, Ж.Б.Əсетова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(Е-mail:sara.orazbaeva.66@mail.ru) 
Ұлттық тəрбиенің тарихи-педагогикалық алғышарттары 
Мақалада бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен білім 
беруді жетілдірудің басым бағыттары, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге шығаруға 
қабілетті тұлға тəрбиелеу мəселелері сипатталған. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері 
тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеуге байланысты жанұя, мектеп, сынып 
жетекшілерінің тəрбие туралы беретін білім негіздері қарастырылған. Ата-бабаларымыздың сан 
ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы, ұлттых рух, ұлттық 
мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мəдениетін қалыптастыру жайындағы түсініктер 
келтірілген. 
Кілт сөздер: азат, педагогика ғылымы, өркениетті, эстетикалық құндылықтар, əлеуметтік институт, 
салауатты, өскелең ұрпақ, ұлттық сана-сезім, рухани, іс-əрекет. 
Тəрбие — қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру 
процесі, аға ұрпақтың тəжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-
құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тəжірибені, білімді жас 
буынға тəрбие процесі арқылы береді. Тəрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер 
адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш — жеке тұлға. Адам жүйелі түрде 
күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси жəне моральдық 
көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тəртібін меңгереді.
Тəрбие — қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру 
процесі, аға ұрпақтың тəжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-
құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тəжірибені, білімді жас 
буынға тəрбие процесі арқылы береді. Тəрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер 
адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш — жеке тұлға. Адам жүйелі түрде 
күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси жəне моральдiк 
көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тəртібін меңгереді.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тəрбиенің негізгі мақсаты — жастардың 
бойындағы азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рəміздерді 
құрметтеуге, халық дəстүрлерін дəріптеуге, əлемдік жəне отандық мəдениет жетістіктерін оқып 
үйренуге, Конституцияға жəне қоғамға қарама-қайшы келетін əрекеттерге төзушілікке тəрбиелеу.
Тəрбиенің негізгі міндеттері:
 қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру; 
 cаяси-құқықтық, экономикалық, экологиялық, талғам мəдениетін жоғары деңгейде 
қалыптастыру; 
 өзінің кəсіби қабілетін айқындауды қалыптастыру; 
 oтбасылық мəдениетті жəне гендер проблемасындағы сауаттылықты қалыптастыру; 
 рухани-адамгершілік, этномəдениет, ұлтаралық қатынас пен толеранттылық мəдениетін 
қалыптастыру. 


Ұлттық тəрбиенің тарихи-педагогикалық… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
241 
Əлеуметтік қарым-қатынастардың өзгермелі жағдайында тəрбиені іс-əрекет тұрғысында қарау 
маңызды, себебі оқушылар ерік-жігерді талап ететін, өмірде кездесетін шынайы жағдайларға 
араласады, бұл жағдайлар оларға басқалардан ерекшеленіп жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік 
туғызады. Бала тұлғасы өмірін адамгершілікке байытатын жəне өмірдің мəнді де маңызды 
мəселелерін шешуге ұмтылыс жасайтын жасанды жағдаяттар мен жағдайлар жасалады. Бүгінде 
мұғалімнің оқушы бойына қалыптастыратын нақты іс-əрекетті оларды дағдыға үйрету, бағалау 
пікірін қалыптастыру, шығармашылық пен қайта өңдеуге қабілеттілігін, тұрақтылығы жігер мен 
ерікті тəрбиелеу сияқты белгілі тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруына бағытталып баланың өмірде, 
қоғамда таңдаған істеріне нəтижелі болуына көмектеседі [1]. 
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен білім беруді 
жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру 
көкейкесті мəселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық 
тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің 
Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» халыққа Жолдауында былай деп жазылған: 
«Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, 
содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат — жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, 
рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тəрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды 
əлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тəрбиелеу үшін:
 оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
 жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, 
ұлттық рухын дамыту; 
 ана тілі мен дінін, оның тарихын, мəдениетін, өнерін, салт-дəстүрін, рухани-мəдени мұраларды 
қастерлеу; 
 жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін 
қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тəрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мəселелерді: ана тілін, ата тарихын, 
ұлттық салт-дəстүрін білмейтін жастар, тастанды, жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар 
үйлеріндегі əжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың 
жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тəрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, 
ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі.
Сондықтан да ұлттық тəрбие — ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері 
тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеудегі тəжірибелері бізге сол рухани мəдениет, 
этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер, əдеби, 
музыкалық, кəсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ 
тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: 
Қорқыт ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт 
Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік 
сөздерінен көреміз. Тəрбие дегеніміз не? Тəрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін 
қалыптастыруға тигізетін əсерін айтады. Тəрбиенің өзі неше түрлі саладан, айталық, моральдік, 
интеллектуалдық, эстетикалық жəне еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады.
Мектеп пен жанұяның негізгі мақсаты — оқушыға мораль тұрғысынан тəрбие беріп, оның 
қазіргі өскелең талаптарға сай əр алуан қасиеттерін сана жағынан өрістету. Моральдік принциптерді 
тəрбие арқылы іс жүзіне асырудың өзінше мынадай екі түрлі жолы бар: бірінші жолы — мектеп 
бойынша, тəртіп сақтауда əр түрлі істерді меңгеріп, соған дағдыландыру; екінші жолы — моральдік 
принциптерді ауызша түсіндіру [2]. 
Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу 
арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. Оқыту мен 
тəрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол 
себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс 
жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тəрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мəселесі 
қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар 
бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық 
деңгейде терең жəне тыңғылықты оқыту, оқу мəліметтерін терең жəне шығармашылықпен меңгеру 


С.Х.Медиева, Ж.Б.Əсетова 
242 
Вестник Карагандинского университета 
талап етіледі. Яғни өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, 
білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз. 
Мектеп өз түлектерінің мəдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз — мектеп 
бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін-өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат 
тəрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың əр түрлі əдістемелері бар. Мысалы, 
Н.Е.Щуркова келелі тəрбиелік міндеттерді ұсынады: 
а) тəрбиелеу жəне дамыту іс-əрекеттерін ұйымдастыру; 
ə) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту; 
б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, 
мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау. 
Тəрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-əрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен 
басқару теориясына сүйенуі қажет. Ал, жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тəрбие 
объектісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-əрекеттің субъектісі екенін де түсінеді. Оқушы бойына 
мотив, мінез-құлық пен іс-əрекет нормаларын қалыптастырады. Мотивтің қалыптасуы оқушыларға 
адамгершілік түсініктерді ұғынуға; мінез-құлық пен іс-əрекет нормаларының қалыптасуы өз 
əрекетіне қанағаттануға жағдай жасайды [3].
Дарынды оқушыға талантты мұғалім қажет. Егер ұстаз өз сабағын жан-тəнімен жақсы көрмесе, 
оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға беруі мүмкін емес. «Елiмiздiң ертеңі — бүгiнгi 
жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздың қолында», — деп Елбасымыз 
Н.Ə. Назарбаев айтқандай, əр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз жоғарлатып отыруы қажет.
Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ — ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ал, қазақ халқының 
ұлттық тəжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы — халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ 
мектептерінің алдында тұрған басты мiндет — окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тəрбиелеп қана 
қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тəрбие, ұлттық 
салт-дəстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тəрбие беру мен оқыту əдістемелерінің түрлерi көп. 
Сынып жетекшісінің іс-əрекетінде басқару теориясының маңызы да бар. Педагогтың негізгі 
жұмысы — оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды 
бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, 
сыныптағы тəрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді. 
Сынып жетекшісінің жұмысында сыныппен немесе жеке бір оқушымен этикалық əңгіме өткізу 
ерекше орын алады. Өсіп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсіндіру, ересек 
адам тарапынан көрсетілген өз мезгіліндегі моральдік қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына 
көп əсер етуі мүмкін. Өкінішке орай, көбінесе, этикалық əңгімелер үгіт-насихатпен алмастырылады. 
Мұғалімдер В.А.Сухомлинскийдің мұғалімнің сөзіне, оның оқушымен əңгімесіне зор мəн берген 
пікіріне қосылады.
Пəн мұғалімдердің оқушыларды тəрбиелеуі сынып жетекшілерінің басшылығына тəуелді. 
Осылайша, олар сыныптағы тəрбие жүйесін жүзеге асырады. Сонымен, сынып жетекшісі дегеніміз — 
оқушылар тəрбиесін реттеуші мұғалім. Мектептің тəрбие міндеттеріне сүйене отырып, осы мəселені 
шешуге пəн мұғалімдері, оқушыларды, ата-ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тəрбие жұмысын 
ұйымдастырады. 
Бала ана құрсағынан мектепке барған сəтке дейін жанұя тəрбиесін алады. Жанұя, барлық 
уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тəрбиесі мəселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. 
Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тəрбие мəселелерін шешудегі ерекшелігі — 
ата-ананың білім мен жалпы мəдени деңгейінің жоғары болуы. 
Балалардың жанұядағы тəрбиесі оның белгілі бір тұрақты əлеуметтік институт ретінде 
анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін 
тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйлесімді, тұрмыстық өмір. Жанұя 
тəрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тəрбиенің ешқандайда түрі алмастыра алмайды [4]. 
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ ағайын-туысты, нағашы 
жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. 
Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді əр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын 
білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса 
керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін 
қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын 
жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Əрі сол 


Ұлттық тəрбиенің тарихи-педагогикалық… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
243 
арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы 
дəлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспауы қанның тазалығы, яғни ұлттың таза болуына əкеледі, 
екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын деген. 
Жанұя тəрбиесінің қоғамдық жəне мемлекеттік тəрбиеге қарағанда, артықшылығы басым. 
Алайда қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан əлеуметтік, экономикалық жəне демографиялық 
өзгерістер Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, 
негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тəрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол — балалар 
қарым-қатынасы. Бір баланың тəрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. 
Жалғыз балаға деген ата-ананың, əжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен 
айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуына əкеліп соғады. 
Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тəрбиелік мəселелерді 
шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың 
көбінде ана жəне бала ғана болады. Мұндай жанұя тəрбиесінің проблемасы — ананың жанұя 
тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты 
тəрбиелік ықпалдың нəтижесіз əдістерін пайдалануға мəжбүр болады. Осының нəтижесінде елімізде 
девиантты мінез-құлықты балалардың саны, яғни қиын балалардың саны артуда. Қазіргі жастардың 
ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар аяқ астынан бəлеге ұрынып, абыройынан айырылып қалатын 
жағдайлар да баршылық. Кейбіреулер білімді болса тəрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан 
білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бəрі жақсы тəрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де 
тəрбие қажет. Тəртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді 
бола алады. Бір сөзбен айтқанда, тəрбиелі болса ғана білім алады. Тəрбие ақылмен тығыз 
байланысты. Адамды адам қылатын — ақылы. Халқымызда «Ақылдыға ерсең — адаспайсың» деген 
нақыл бар. Ата-ана мен аға буындардың ақылын алып, солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса 
жас жеткіншектерге тəлім-тəрбие қалыптасады. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан əсер ететін 
тəлім-тəрбие де жоқ емес. Əсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн. 
Баланы дұрыс тəрбиелеу тек əке-шешенің ғана міндеті емес. Бұл — баршаның ісі. Бала — біздің 
болашағымыз, қоғамның бір мүшесі жəне оны ары қарай дамытушы, келешек кемеңгері, саясаткер, ел 
ағасы. Сондықтан баланы инабаттылыққа тəрбиелеу — бəріміздің абзал борышымыз. Тəртіп баланы 
салауатты тепе-теңділікпен өмір сүруге үйретеді. Тəртіп баланың дұрыс жəне терісті, халал мен 
харамды айыру, өзін бақылау, адамгершілік қарым-қатынастарына шек қоя білу, жақсы мен жаманды 
айыра алатын т.с.сана-сезімдерін қуаттандырады. 
Ұлттық тəлім-тəрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып 
жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тəрбиенің ошағы — отбасында, 
екінші — мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз 
байланыста болуы шартты нəрсе. 
Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тəрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. 
«Ұлттық мектеп дегеніміз — ұлттық рухта тəрбие беретін орын».
Елдің туын көтеріп, тəуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда 
адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мəдени-рухани мұрағаттары мен 
ұлттық тəлім-тəрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып 
қала бермек. 
Ұлттық тəрбие — біздің ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мəселелерді 
зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал бұқаралық ақпарат құралдары 
екені даусыз. 
Біздің ұлттық өнеріміздің, мəдениетіміз бен дəстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, 
тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы əлемдік 
рухани өркениеттің өріне шығып, нəр алу — бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-
бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы 
ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мəдениетін қалыптастыру сезімін 
ояту — баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін 
еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тəрбиелей аламыз. 
Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі əр адамның дұрыс ой түйіп, 
өнегеге жол сілтеуі, рухани күшін нығайтуға, аға буын өкілдеріне ізет көрсету отансүйгіштік 
тəрбенің бастамасы болып табылады. Елбасымыздың кезекті жолдауында да болашақ ұрпаққа білім 
мен тəрбие беру мəселесі де басым бағыттардың бірі болып отырғаны тегін емес. «Адамға ең бірінші 


С.Х.Медиева, Ж.Б.Əсетова 
244 
Вестник Карагандинского университета 
білім емес, тəрбие берілуі керек, тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», — дейді Əбу Насыр 
əл-Фараби өз қағидасында [5]. 
Сол себепті мектебіміздің де күнделікті тыныс-тіршілігі əрдайым тəрбиеден басталады. Белгілі 
педагог В.А. Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік-отбасылық тəрбие» үғымы кең қолданылады. 
Оның пікірінше, тəрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала 
тұлғасы біртұтас жəне оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас 
тəрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады. Ұрпақ тəрбиесі — адамзат баласының асыл 
мұраты. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан 
əрбір жеке тұлғаның бойында əр ұстаз адамгершілік, ізгілік кішіпейілділік, қарапайымдылық, 
отансүйгіштік қасиеттерін тəрбиелейді. Бұл ретте мектептегі тəрбиенің мақсаты — ұлттық сана-сезімі 
оянған, рухани ойлау дəрежесі биік, парасатты, мəдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа 
да ізгі қасиеттері қалыптасқан азаматтарды тəрбиелеу. 
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тəрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тəрбиесі — келешек қоғам 
тəрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мəдени-ғылыми өрісі 
озық етіп тəрбиелеу — біздің қоғам алдындағы борышымыз.
Ұрпақ тағдыры — ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы — оның білімді, талантты 
адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тəрбиелі ұрпақтың қолында.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін 
жалғастыратын салауатты, сауатты, саналы ұрпақ тəрбиелеу. 
Бүгінгі күнде біз бір кісідей «Жаңа заман жаңа дəуір, жаңа ғасырға» аяқ басып отырмыз. Біздің 
басты міндеттеріміз — ұрпақты адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, əдептілік, инабаттылық 
сияқты жақсы қасиеттерге тəрбиелеу жəне əлемдік мəдениет пен ұлттық мəдениетті кіріктіре 
меңгерту. 
Бүгінгі күнде біз бір кісідей «Жаңа заман — жаңа дəуір, жаңа ғасырға» аяқ басып отырмыз. 
Біздің басты міндеттеріміз — ұрпақты адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, əдептілік, 
инабаттылық сияқты жақсы қасиеттерге тəрбиелеу жəне əлемдік мəдениет пен ұлттық мəдениетті 
кіріктіре меңгерту. 
Тəлім-тəрбие жүйесінің алға қойған нақтылы мақсаты болмаса, жас ұрпақтың санасы 
сергелдеңге ұшырап, күні ертең сан соғып, сандалып қалары анық. Сондықтан оқу-ағарту 
мəселесінде нені оқытып, қандай əдіс-тəсіл қолданатынымызды алдын ала айқындап алған жөн. 
Əйтпесе жас жеткіншектерге жүйелі тəрбие бере алмаймыз, берген күннің өзінде еңбегіміз зая кетеді. 
Ал жас ұрпақ оқып-тоқығанын өмірлік тəжірибесінде қажетіне жарата алмай қиналады. 
Егер тəлім-тəрбие арқылы жас ұрпаққа заманауи ғылым-білімнің тізгінін ұстатып, жүрегін илəһи 
нұрмен көмкерілген руханиятпен сусындатсақ, санасына төл тарихын сіңдіріп, жүздерін жарқын 
болашаққа қарай бағыттай білсек, төккен теріміз бен еткен еңбегіміздің зая кетпегені. Зая кету, былай 
тұрсын, еңбегіміздің жемісін еселеп көретінімізге кəміл сенімдіміз. Тіптен, жас ұрпақтың тəлім-
тəрбиесі үшін жұмсаған тиын-тебеніміз бен қажыр-қайратымыз бір тұқымнан мың бір миуа беретін 
жеміс ағашындай елімізді құт дарыған берекетті қазынаға қауыштырады. 
Жақсы тəрбиемен бұғанасы қатқан жас буындар жұлына жұлқынудың жазмышынан сақтанып, 
жақсылыққа ұмтылатын, үмітсіздікке салынып, жүрдім-бардымға жүндей түтілмейтін қадір-қасиетке 
ие болады. Ал, мұндай сана-сезімнен мақұрым қалғандар ата-бабаларынан қалған бар байлықты 
дарақылықпен шашып-төгіп, рухани жұтаңдықтан жігеріне құм құйылып, жел айдаған қаңбақтай ой 
мен қырды аралап, жойылып кете бермек [6]. 
Негізінде ұлттық тəрбие дүниесімен білім беруді барынша дамыта түсу керек деп санаймын. 
Ұлттық тəлім-тəрбие ата-бабаларымыздың көне дəуірден бүгінге дейін жас ұрпақ өкілдеріне сапалы 
білім, саналы тəрбие беру жөніндегі жиынтығы деп айтсақ қателеспейміз. Ұлттық тəрбие — ұрпақ 
тағдырын шешетін ұлы қазынамыздың бірі. 
Əдебиетттер тізімі 
1 Мұқанов М.М. Жас жəне педагогикалық психология. — Алматы: Рауан, 1982. — 246-б. 
2 Педагогика. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. — Алматы: Нұрлы əлем, 2003. — 368-б. 


Ұлттық тəрбиенің тарихи-педагогикалық… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
245 
3 Ақажанова А.Т. Девиантология. — Алматы: Заң əдебиеті, 2009. — 126-б. 
4 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. — 3-бас. — Алматы: Эверо, 2004. — 420-б. 
5 Ұзақбаева С. Тамыры терең тəрбие. — Алматы: Білім, 1995. — 232-б. 
6 Шашақова А. Халық тəлімі — тəрбие бастауы. — Алматы: Рауан, 1994. — 112-б. 
С.Х.Медиева, Ж.Б.Асетова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет