28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Газе́та – белгілі бір атаумен, кем дегенде, айына бір рет шығып тұратын  басылым.  Қысқаша тарихы



Pdf көрінісі
бет120/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Газе́та
– белгілі бір атаумен, кем дегенде, айына бір рет шығып тұратын 
басылым. 
Қысқаша тарихы.
Көне заманда жаңалықтар жарияланған қолжазбаларды 
газеттің түп атасы деуге болады. Кезіндегі Юлий Цезарьдің «Деяния сената», ал 
кейін «Ежедневные общественные деяния народа»деп аталатын басылымдарын 
газеттің алғашқы түрі деп есептеуге болады.Рим газеттері қыш тақтайшаларға 
жазылды. 911 жылы Қытайда «Цзинь бао» («Астана хабаршысы»)деген атпен 
жарық көрген басылымды шығыстағы алғашқы газет қатарына қосуға болады. 
«Газет» терминінің пайда болуы ертеде-гі Римдегі ең үсақ монетаның 
gazzetta
(
гасета
) атына байланысты.XVIғасырда қысқаша жаңалықтар жазылған 
көпшілікке арна-лып жазылған басылымды оқығандығы үшін бір 
гасета
төленетін.
 
Орыстың
алғашқы газеті қолжазба түрінде XVII ғасырдың алғашқыширегінде 
пайда болды. Онда шетел газеттерінен алынған мақалалардың аудармасы және 
шет елге барып келген немесе Ресейге келген шетелдіктердің материалдары 
жарияланды.1668 жылдан бастап Ресейде пошта қызметі жолға қойылды.Енді 
шетел газеттері уақытында тұрақты түрде келіп тұратын болды.Қолжазба 
түріндегі газеттер айына 3–4 рет шығып,патша сарайына жеткізілетін. Онда 
әлемде жүргізіліп жатқан соғыстар,үкіметтердің ауысуы,шетелдермен жасалған 
келісімшарттар, табиғаттың тосын әрекеттері және техногенді апаттар туралы 
хабарлар. 


108 
Орыстың 
алғашқы 
жорналы 
«Ежемесячныесочинениякпользеиувеселениюслужащие» деп аталды. 1755–
1764жылдар аралығында орыстың белгілі ғалымы М.В.Ломоносовтың мұрын-
дық болуымен Петербор Ғылым Академиясы шығырып тұрды.Тиражы 
2мыңдана. 
1758жылдан 
бастап 
«Сочиненияипереводыкпользеи 
увеселениюслужащие»,ал1763жылдан 
– 
«Ежемесяч-
ныесочиненияиизвестияоучёныхделах» деп аты өзгертілді.Алғашқы редакторы 
Алмания елінен шақырылған Санкт Петербург Ғылым акадкмиясының толық 
мүшесі 
акад. 
Г.Ф.Миллер 
болатын.Журналда 
Миллер, 
П.И.Рычков, 
Ф.И.Соймонов, А.Л.Шлёцер, М.М.Щербатовсияқты ғалымдардың мақалалары 
жарияланды.Әдеби мақалаларға да орын берілді. Сол заманның белгілі 
әдебиетшілері А.П.Сумароков, В.К.Тредиаковский, М.М. Херасков сияқтылар 
журналмен тығыз байланыста болатын.Ж.Бюффон, Вольтер, Ж.Д Аламбер, 
К.Линней сяқты ғалымдардың еңбегі аударылып басылды. 
Қазақстанда
мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол 
қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. 
Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән 
саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-
жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды. 
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспасөз басылымдары шықты. 
Олардың ұзақ уақыт шығып тұрғандары «Түркістан уалаяты»(1870–1882), 
«Дала уалаяты»(1888–1902) газеттері мен 
«Айқап»
(1911–1915) журналы болды. 
Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады. 
«Түркістан уалаяты»газеті әуел баста «Туркестанские ведомости»газетіне 
қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады. 
Алғашқыда ол айына төрт рет, оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі 
қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі газеттен бөлініп шығып, қазақ 
жөне өзбек тілдерінде шығарылды. «Түркістан уалаяты»газеті бетінде қазақ 
елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлүматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, 
Шымкент, Жамбыл жөне Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол 
кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бүл облыстар 
Түркістан өлкесінің қүрамыңда болған). 
Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Ресейге жаңадан 
қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының 
талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған. 
Бірақ газеттің бейресми бөлімінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталуына 
байланысты бұл өлкедегі қазақтың шаруашылығындағы өзгерістер туралы 
мағлұматтар, қазақтың тарихы мен әдебиетінің материалдары көбірек орын 
алған.
«Түркістан уалаяты»тек Түркістан өлкесіне қарайтын аймаққа ғана емес, ол 
Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Қарқаралы, Семей уездеріне де таралып 
тұрған «Дала уалаяты»газеті» Акмолинские областные ведомости»газетіне 
қосымша ретінде 1888–1894 жылдар аралығындадербес газет, ал 1902 жылдың 
12-сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде Омбы қаласында шығып тұрған. Ол 


109 
Ақмола,Семей, Жетісу облыстарын билеген Дала генерал губернаторының 
органы болды. Газеттің ресми бөлімінде патша өкіметінің және жергілікті 
ұлықтардың бұйрық-жарлықтары басылды, патшаға табыну уағыздалды.
Ал бейресми әлемінде қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің 
мәселелері көтерілді. Сонымен қатар газетте қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, 
орыстың белгілі ақын-жазушыларының кейбір шығармалары, қазақтың әдет-
ғұрпын, тұрмысын, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдарының мақалалары жа-
рияланып тұрды. Қазақ әдебиеті мен тілінің мәселелері сөз етілді.«Қазақ» – 
қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда 
аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы 3000, 
кейбір мағлұматтарда 8000 ға жеткен. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, 
жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байрұрсынов, екінші редакторы – қоғам 
қайраткері, ақын Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін 
«Азамат» серіктігі болған. Газеттің басылып шығуына қаражат шығарған 
Ахмет ишан Оразаев болған. А.Байтұрсынұлы газетке автор ретінде де 
қатысып«Қызылқұм елінде» деген сияқты мақалалар да жарияланып отырған. 
Хусаинов –Каримов баспаханасында басылып тұрған.Газеттің 1918 жылғы 
сандарының редакторы Жанұзық Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді. 
Газетте ХХ ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең 
түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен 
қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-
ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, 
Ш.Құдайбердиевтің, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б. Серікбаев, Р.Малабаев, 
Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің даму шығармалары, әңгіме, өлеңдері 
басылып, аудармалары туралы сын-мақалалар мен қатар Л.Толстойдан, 
А.Чеховтан, 
М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, И.Крыловтан алғашқы 
аудармалар жарық көрген. 
Қазақ халқьшың әлеуметтік-саяси және мәдени емірінде XX ғасырдың бас 
кезінде болған елеулі уақиғалардың бірі –
«Айқап»
журналының баспадан 
шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси жене әдеби журналы болды. Ол 
өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, қазақтың қоғамдық 
ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демокра-
тиялық дәстүрлерін жалғастырып, ілгері дамытқан журнал болы. Оның 
редакторы демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872–1929) еді.Журнал 
1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейіносы күнгі 
Троицк қаласында ай сайын шығып тұрды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX 
ғасырдың бас түрлі себептермен жабылып қалды.1917–1920 жылдары 
шығарылған газеттердің саны 20-дан асты.
1989 жылы Қазақстан бойынша баспадан 450 түрлі газет пен 94 журнал және 
журнал типіндегі басылымдар шығып тұрған.Бұлардың көптеген материалдары 
құнды тарихи деректер болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет