Екінші топқа стратиграфия
және типтерге бөлу, салыстырмалы балама
әдістері жатады. Белгілі бір мәдени қабаттан табылған зат көптеген
элементтерімен ұқсас келесі аумақтық-мәдени тұрғыдан жақын бір затпен
салыстырылса, осы екі ұқсас затпен бірге табылған басқа типтес ескерткіштер
де бірімен-бірі салыстырылып, бір уақытта, бір технологиямен жасалынып
қолданылғаны, одан әрі бір мәдени тұтастыққа жатқаны анықталады.
Үшінші топқа
жаратылыстану ғылымдары жетістігін пайдалану арқылы
ескерткіштердің абсолюттіжасын анықтау жатады. Солардың бірі –
радиоизотоптық әдістерге жататын, әсіресе, көне тас дәуірлері ескерткіштерінің
жасын анықтауда көп пайдаланатын калий-аргон,торий-230, актиндік радий
әдістері. Қола, алғашқы темір дәуірлері ескерткіштерінің жасын анықтауда
радий көміртегі әдісі кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанда осы әдіспен Үстірттегі Тоқсанбайэнеолит-қола дәуірінің бекіністі
тұрағы (3700 ± 80 жыл бұрын), Маңғыстаудағы Дікілтас обасы (б.з. 240 ± 40
жылы) тағы басқа анықталған. Бұлардан басқа дендрохронология (ағаштың
сақиналарының өсу кезеңдері мен заңдылықтарына негізделген), ЭПР
(электрондық парамагниттік резонанс), термолюминисценттеу, радиокарбон,
тағы басқа әдістер қолданылады.
3.Деректанудың жалпы мәселелерін зерттейтін пәндер
Нумизматика
(лат.numіsma, грек.nomіsma– тиын, шақа) – тиындар, құйма ақша
кесектері, т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін
арнаулы тарихи пән.
17
Тиындарды ақша айналымының құралы, мемлекеттікқұжат, қолөнер мен
өнердің туындысы және эпиграфикалық деректеме ретінде зерттеу басқа да
тарихи деректемелерді – жазба және археологиялық ескерткіштерді зерттеу
жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Металл тиындар шыққанға дейін
ақшаның міндетін түрлі тауарлар – мал, сәндік заттар, металл қарулар, металл
кесегі атқарды. Тиын соғу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде
пайдалану сол қоғамның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуының
белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Тиынды жасап шығару
құқығы,
әдетте,
мемлекет
билігінің
қолында
болған.
Алғашқы
тиындарЛидияда(Кіші Азия) жәнеЭгинааралында (Грекия) пайда болған (б.з.б.
8 ғ-дың аяғы – 7 ғасырдың басы). Тиынның оң бетінаверс(Av), ал сол бе-
тінреверс(Rv) деп аталатын таңбалар болды.
Әдетте тиынның оң бетіне мемлекеттік өкіметті немесе ресми дінді дәріптейтін
суреттер мен бейнелер (ежелгі грек қалаларының тиындарында – құдайлардың
бейнесі, Рим империясы мен ортағасырлық Батыс Еуропа мемлекеттерінің
тиындарында патшаның суреті немесе оның гербі т.б.), ал сол бетінде оның
бағасы, шыққан жері мен жылы т.б. көрсетілді. Жазулар оның екі бетінде де
(аверс, реверс) кездеседі. Олар тиынды шығарған елдердің немесе өкімет
органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабы, тиын сарайының,
тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан
уақытынт.б. көрсетілді.
Алғашқы тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бері келе
оларды алтыннан, мыстан, сондай-ақ түрлі қосынды металдан (қола, латунь,
билон) жасады. Жаңа заманда сонымен қатар никельден, алюминийден т.б.
құйылатын болды. Асыл металдарға (алтын,күміс, т.б.) мықты болу үшін мыс
қосқан. Осы қосындыларды лигатура, ал тиындағы асыл металл
пайызынсынамадеп атаған.
Сынаманы (проба) мемлекеттік өкімет белгілеген. Бірақ кейбір мемлекеттер
тиындардың бұрынғы номиналды бағасын сақтай отырып, олардың сынамасын
және салмағын төмендетіп шығарған. Бұл әрекет, әсіресе, орта ғасырларда
мемлекеттердің кірісін көбейту үшін көп қолданылды. Тиындардағы белгілер
мен жазулар арқылы басқару түрлерін, патшалықтың ауысуын, әулет
шежіресін, мемл. төңкерістерді т.б. анықтауға болады. Олар көбіне саяси және
қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі
күрестер, мемл. немесе діни реформалар, т.б. көрсетеді. Тиындар – идеология,
дін, қоғамның саяси ой-пікірі тарихын зерттеуде айрықша деректеме. Қоғамның
экономикалық тарихын, қолөнерінің көркем туындысы ретінде техника және
өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалының маңызы зор.
Нумизматикалық зерттеулерХVІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болды.
Оның негізін салушы – Вена ғалымыИ.Х. Эккель. Нумизматикалық зерттеулер
тиындардың ірі коллекцияларын сақтайтын ұлттық музейлерде, ҒА-ларының
тарих және археологиялық институттарында, кейбір университеттерде жүргізі-
леді.
18
Қазақстанда тиындар (негізінен орта ғасырларға жататын) көне қалаларда,
обаларда, сондай-ақ тиын қоймаларында (Отырар,Тараз,Иасы т.б.) жүргізілген
археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде табылды. Олар арқылы
Қазақстанды мекендеген халықтардың Орта Азия, алдыңғы Шығыс, Қытай,
Жерорта теңізі, Русь мемлекеттерімен сауда байланысы болғандығы
анықталды.
Алматыда нумизматикалық зерттеу жұмыстарыАрхеологияинститутында
жүргізіледі. Қазіргі нумизматика тиындарды кешенді зерттеу тауарлы ақша
қатынастары тарихын деректемелер ретінде қарастыруды алдына мақсат етіп
қойып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |