№2(78)/2015 Серия педагогика


Медициналық биофизика пəнін кəсіби бағыт



Pdf көрінісі
бет17/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   185
Медициналық биофизика пəнін кəсіби бағыт
бойынша оқытудың жалпы қағидалары 
Мамандарды кəсіби тұрғыдан дайындау əр уақытата өзекті проблемалар қатарына жатады. 
Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер елімізде жəне шет елдерде көптеп жүргізілген, бірақ олардың 
арасында болашақ дəрігерлерді медициналық техникалар бойынша дайындауға арналған зерттеулер 
жоқ. Мақалада болашақ дəрігерлерге медициналық биофизика пəнінде медициналық техниканы 
меңгертудің педагогикалық негізі анықталып, болашақ дəрігерлерге медициналық техника бойынша 
білім берудің технологиясы ұсынылған.
Кілт сөздер: медициналық биофизика, медициналық техника, диагностикалық жəне терапиялық тех-
ника, студент, танымдық іс-əрекеттер, дағдылар.
Қазіргі заманғы медициналық жоғары оқу орындары болашақ мамандарға білім берумен
қатар, олардың заман талаптарын толық қанағаттандыратын, жаңа білімді игеруге дайын, көп жақты
іс-əрекетке дағдыланған жəне оны меңгерген, жаңа талаптарға тез икемделетін, бəсекелі ортаға 
бейім маман етіп дайындауды басты бағыт деп санайды. Осыған орай медициналық жоғары оқу 
орындарының алдында оқу орнын бітіретін болашақ дəрігерлердің өз қызметінде орындайтын 
диагностикалық, терапиялық (емдеу) жəне клиникалық лабораториядағы зерттеу жұмыстарының


Ү.А.Байзақ 
24 
Вестник Карагандинского университета 
сапасы мен деңгейін көтеру жəне оларды осы бағыт бойынша кəсіби дайындаудың сапасын артыруды 
қамтамасыз ету міндеті тұр. 
Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласында диагностикалауда, терапияда жəне т.б. қызметтерде
көптеген медициналық құралдар қолданылады, олай болса, осы замаңғы дəрігерді медициналық 
техникалардан бөлек қарау мүмкін емес. Осы жағдайлар медициналық жоғары оқу орындары 
студенттерін кəсіби дайындауда медициналық техниканы меңгертудің жаңа жолдарын қарастыруды 
міндеттейді.
Алдымен «кəсіби білім» мен «кəсіби дайындау» деген ұғымдарға тоқталайық. Педагогикалық 
ғылыми əдебиеттерде бұл ұғымдар туралы нақты бір пікір қалыптаспаған, яғни оған көзқарас əр 
түрлі. Мысалы, Ю.К.Бабанский «... кəсіби, немесе арнаулы, білім деп оқушының белгілі бір 
мамандық саласына қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жиынтығының белгілі бір мөлшерін...» 
атаса [1], А.М.Новиков оны «...оқу жəне мен тəрбиелеу нəтижесінде жеке тұлғаның маман болып 
қалыптасуына ықпал ететін...» фактор ретінде қарастырған [2]. Мамандарды «кəсіби дайындау» 
ұғымы туралы да айтылған пікірлер көп, мысалы, В.А.Сластениннің жоғары деңгейдегі дайындыққа 
жету жолдарын кəсіби педагогикалық іскерлік пен шеберліке байланысты деп санап, оның білімге 
көп байланысты екендігіне көңіл бөлген [3], А.Н.Бирюкова, К.А.Адыширин-Заде, А.В.Тарасова 
физика пəні арқылы болашақ дəрігерлерді даярлаудың кейбір аспектілерін қарастырған [4–6]. 
Болашақ мамандарды кəсіби дайындау мəселелерін Л.Е. Рязанова, Э.А.Байдалинова, М.И.Дьяченко, 
Л.А.Кандыбович, Н.Б.Жаманқұлова жəне басқалары зерттеген. Бұл зерттеулердегі пікірлер мына 
тұжырымға саяды: «... кəсіби дайындау — белгілі бір қызметті орындауға мүмкіндік беретін арнаулы 
білімдер, дағдылар мен іс-əрекеттер жиынтығын меңгеруге қол жеткізу». Бірақ бұл зерттеулердің
арасында болашақ дəрігерлерді медициналық техника бойынша кəсіби дайындау туралы айтылған 
пікірлер немесе тұжырымдар кездеспеді. Осы жағдай, бізге жоғарыдағы аталған пікірлер мен біздің 
ғылыми əдебиеттерге жүргізген талдауларымызды қорытындылай келе, болашақ дəрігерлер үшін 
кəсіптік білім деп «болашақ дəрігерлерді денсаулық сақтау саласында атқаратын қызметін толық 
жəне нəтижелі орындауына мүмкіндік беретін арнаулы білімдер мен іс-əрекеттер жиынтығын», ал 
оларды кəсіби дайындау деп «болашақ дəрігерлерді меңгерген кəсіби білімдері мен іс-əрекеттер 
жиынтығын белгілі бір мақсатта (диагностикалық, терапиялық, клиникалық лабораториялық 
зерттеу) қолдануға үйрету» деген тұжырым жасадық. Енді осы аталған тұжырымдарды негізге ала 
отырып, болашақ дəрігерлерді медициналық техникаларды қолдануға дайындаудың психологиялық 
жəне педагогикалық негіздерін, онан соң бұл тұжырымдарды сипаттайтын көрсеткіштерді 
анықтайық.
Соңғы жылдары жоғары мектептерде болашақ мамандарды кəсіби дайындау «іс-əрекеттер мен 
түсініктердің» кезеңмен қалыптасу теориясы негізінде жүргізілуде. Бұл аталған теорияны білім 
беру мен оны меңгеруді ұйымдастыру жəне басқару үрдісін зерттеуде қолдану үлкен нəтиже
беретіндігін көрсетті. Бұл теория: оқу іс-əрекеттерді бірлікте қарастырады, яғни əрбір іс-əрекет
белгілі бір ретпен жəне белгілі бір ережеге сəйкес орындалатын операциялардың белгілі бір 
жиынтығын қамтиды.
Біз осы теория тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, болашақ дəрігерлерді медициналық 
техниканы қолдануға дайындаудың негізін қаладық. Осы тұжырымға сүйеніп, болашақ дəрігерлерді 
медициналық техникаларды меңгерту мен оны қолдануға үйретуде мына факторларды басшылыққа 
алдық: 
 2006 жылғы Қазақстан Республикасының медициналық білім стандартына сəйкес дəрігер 
мамандарға қойылатын талаптарды;
 болашақ маманның атқаратын қызметіне (жалпы дəрігерлік, ішкі аурулар, хирургия, 
педиатрия, педагогикалық т.б.) сəйкес медициналық техникалармен орындайтын іс-əрекеттерін 
(диагностикалық, терапиялық, лабораториялық);
 медициналық техникаларды қолдану бағыттары мен онда қолданылатын физикалық факторлар 
бойынша жіктелуін ескеруді (механикалық, электромагниттік, оптикалық, т.б.);
 болашақ маманның білуге құштарлығы мен танымдық талпынысын (мотивациялық, 
мазмұндық, іс-əрекеттік); 
 медициналық техника бойынша оқу құралдар кешеннің болуын (медициналық білім 
стандарты, оқу жоспары, медбиофизика мен клиникалық пəндердің типтік бағдарламалар, 
күнделікті тəжірибелік сабақтарда медициналық техникаларды қолдануға сəйкес дайындалған 
оқу-əдістемелік нұсқаулар) жəне т.б.


Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
25 
Осы көрсеткіштерді негіз етіп, болашақ дəрігерлерді медициналық техниканы қолдануға 
дайындаудың мақсатын анықтаудан бастаған жөн. Н.Ф.Талызина атып көрсеткендей, осы кезеңге 
дейін белгілі бір пəнді оқып-үйренудің мақсаты: «терең білім беру, білімді практикада 
шығармашылықпен қолдану т.б.» жалпы түрде беру қалыптасқан. Қазіргі заманғы кəсіби білім 
берудің мазмұны мен мақсаты маманның атқаратын іс-əрекеттерінің ішінен ең бастыларын нақты 
көрсетуді талап етеді, өйткені орындалатын іс-əрекеттер сипаты орындалатын іс-əрекеттің мазмұны 
мен оны шешу жолдарына байланысты болады [7]. Осыған сəйкес студенттердің оқу үрдісі кезінде 
диагностикалық, терапиялық жəне лабораториялық зерттеу құралдарымен орындалатын іс-
əрекеттерін жəне олардың меңгерілуін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау қажет. Ол үшін оқу 
үрдісінде студенттердің медициналық құралдарды қолдану бағытына сəйкес таңдай алуын;
медициналық құралды жұмысқа қосу жəне оның əсерін тіркеуді; медициналық құралда 
қолданылатын физикалық фактордың диагностикалық немесе емдік əсерінің физикалық табиғатын 
білу; медициналық техникалардың пациентке тигізетін зиянды əсерлерін жəне оны жою жолдарын 
білу; қазіргі заманауи медициналық техникалардың дамуы туралы мəліметтерден хабардар болуын 
жəне тағы басқа қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады жəне мұны аталған проблеманы 
шешудің бірі ретінде қабылдау қажет.
Біздің ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге жүргізген талдауларымыз медициналық жоғары оқу 
орындары (жоо) студентеріне медициналық техниканы меңгертудің педагогикалық жүйесі
қаланбағандығын көрсетті. Бұл студенттердің медициналық техниканы меңгеру дəрежесін
анықтайтын көрсеткіштері атымен жоқ деген сөз емес, керісінше, 2006 жылғы Қазақстан 
Республикасының медициналық білім стандартында 6 түрлі мамандық үшін 18 түрлі медициналық 
техникалармен орындайтын іс-əрекеттер көрсетілген. Бірақ бұл көрсеткіштер толық емес жəне біз 
зерттеу нəтижесі бойынша бұл стандартқа енбеген, денсаулық сақтау саласында қолданылатын 
көптеген жаңа типті медициналық құралдарды анықтадық.
Н.Ф.Талызина мамандықтардың біліктілік сипатамасында мынадай кемшіліктердің орын 
алатындыған атаған: «Мамандардың құралдармен жұмыс істеу дағдысын сипаттайтын 
көрсеткіштерді сипаттайтын критерийлер берілмеген; маманның меңгерген дағдысы көптеген 
пəндердің бірлескен əсері арқасында қалыптасады, сондықтан осы процесте əр пəннің беретін
«үлесін» дəл анықтау қажет; аталған дағдылар жүйесі орындауға болатындай етіп ұсынылуы тиіс» 
[7; 9]. Бұл аталған кемшілік 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының медициналық 
білім стандартына да кездеседі, берілген медициналық құралмен, қандай іс-əрекеттер орындалатыны 
жəне оны орындау дəрежесін сипаттайтын көрсеткіштер берілмеген, яғни бұл стандартта 
Н.Ф.Талызинаның атаған кемшіліктері орын алған.
Сонымен, жоғарыдағы анықталған ғылыми тұжырымдар мен мəліметтерді жинақтай келе, 
медициналық жоо студенттерінің медициналық техника бойынша дайындығының басты 
көрсеткіштері ретінде мыналарды алу қажет деп санаймыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет