145
даңғылы, 39 үй), Ол ғылыми-зерттеу мекемесі.1957 жылы мұрағат жүйесін
қайта құруға байланысты бұл мекеме Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік
мұрағатының құрамында болды. 1974 жылы бөлініп шығып жеке отау құрды.
Оның үш бөлмі бар: киноқұжаттар фотоқұжаттар жәнедыбыс жазу.Мұрағатта
елімізде түсірілген, жазылған саяси,тарихи,мәдени маңызы бар кинофото және
фоно қажаттар сақталады. Олардың жалпы саны 30 мыңнан асады. Әлбетте,
бұлардың барлығы дерлік еліміздің тарихынан мол мәлімет беретіндігі белгілі.
Мұрағаттың «Алтын қоры» болып есептелетін 1943-1945 жылдары майдангер
операторлар
түсірген
«Союзкиножурнал»деп
аталатын
хроникалды
фильмдердің деректік мүмкіншіліктері өте зор.
Әсіресе «Востоккино» және «Межрабпром» кинотресі шығарған«Жизнь и быт
казахов» (1927), «Алма-Ата – столица Казахстана» (1929), «Турксиб» (1930)
сияқты фильмдердің Қазақстан тарихы үшін таптырмайтын дерек көздері.
«Тұрар
Рысқулов»,
«Әлия»,
«Дина»,
«Амангельды
Иманов»,
«Мәншүк»,«Высокое небо Талгата»,«Мажит Бегалин», «Сакен Сейфуллин»
сияқты халқымыздың белгілі тұлғаларына арналған фильмдер баға жетпес
құндылықтар.
Мұрағаттағы фотолар қорында ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басына жататын
250 мың негативтер бар. Белгілі фотограф Д.П. Багаев қорындағы шыны
пластинаға түсірілген суреттер мұрағат мақтанышына айналған.Д. Багаев
198жылыРесейде туған. Күнкөріс қамымен 1899 жылы Павлодар қаласына
қоныс аударып,осы жерде ол суретке түсіру өнерімен айналысты.1905 жылы ол
фотостудия ашты. Оның түсірген суреттері бүгінде тамаша тарихи дерек.
Павлодар қаласында 2001 жылы оған арналған мұражай үйі ашылды.
Мұрағат қорында 15 мың грампластинка, компакт-дискіге, компакт-касеталарға
және магнитті пленкаларға жазылған белгілі тұлғалардың сөздері, қазақ халық
әндері,алғашқы ақындар айтысы, алғашқы қазақ опералары бар.
2001–2005 жылдардағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасына сәйкес мұрағат
қорындағы құжаттар сандық жүйеге көшірілуде. Мұндай жұмыстар бүгіндері
де атқарылуда.
Достарыңызбен бөлісу: