)Ауыл шаруашылығының санағы елдің азық-түлік қорларын есепке алу, оның
жоспарлануын тәртіпке келтіру және шаруалардың әлеуметтік-таптық
жағдайын талдау үшін жүргізілді. Кеңестік ауыл шаруашылық санағының
тарихын екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі 1930 жылға дейінгі уақытты
қамтыса, екіншісі ауылды жаппай коллективтендіруден басталады. Бірінші
кезеңде санақтық мекемелер жүйесі қалыптасты, біртіндеп ауыл мен селоны
зерттеудің әдістемесі жасалды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты селодағы
өндіргіш күштер мен шаруалардың әртүрлі экономикалық топтарының
шаруашылық құрылысын және егін-шілік пен мал шаруашылығының даму
қарқынын зерттеу болды. Ауыл шаруашылығының көптеген ұсақ
шаруашылықтардан тұрған кезеңінде оны зерттеудің кең таралған тәсілі –
шаруашылықтарды тұтас емес, оның кейбір түрін ғана ішінара тексеру болды.
Елдің ауыл шаруашылығының алғашқы санағын РСФСР-дің Орталық санақ
басқармасы 1920 жылы өткізді. Бұл санақтың басты мақсаты ауыл
шаруашылығының өндіргіш күштерін есепке алу еді. Әр жанұяның құрамы,
оның мүшелерінің жынысы, шаруашылығы, мал-мүлкі т.б. ескерілді. Санақ тек
РСФСР-дің еуропалық бөлігінің 25 губерниясында ғана өткізілді. Оның
қорытынды мәліметтері 1920 жылы «Труды ЦСУ»жинағында жарияланды.
1920 – жылдары ауыл шаруашылығы санағында іріктеп тексерудің екі түрі
қолданылды. 1921–1927 жылдары табиғи-шаруашылық аймақтары ортақ белгілі
мекен орындарының өсу санағы мен ішінара санағы өткізіліп отырды.
1921–1929 жылдары ішінара өткізілген санақ жұмыстары егістіктер, мал
шаруашылығы менжалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің есебін алу мақсатына
арналды. Олардың кейбір мәліметтері Орталық санақ басқармасының соңғы
уақытта шыққан басылымдарында жарияланды.
1930 жылы еддің санақ мекемелері қайта құрыдды. Орталық санақ басқармасы
КСРО-ның мемлекеттік Жоспаркомының (Госплан СССР) халық шаруашылық
есебінің
Орталық
басқармасы
болып
қайта
құрылды.
Жаппай
коллективтендіруге байланысты ауыл шаруашылығының санақ тәсілдері
өзгерді. Осыған байланысты санақ негізіне енді ішінара зерттеулер емес, ауыл
шаруашылық мекемелерінің шаруашылығын есепке алумен олардың мезгіл-
мезгіл есептері алынатын болды. Көптеген құжаттардың ішінен колхоздардың,
совхоздардың және МТС-тердің шаруашылық жұмыстарының қортыңдылары
көрсетілген жылдық есептерінің мәні артты. анықталып отырды.
30 – жылдары коллективтендіру қарқыны Наркомзем мен колхоз центрдің
ведомстволықесептерінде баяндалып отырды. Олардың қорытындысы 30-
жылдардың басында басылымдарда жарияланды. Бұл мәліметтер 1956 жылы
«Народное хозяйство СССР»деген жинақтың баспадан шығуымен қайтадан
жарияланды. 1957 жылдан«Народное хозяйство в ... году» деген жинақ жыл
105
сайын, ал «Советское хозяйство СССР» жинағы 1960 және 1971 жылдары
баспадан шықты.