№2(78)/2015 Серия педагогика


Мультимедиалық оқу əдісінің бірі ретінде физикалық процестерді



Pdf көрінісі
бет114/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   185
Мультимедиалық оқу əдісінің бірі ретінде физикалық процестерді
модельдеуді қолдану мүмкіндіктері
Мақалада физика бойынша электронды оқулық мысалында физикалық үрдістерді модельдеуді 
қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Авторлар «Microsoft Visual Studio 2010» мультимедиалық 
электрондық оқу құралын шығарған. Бұл кітап оқушыларға қажетті жаңа компьютерлік 
технологиялар қолданудағы білім мен дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Оқу құралында 
шығарылған физикалық үрдістердің математикалық моделі негізінде компьютерді оқу жүйесінде 
қолданудың қажеттігі көрсетілді. 
Кілт сөздер: мультимедиалық əдістер, модельдеу, математикалық модель, электронды оқу құралы
компьютерлік технологиялар, физикалық процестер, инструменталды орта. 
Қазіргі уақытта қоғамның қажеттілігіне сай білім беру жүйесіне жəне оқыту əдісіне енгізілген 
өзгерістер нəтижесінде технологияның маңызы зор. Модельдеу — табиғатты түсінудің тиімді жолы. 
«Физика» сөзінің жəне бір мағынасы — ол табиғат процестерінің моделі, яғни қандайда бір зерттеу 
нысанын оқып-үйрену барысында, алдыңғы зерттеу нысанын алмастыратын басқа зерттеу нысанын 
қолдану. Зерттеу нысандарының сипаттамаларын біліп алу немесе анықтап алу үшін, басқаруды 
жақсарту немесе нұсқа жөнінде сəйкес болжамды тексеру үшін, жаңадан құрастырылатын 
нысандарды жасау тəсілдерін тиімді ету үшін модельдерді зерттеу нəтижесін пайдалану əдістерінің 
жиыны. 
Кредиттік технология формасы бойынша оқып үйрену дəстүрлі оқу жүйесіне қарағанда 
толықтай қысқартылған. Негізгі ақпарат алу əдісі біржақты коммуникация
бойынша жүреді: 
оқытушы білімді өңдейді, ал білім алушы жүзеге асырады. Негізгі үйрену көзі — педагог тəжірибесі. 
Ал, кейде екі жақты коммуникация
да болады (1-сур.): 
 
1-сурет. Екі жақты коммуникациялар сызбасы 
Осы əдіспен оқып үйренудің негізгі кемшіліктері 
1. Дəріс уақытында білім алушының пассивті
болуы, оның функциясы — тыңдау ғана. 
Америкалық зерттеушілер Р. Карникау жəне Ф. Макэлроу: адам оқыған нəрсенің 10%-ын, 20% — 
тыңдағанын, 30% — көзбен көргенін, 50% — көріп жəне естігенін, 80% — өзі не айтса сол, ал 90% — 
практика барысында есте сақталады деп сендіреді. 
2. Біржақты коммуникацияны тек ақпарат аз кезінде ғана, яғни лектордың айтуынан, басқа 
əдіспен ала алмайтын кезде іске асады. 


Мультимедиалық оқу əдісінің… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
191 
Осы кедергілерден шығу үшін біз көпжақты коммуникация ұйымын құру керек. Көпжақты 
коммуникация формасын ұйымдастырған кезде дəстүрлі оқу формасынан келесі артықшылықтарға 
жететін болады:

барлық қатысушылардың белсенділігі; 

тепе-теңдік; 

басқару мен бақылаудың репресcивті болмауы; 

білім алушының білімін оқу процесіне енгізу. 
Бірақ оқу процесін бұлай ұйымдастырғанда мынадай мəселелер туындайды: 
1. Оқыту барысында білім алушыға əлеуметтік пайдалы білімді, мінез-құлық сипаттарын жəне 
сапасын қарым-қатынасты, тəртіп тəжірибесін өндіруде жеке тұлға өмірімен іс-əрекетін даму 
динамикасының ерекшеліктерін əр түрлі оқыту технологиясының спецификасын жəне жеке 
тұлғаның, қоғамның жəне мемлекеттің қажеттілігін ескеру.
2. Тұлғаны емес, оның даму процесін басқару. Бұл мəселелерді шешу үшін:
– біріншіден, орташаланған педагогикалық əсердің тəсілдерін қолдану, педагогикалық əдісті 
тиімді пайдалану; 
– екіншіден, диалогтық қарым-қатынас əдістерін қолдану, шындықты бірігіп шығару жолын 
іздеу;
– үшіншіден, мультимедиалық оқыту əдістерін қолдану. 
Оқу-тəрбие үрдісіне теориялық, іс-тəжірибелік талдаулар, оның тарихына пайымдаулар, 
ғалымдардың ойлары, əдіскер, тəжірибелі мамандардың пікірлері, озық, тиімді, оңтайлы ықпалдар, 
нəтижелер келесі тұжырымдама жасауға жеткізеді: 

оқытудың техникалық құралдары — пассивті оқыту құралдары; 

компьютерлік технологиялар — активті оқыту құралдары; 

мультимедиалық технологиялар — интерактивті оқыту құралдары. 
Пассивті оқытудың техникалық құралдары алдын ала даярланған, бағдарламаға, күнтізбелік 
тақырыптық жоспарға тікелей қатысты, мазмұны сай келетін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарты, ұлттық бірыңғай тесті, мемлекеттікаралық бақылауға сəйкес мазмұндағы оқу-
ақпараттық материалдарды оқытушы ұсынуға мүмкіндік беретін оқыту құралдары. 
Активті оқытудың техникалық құралдары алдын ала даярланған оқу материалдарын кері 
байланысқа, сұрақ-жауаптарға, бағдарламаға қатысты өзі ізденіп жауап беру, ойластыру, жауаптарын 
байқаудан өткізу — шəкірттің белсенділігімен жүзеге асырылатын оқыту құралдары. 
Интерактивті оқытудың техникалық құралдары — шəкірттерге нақты оқу материалдарын 
ұсынып, ақпаратты өңдей, талдай, саралай білуге ұмтылыстары жəне берілген жауаптың негізінде өзі 
оқу материалдарын толықтырады, жеткілікті, тіпті ойдағыдай деңгейге сай мазмұнын құрылымдайды [1]. 
Біз мультимедиалық оқу əдісімен физикалық процестерді компьютер көмегімен модельдеуді 
ұсынамыз. 
«Мультимедиа» термині бірінші рет 1965 ж. пайда болып, 70-жж. əр түрлі формадағы көріністер 
жəне ақпараттар, театрлық шоу ретінде, мысалы: слайдтар, кино, бейнетаспалар, аудиофрагменттер, 
жарық эффектілер жəне жанды дауысты музыкаларды көрсету үшін белсенді қолданды. 
Оқу процесінде əр түрлі пəнге оқып үйренетін жəне алған білімін тексеруге тестілік 
программалар пайдаланылып жүр. 
Мультимедиалық технологиялар білім алушылардың болашақ мамандығына қызығушылығын 
арттырып қана қоймай жəне де пəн бойынша үлкен жетістіктерге жетуде. Көптеген білім алушылар 
ақпаратты көру арқылы жақсы қабылдайды. Бұл программалар ізденіс пен тəжірибе, озық 
технологиялар мен инновациялар толықтырып қарқынды оқытуға көмектеседі. Соңғы жылдары 
əдістемеге енгізілген эксперименттерді компьютер арқылы модельдеудің де, студенттердің 
эксперименттерді қолдарымен жасағанындай болмаса да, аспапты танып-білуіне, оның қолданылу 
деңгейін біліп жұмыс істеуінің маңызы зор болып отыр. Пассивті бақылаушы болып емес, активті 
қатысып жəне де өзінің мүмкіндігін бағалай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет