28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет16/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Метрикалық конвенцияның
(құрамында 17 мемлекет 
бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық 
эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды.
Қазіргі кездегі метрология физика, химия т.б. жаратылыстану ғылымдарының 
жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибенің жоғары дәлдігіне сүйенеді. 
Қазақстанда 
алғашқыметрологиялық 
мекеме1923 
жылыСемей 
қаласындаұйымдастырылды. 
Ол 
1925 
жылы 
Семей 
және 
Жетісу 
губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін 
тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері 
Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 
1930 жылы палата Алматыға көшірілді. 1974 жылы Алматыда арнайы 
эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Қазақстанның эталон базасын құруға 
және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар:
М.Адайбеков, М.Басаров, 


16 
А.Садықов, В.М. Кошелев, Ж.Нығметов, С.Үмбетаев, И.Ермекбаева,
 
т.б.
Республиканыңметрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу 
үшін 20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік 
сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық т.б.) қолданылады. 2000 
жылы Қазақстанда Мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға 
енгізілді. 
Тарихи хронология. 
Археологиялық мерзімдеу– деректер бойынша зерттеліп 
отырған кезеңдер, оқиғалар мен ескерткіштердің уақытын, өзара хронология 
арақатынасын белгілеу. Тарихи-жазба деректер, негізгі археология және 
жаратылыстану және техникалық ғылымдарының жетістіктерін қолдануына 
қарай археологиялық мерзімдеуді үш топқа бөлуге болады.
 
Біріншітопқа
зерттеу объектілеріне (жеке заттар, қалалардың мәдени 
қабаттары, елді мекендер, қалалар, үлкен аймақтар, белгілі оқиғалары) қатысы 
бар көне авторлардың (мыс.,Геродот,Страбон,Сыма Цянь, тағы басқа) 
туындылары, белгілі бір уақытта патшалық құрған қайраткерлердің (Дарий, 
Күлтегін, Тоныкөк), қолтаңбасы, тағы басқа бұйрығымен жасалған жазулар, 
эпиграмма, эпитафия, жарлықтар, тағы басқа құжаттар кіреді. Әсіресе, әртүрлі 
замандардың, алтын, мыс, күміс тиындарының орны ерекше. Бұл деректер 
қалалардың, елді мекендердің, әртүрлі археология ескерткіштердің уақытын 
дәлдікпен көрсете алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет