139
1. Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХғасырдың басында
ғылым мен техниканың
қарыштап дамуының нәтижесінде тарихи деректердің жаңа түрі пайда болды.
Мұндай деректер басымдылық танытып, ғылыми зерттеулерде басқа деректерге
қарағанда үлкен сенімге ие болды.Оларды пайдаланудың әдістемесі жасалды.
Фото,кино және дыбыстық құжаттардан алынғанобъективті болмысты
көрсететін
мәліметтер
түрін
аудиовизуалды
деректер
деп
атаймыз.Беретін мәліметтерінің түріне байланыстыолар төмендегіше
жіктеледі
:
■
бейнелеу-көркем өнер деректері
(бейнелеу өнері шығармалары,көрем
фильмдер,фотосуреттер);
■
көркем-графикалық деректер
(карталар, планы, схемалар);
■
көркем-натуралды
деректер
(құжаттық
фото
суреттер,
киножәне
видиоматериалдар).
Деректердің мұндай түрлері ғылыми-зерттеу
жұмыстары барысында жиі
пайдаланатын болды, өйткені мұндай материалды пайдалану барысында талдау
жұмыстарының ерекше әдістері қолданылды. Бейне дерек ретінде әсіресе
археология,этнология,өнертану,кітаптану сияқты гуманитарлық ғылымдардың
зерттеу объектісіне айналды.
ХІХ ғасырдан
бастап құжаттандырудыңфото,кино,фоно және видео сияқты
жаңа әдістері пайда болды. Осындай жолмен дайындалған тарихи құжаттар
аудиовизуалды деректер деп аталады. Көзге айқын
көрініп тұрған бейнелер
өткен заманда өмір сүрген адамдар жөнінде шынайы ақпарат беретіндігі
белгілі.
Дегенмен осындай ақпарат көздерінің тарихи деректік мүмкіншіліктерін
тарихшылардың басым көпшілігі кеш түсінді.Тек соңғы жылдары Ресей
ғалымдарыМагидов
В.М.
(«Кинофотофонодокументы
в
контексте
исторического знания») Н.Н. Кушнаренкосияқты
ғалымдар оларды тарихи
дерек екендігін ғылыми түрде дәләлдәп берді. Біріншісі белгілі
мұрағаттанушы,тарихшы-деректанушы осы тақырыпқа докторлық диссертация
жазды.Ал екіншісі педагогика ғылымдарының докторы,профессор, 200 –ге
жақын әдістемелік еңбек жазған ғалым. Тарих ғылымдарының докторы Н.С.
Ларькованың«Документоведение»деп аталатын
оқулығында деректердің жаңа
түрлеріне тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: