№2(78)/2015 Серия педагогика


Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы дизайн



Pdf көрінісі
бет149/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   185
Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы дизайн
мамандардың кəсіби даярлаудағы маңызы 
Мақалада болашақ дизайнерлерді кəсіптік компьютерлік дайындауда педагогикалық əдістердің 
мəлелелері қарастырылған. Болашақ дизайнерлерді мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында 
кəсіби компьютерлік білім беру жəне жобалау үрдістері мен оларды қолдану жолдары көрсетілген. 
Сондай-ақ автормен кəсіби компьютерлік бағдарламаларды оқу үрдісінде пайдалану амалдары 
ұсынылған.
Кілт сөздер: болашақ дизайнер, кəсіптік дайындау, компьютерлік технология, компьютерлік білім, 
жобалау үрдістері, компьютерлік бағдарламалар, оқу процесі.
Бүкіл дүние жүзін қамтыған жаhандану дəуірінің дамуына елеулі ықпал етіп отрыған қоғамның 
барлық салаларын ақпараттандыру үдерісі қарқынды түрде іске асырылуда. Осы орасан зор əлемдік 
құбылыс біздің еліміздің дамуы бағытына айтарлықтай əсер етуде. XXI ғасырдың жаңа ақпараттық 


Компьютерлік технологияларды қолдану… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
263 
технологиялар ғасыры деп аталуы адамзат өркениетінің дамуының келесі сатысына енгендігін 
білдіреді. Дүниежүзілік көлемде өтіп жатқан техникалық прогрестің кезекті даму тармағына сай болу 
— экономикалық дамудың жаңа жағдаятына бейімделуді көздейтін кез келген елдің басты мақсатына 
айналмақ. Демек, осы ұлы көштен өз орынын табу біздің еліміздің де басты мүдделерінің бірі болмақ. 
Осындай ауқымды да маңызды қызметті іске асырудың жолдарын анықтайтын құзыретті мемлекеттік 
органдар мен қоғамдық институттардың міндеттері болып табылады. Жаhандану дəуірінің 
талаптарына сай даму саясатын жүргізе отырып, ұлттық мүддемізге лайықты сара жол табуымыз 
қажет. Заманауи озық ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы қоғам салаларын 
ойдағыдай дамытудың бірден-бір кепілі — оларды жетік меңгерген мамандардың болуы. Бұндай 
мемелекеттік маңызы бар мəселені шешу қоғамдық институттың бірі болып саналатын кəсіби білім 
беру саласына жүктеліп отыр [1].
Белгілі қазақстандық ғалымдардың пайымдауынша, ақпараттандыру — əлемдік қоғамдастықта 
демократиялық жəне ашықтық қағидаларын ұстанған еліміздің объективті қажеттілігі. Демек, оны 
дұрыс шешу үшін еліміздің ішкі ақпараттық ортаның сыртқы ақпараттық ортамен үйлесімділігін 
қамтамасыз ететін, əрі ақпараттық ресурстар мен технологиялар деңгейіне бірдей талаптар 
қойдыратын бірегей ақпараттық кеңістікте болуы тиіс. Қоғамды ақпараттандыру білімді 
ақпараттандырудан 
басталады 
жəне 
ақпараттандыру 
процесі 
ғылыми, 
құқықтық, 
ұйымдастырушылық жəне ресуртық тұрғыда қамтамасыздандырылады. 
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының 
міндеттері білім берудегі басқаруды одан əрі демократияландыру негізінде қазақстандық білім беру 
моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру, білім берудің 
мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық 
жүйесін құру, білім берудегі ғылым мен өндірісті ықпалдастыру, кəсіптік білім берудің сапасын 
арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру, əлемдік білім беру кеңістігіне 
ықпалдастыруды қарастырады.
Қазіргі кезде мамандарды кəсіби даярлауда ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде қолдану 
кең өріс алуда. Ал, ақпараттық үдерістер — ақпаратты жинау, жіберу, жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу, 
беру жəне пайдаланушыға жеткізу. Компьютерлік технологияларды нақты бір салаға қажет кəсіби 
маман даярлау ісінде қолдану мəселелері толығымен қарастырылмаған. Соның бірі графикалық 
дизайн саласына маман даярлауда қолданылатын компьютерлік технологиялар болып табылады. 
Сондықтан, қазіргі уақытта жоғарғы оқу орнында озық компьютерлік технологиялардың кəсіби 
бағыттағы жаңа ақпараттық жəне бағдарламалық құралдардың енгізілуі, компьютер қолданушы 
санатынан кəсіби маман ретінде қолданушы санатына ауысуын, сонымен бірге жалпылама 
«ақпараттық технология» ұғымын мақсатты «компьютерлік технология» түсінігіне ауысу үдерісі 
жүріп жатыр.
Жалпы «ақпарат» ұғымы — «мағлұмат», немесе «хабар», деген түсінікті білдіреді. Адамзат 
тарихына үңілсек, ақпаратты қолдану жəне таратудың даму кезеңдерін көруге болады. Бастапқы 
кезең адамның санасының оянуы кезеңімен қатар келеді. Адамдардың өзара араласу тəсілі құралы 
болып табылатын сөйлей білу қабілетінің пайда болуы адамзат санасының үлкен жетістігі болып 
табылады. Сөйлеу қабілеттілігі өз кезегінде тілдің пайда болуы мен дамуына негіз болды. Ал тілдің 
дамуы адамзат қауымының өзара қатынас жəне жинақтаған тіршілік тəжірибелерімен бөлісу құралы, 
яғни ақпарат тарату құралы, болып табылады [2].
Адамзат қоғамының дамуына сай ақпаратты тарату тəсілдері де дамиды. Ең бірінші ақпаратты 
ауызша тарату, содан кейн жазбаша тарату, кейінде техникалық құралдар арқылы тарату пайда 
болды. Ақпарат қорының ұлғаюына байланысты ақпаратты сақтау, өңдеу жəне тасымалдау тəсілдері 
қолданыла басталды. Ақпарат білім көзі болып табылатындықтан, білім беру жүйесінде ақпараттық 
оқыту технологиялары пайда болды. Өткен ғасырдағы техникалық прогрестің дамуы салдарынан 
компьютердің пайда болуына байланысты ақпараттық технологиялар адамзат қоғамының барлық 
салаларында қолданысқа ие болды. Ақпаратты компьютердің көмегімен өңдеу мен тарату тəсілі 
ретінде ақпараттық компьютерлік технологиялар пайда болды.
Қазіргі таңда ақпараттық орта құрудың басты екі түрі қалыптасқан: 
1. Дəстүрлі — ауызша жəне жазбаша түрлері. 
2. Техникалық — техникалық құрылғылар, компьютерлік техника мен байланыс құралдары. 


Г.А.Ахметжанова 
264 
Вестник Карагандинского университета 
«Ақпараттық технологиялар» деп электрондық құралдардың көмегімен ақпараттарды жинақтау, 
өңдеу жəне жасау үдерістерін түсінеміз. Олар іске асыру орталарымен жəне құрылымына кіретін 
компоненттерімен сипатталады: 
 техникалық орта (басты мақсаттарды шешуге қажетті техниканың түрі); 
 бағдарламалық орта (басты жұмыстарды орындауға қажетті бағдарламалар құралдары 
жиынтығы); 
 заттық орта (нақты ғылым, білім, техника салаларының мазмұны); 
 əдістемелік орта (ережелер, қолдану реттілігі, тиімділік көрсеткіші жəне басқалар). 
Терминологияға сараптама жасау барысында компьютерлік технологияларды оқыту іс-
əрекетінде қолданылатын электронды құралдар жəне олардың жұмыс істеу тəсілдері жиынтығы 
ретінде құрастыру қалыптасқаны анықталды.
Ақпараттық технологияларды əр алуан түсініктемелерін саралай келе, осы технологиялардың 
ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады: 
 оқытудың нақты мақсатын анықтау; 
 нəтиженің жемісті болуын қамтамасыз етуге бағыттау; 
 оқыту субъектілерінің əрекеттерінің кезеңдерінің құрылымдылығы; 
 аралық жəне ақтық нəтижелерді бағалау; 
 тəжірибенің тасымалдауға жəне қайталауға жарамдылығы. 
Қазіргі таңда білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кəсіби маманның 
даярлығын заман талабына сай қалыптастырудың тиімді тəсілі болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру — бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын 
білім беру құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тəрбиелеудің психологиялық жəне педагогикалық 
мақсаттарына қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі 
дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Мемлекеттік білім беру 
жүйесінде ақпараттық оқыту технологияларды қолдану жүйесінің құрамына төрт түрі кіреді: 
1. Мультимедиалық ақпараттық технологиялар. 
2. Интернеттік технологялар. 
3. Қашықтықтан оқыту технологиясы. 
4. Өндірістік орта технологиясы. 
Аталған технологиялар бір-бірімен өзара байланысып, жалпы білім беру жүйесін қамтиды. 
Қажет болған жағдайда кəсіби білімді жетілдіру мақсатында арнайы кəсіби біліктілікті көтеру 
ақпараттық оқыту технологиялары оқыту үрдісінде қолдану арқылы мамандардың заман талабына 
сай білім алуына мүмкіншілік жасайды.
Болашақ мамандарға ақпараттық білім негіздерін беру, ақпараттық технологияны өзіндік даму 
мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға 
бейімдеу іс-əрекетін жүзеге асыру. Педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға, студенттердің 
білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізетін ақпараттық технологияның түрлері 
көп ықпал етеді. Дизайн саласына қажет мамандарды даярлығын қалыптастыруға бағытталған 
компьютерлік технологияларды қолданудың бірізді жүйесі болып табылады. Болашақ маманды 
даярлауға қажетті заманауи оқыту технологиясының ең бастысы компьютерлік технологиялар деп 
пайымдаймыз. Себебі заманауи компьютерлердің мүмкіншіліктері жоғарыда аталған ақпараттық 
технологиялардың басым көпшілігін қамтиды жəне оларды қолданудағы ең басты буын болып 
табылады [3].
Дизайн саласында қызмет ететін заман талабына сай қалыптасқан кəсіби деңгейі бар, 
компьютерлік технологияларды жетік меңгерген мамандарды даярлау осы күнгі өзекті мəселелердің 
бірі. Сол себептен жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде осы мəселені шешу жолдарын жетілдіру 
қарастырылуда.
Аталмыш мəселенің дұрыс шешімін табу жолында ізденіс жұмыстарын саралай келе, 
түсінгеніміз — жоғары оқу орнында компьютерлік технологияларды оқу үдерісінде қажетті көлемде 
қолдану əлі күнге дейін шешімін таппауда. Оның басты себептерінің бірі — орта буыннан жоғарғы 
жастағы мамандардың кəсіби компьютерлік білімдері мен дағдыларының жоқтығы. Бұл мəселе 
төңірегіндегі ғылыми жəне əдістемелік жұмыстарды саралау барысында жасаған тұжырымдамамыз 
— кəсіби деңгейі жоғарғы маманды даярлау үдерісінде əлі де шешімін табуды қажет ететін тың 
салалар жеткілікті. Солардың бірі — графикалық дизайн саласында қызмет ететін болашақ маманның 


Компьютерлік технологияларды қолдану… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
265 
кəсіби деңгейді қалыптастыруға негізделген арнайы пəндерді оқу барысында компьютерлік 
технологияларды қажетті көлемде қолдану мəселесі [4]. 
Қазіргі ақпараттандыру дəуірі оқу үдерісінде ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең 
көлемде қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін ақпараттандыру — кəсіби даярлаудағы 
берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, еліміздің ұлттық білім 
жүйесінің барлық түрлерінде қазіргі технологияларды тиімді ақпараттық технологияларға алмастыру, 
оларды сүйемелдеу жəне дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары» болып табылады. Əлемдік ғылым 
мен тəжірибеде ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне енгізу келешек ұрпақтың жан-жақты білім 
алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын психологиялық, 
педагогикалық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. 
Қазіргі уақытта кəсіби даярлау мен оқытуда ақпараттық-технологияны қолданудың маңызы 
ретінде бірнеше негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады:
 ақпараттық технологияны кəсіби даярлауда көрнекілікті арттыру, əр түрлі нысан мен 
үдерістерді үлгілеу, оқу материалын жүйеге келтіру мен логикалық реттеу, жаттықтыру, 
меңгерілген білімді бақылау үшін көрнекілік құрал ретінде пайдалану; 
 оқытудың əр түрлі формасын жүзеге асыру: дербес, ұжымдық, өзіндік, қашықтықтан оқыту. 
Оқыту үдерісін автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдану арқылы автоматтандыру; 
 əр түрлі пəндер бойынша компьютерлік оқу курстары мен дизайн программаларының 
əдістемелік кешендерін жасақтау; 
 ғылыми негізделген компьютерлік оқу программаларының сценарийін жасау, педагогикалық 
программалық құралдардың сапасын сараптау мен оны бағалау; 
 білім беру жүйесінде компьютерлік телекоммуникацияны қолдану; 
 білім беруді басқаруда ақпараттық технология құралдарын кəсіби қолдануға баулу 
(басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жұмыс орындары); 
 психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық технология құралдарын қолдану [5].
«Дизайн» мамандығында кəсіби даярлауда ақпараттық технологияны білім беру үдерісінде 
қолдану — өзінің тəсілдері мен мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше əдістерді 
қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан олар арқылы орындалатын оқу əрекеттері 
қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне көшеді, кəсіби оқыту кезінде арнайы іскерліктерді 
қалыптастырады. 
Компьютерлік технологиялардың мүмкіншіліктерін кеңейту үзіліссіз динамикалық үдеріс болып 
табылады. Үнемі өзгеріп отыратын компьютерлік технологияларды меңгеру үшін, дизайн 
мамандығындағы кəсіби даярлығын жетілдіру үстінде көп қолданыста болуы қажет.
Қорыта келе, компьютердің техникалық негізі мен жұмыс істеу принциптерін білу, олардың əр 
түрлі қасиеттері мен мүмкіншіліктерін білу, шыққан тегі мен тарихи даму жолдарын білу болашақ 
мамандарға компьютерлік технологияларды саналы түрде келешек қызметтерінде қолдануға 
мүмкіншілік жасайды.
Əдебиеттер тізімі 
1 Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы: 
Жеті жарғы, 2007. — 10 б. 
2 Мəлібекова М.С. Студенттердің кəсіптік-ақпараттық бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері: 
Пед.ғыл.д-ры ... дис. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. — 32 б. 
3 Исабек Н.Е. Студенттерді компьютерлік графиканы кəсіби іс-əрекетінде пайдалануға даярлау: Автореф. — Алматы, 
2005. — 29 б. 
4 Мəлібекова М.С., Исаев Р.К. Дербес компьютерді оқу процесінде қолдану. — Алматы: Білім, 2000. — 180 б. 
5 Исабаева Д.Н., Құрманбаева Ж.И. Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология құралдарын қолданудың 
мүмкіндіктері. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: zkoipk.kz/ru/b5/252-article.html


Г.А.Ахметжанова 
266 
Вестник Карагандинского университета 
Г.А.Ахметжанова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет