28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет146/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

2. Мәтінді түсідіру 
Жазбаша дерек белгілі бір заманның туындысы.Деректанушы осы дәуірдің 
өкілі.Оның авторы мен деректі зерттеп отырған тарихшының арасында талай 
уақыт аралығы бар. Құжат жасушы мен оны зерттеуші екі әлеуметтік-
мәденижүйенің өкілдері. 
Тарихшы өзі зерттеп отырған елдің сол замандағы тұрмыс-тіршілігін,мәдени 
деңгейін, әлеуметтік ахуалын, саяси бейнесін жақсы білуі керек. Ойша сол 
кезде өмір сүрген қоғамның ортасында болса ол деректің пайда болуына әсер 
еткен барлық факторларды ескеру мүмкіншілігіне ие болады. 
Бұдан әрі біз дерек мәтінін түсіну әдістеріне тоқталайық.Түсінуді ғылымда 
интерпретация деп атайды.Оның негізгі мәні деректегі ақпараттың шынайы 
мағанасын ұғыну.Интерпретация барысында мына төмендегі әдістерді 
пайдаланған жөн. 
1.герменевтика әдісі. 
2.әлуметтік мәдениеттануәдістері. 
3.тарихи этнология. 
4.психологиялық түсіну әдістері,дерек авторының көңіл күйін ескеру. 
5.жекелеу,яғни деректі жазған автордың жеке басының ерекшеліктерін ескеру. 
6.типологиялық әдіс,яғни деректі белгілі біртиптегі мәдениеттің ескерткіші 
ретінде қарастыру. 


136 
Деректанушы ғалым филология ғылымын да өз дәрежесінде меңгеруі қажет. 
Үйтпейінше мәтіндегі толып жатқан тілдік және грамматикалық кілтипандарды 
дұрыс оқу мүмкін болмайды.Мәтінді филологиялық талдау оның құрлымы 
структура мен жанрын анықтаудан бастау қажет. Талдау мына төмендегі 
сұрақтарға жауап іздеуден басталады. 
1.Құрылымы қандай? 
2. Қай бөлімдеріне аса көңіл аударған жөн? 
3.Мәтіннің әр бөлімі бір - бірімен қалай байланысқан? 
4.Шығарманың компазициясын жасаудағы автордың түпкі ойы. 
5.Шығарманың жанрын жазушы мен зерттеуші қалайанықтайды? Жанрдың 
спецификасы. 
Сонау замандарда жазылған ескерткіштерде бүгінгі заман оқырмандарына 
түсініксіз толып жатқан сөздер,түсініктер, анықтамалар,сөз тіркестері 
кездеседі. Деректанушы солардың бәрін бүгінгі қолданыстағы сөздермен 
ауыстырып,деректі пайдалану мүмкіншілігін туғызуы керек сонда ғана ол 
ғылым игілігіне айналады.Филолог-ғалым мәтінді жай ғана аударып қойса
тарихшы оның мағанасын түсінуге тырысады,ондағы ақпаратты сол замандағы 
нақтылы-тарихи уақиғалармен,мәдени жағдайлармен байланыстырады. 
Деректанушы алдымен мәтінде кездескен түсініктер мен сөйлемшелерге 
анықтама береді. Содан кейін ондағы әріп қателіктері түзетілді, түсіп қалған 
сөздер,сөйлемдер 
өз 
орнына 
қойылады,идиомдар,символдар, 
аллегориялар,тұспалдап айтылған жерлері, астарлы сөздері ашылады. 
Әсіресе нарративті шығармалар осындай талдауға зәру. Олардың көпшілігінің 
мазмұны авторының ой– пікіріне сәйкес келе бермейді. 
Мәтінді талдау дерекке әлеуметтік-мәдени баға берумен аяқталады. Зерттеуші 
ескерткіштің мағынасын, құндылығын, идеалын анықтайды. Әрбір деректе 
тарихи факт автордың көзқарасы арқылы беріледі. Сондықтан оның шын 
мәніндегі мағынасын ашу ондағы мәдени құндылықтың бұрмалауынан 
тазартуға мүмкіншілік береді. Мұның барлығы сайып келгенде деректің 
әлеуметтік-мәдени жүйедегі орнын анықтауға көмектеседі. 
Мұндай жұмыс әсіресе нарративті деректерді талдаған кезде қажет. Қазақстан 
тарихына байланысты пайда болған түркі, қытай, парсы, араб, орыс тарихи 
шығармаларын пайдаланғанда сақтықтың қажеттігі айтпаса да түсінікті. 
Өйткені қазақ тарихына қалам тартқан әрбір автор белгілі бір заманның, белгілі 
бір елдің әлеуметтік- мәдени жүйесінің тұлғасы. 
Келесі кезекте деректанушы әрбір автордың өмір сүрген ортасын. Оның 
әлеуметтік-мәдени құндылығын анықтауы қажет. Мұны деректі бағалаудың 
кілті десе де болғандай. Мәтіннің шын мәніндегі мағынасын білгеннен кейін 
зерттеуші ондағы берілген ақпараттың шынайылығын анықтауға кіріседі. 
Шығарма автордың көқарасының айнасы. Мұнда ол болған оқиғаға, немесе 
тарихи процеске өз ойын, өз пікірін білдіреді. Сондықтан да сол заманның 
қоғамдық санасы /менталитет/ және автордың позицияы деректен айқын көрініс 
табады. Алдымен автордың қандай әлеуметтік ортада туып және өмір сүргенін 
анықтау қажет.Автордың білім деңгейі, оның өмірге деген көзқарасы, 


137 
айналасында болып жатқан тарихи оқиғаларға қатынасы ол жазған дерекке әсер 
етеді. 
Жазбаша деректің шынайылығын анықтау барысында тарихшы біраз мәселеге 
көңіл аударуы қажет: 
1. Автор шығармасына қажетті ақпаратты қайдан алды.Өзі сол оқиғаға 
қатынасты ма? Немесе біреуден естіді ме, әлде сыбысты пайдаланды ма? 
Мүмкін ақпарат негізінде құжат жатқан болар. 
2. Автордың ақпарат жинау, пайдалану әдісі, оның анализ жасау қабілеті. 
3. Деректің авторына қоғамдық атмосфераның, сол кездегі ел ішіндегі саяси 
жағдайы. 
Міне, осыларды ескергенде қолыңыздағы деректен шынайы, әрі толық 
мағлұмат алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет