видеомагнитофон арқылы теледидардан көруге болады. К инофильмге
қарағанда видеофильмдердің артықшылықтары көп. Оны түсіру үшін күрделі
аппаратураның, қомақты қаржының,көп уақыттың қажеті жоқ.
Осы күні видиофильм түсіру күнделікті қажеттілікке айналған.Оқу
орындарында,
сот-тергеу
жүйесінде
тағы
да
басқа
жерлерде
видеокамераұстағандарды жиі кездестіруге болады. Тіпті той-думанның өзі
видеофильм түсірілмей өтпейтін болды.
Фоноқұжаттар тарихи
деректердің
ХХ
ғасырда
пайда
болған
жаңалық.Дыбысты арнаулы аппаратура арқылы жазып алып оны қайта тыңдау
өнері өмірден озған адамдардың даусын есту арқылы содан тікелей ақпарат алу
мүмкіншілігінеқол жеткізді. Дыбыс кино немесе магнитті таспаға және дискқа
жазылады.Олардың әртүрлісі бар.Бүгінде бізге белгілісі әрі жиі пайдаланаты-
нымыз грампластинка, фонограмма, компакт-диск.
Грампластинка (ГРП ) – дегеніміз дыбыс жазылған диск. Бұл механикалық
фоноқұжат, диск тәріздес, құю,штамповка немесе престеу арқылы жасалады.
Жазу тәсіліне байланыстымонофоникалық (бірканалды) жәнестереофоникалық
(екі
каналдық)болып
бөлінеді.Мұндай
пластинкалар
үш
форматта
жасалған:дискілерінің диаметрлері 300 мм, 250 мм, 175 мм.
Магни́тті таспа – ақпарат жұқа магнитті қабаты бар лентаға жазылады.Оны
жазатын аппаратты
магнитофон ал жазылғанды оқитын аппаратты
видеомагнитофон деп атайды. Магнитті лентада компьютер ақпаратын
сақтайтынды
стример дейді. Магнитті лентаның табылуы ақпарат тарату
барысында төңкеріс жасады. Радио және телевизиялық хабарларды күні бұрын
жазып алу және оларды монтаждаумүмкіншілігі туды.
Компа́кт-кассе́та (ағл.
Compact Cassette ),