28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет152/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Киноқұжаттар
Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен 
музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын 
синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество 
қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор 
қатысады. Сондай-ақ кино жасау ісіне техника саласындағы мамандар, 
лаборанттар мен жұмысшылар да үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппарату-
ралар мен аспаптар қолданылады. 
Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық 
заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан 
қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, 
сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің 
ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар 
көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-
тәрбие – жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады. 
Кино өнерінің тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Қозғалыстағы бейнелерді 
бір жүйеге келтіріп экранға шығару үшін өнертапқыштар ұзақ жылдар тер 
төкті. Бүгінде тарихшылар алғашқы кино шығарманың авторлары ағайынды 
Луи және Огюст Люмьерлер деп есептейді. Олардың жасаған аппараты киноны 
әрі түсіріп, әрі үлкен экранға шығаруға өте ыңғайлы болды. Бұл өнер кейін 
«Кинематограф» (немесе «синематограф») – деп аталды. 
Алғашқы фильм «Выход рабочих с фабрики». «Прибытие поезда» деп аталатын 
фильмдер1895 жылдың наурызындаПариждегі Капуцин бульварындағы 
жертөледе орналасқан «Гран Кафесінде» қойылды. Әрбіреуінің ұзақтығы 
небары 50 секундтан еді. 
Қазақ жеріне алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. 
Сол жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі жанынан «Восток-фильм» 
киноқоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда қоғамның өндірістік бөлімі 
ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы «Соңғы хабар» атты 
киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В.А.Турин Түркістан-Сібір Теміржол 
магистралі жайлы «Турксиб» атты деректі фильм қойды. 1930–32 жылдары 
қазақ өмірінен «Дала әндері», «Жұт», «Қаратау қазынасы» фильмдері қойылды. 
1941 
жылы 
Алматыда 
көркем 
фильмдер 
шығаратын 
киностудия 
ұйымдастырылды. Ол техникалық-өндірістік базасы жағынан ұлғайып, 1944 
жылы Алматының көркем және деректі-хроникалық фильмдер студиясы (1960 
жылдан «Қазақфильм») деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан 


143 
кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге 
жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр 
алуан.Сонымен қатар кинофильмдер зерттеушілер үшін таптырмас тарихи 
дерек болып есептеледі. Киноқұжаттардың екі түрі бар. 
Бірі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет