28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Деректерді іздеудің мақсаты мен шарттары



Pdf көрінісі
бет163/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Деректерді іздеудің мақсаты мен шарттары. 
Оның әр түрі бар. Барлығына 
бірдей ортақ схема жоқ. Кейде тақырып бойынша барлық жарияланған 
деректерді жинап алған жөн. Ал енді екінші бір жағдайда негізгі дегендерін 
жинасаңыз да жеткілікті. Бірде деректердің мәтінімен мұқият әрі толық танысу 


155 
қажет болады. Келесі бір жағдайда деректер туралы анықтамалық-ақпараттық 
басылымдардағы мәлімет те жеткілікті.
 
Тарихи деректер жарияланымыныңескісі бар, жаңасы бар. Қайсысын алдымен, 
қайсысын кейін талдау керек. Деректерді іздеу процесі осыған да байланысты. 
Алдымен олардың жаңа басылымдарынан бастаған дұрыс. Себебі, көбіне 
бұрын,ертеректе жарияланған деректер қайта басылуы мүмкін. 
Деректер мен тақырыпқа байланысты іздеудің бірнеше жолдары бар. Алдымен 
кез келген монографиядағы әдебиеттер тізіміне көңіл аударған жөн. 
Алғашқы мағұлыматты зерттеуші сол жерден табады.Мұндайда мақалалар 
жинақтарын қарастырған жөн. Өйткені әрбір мақала соңында сілтемелер тізімі 
беріледі. Әлбетте кітап бастыру оңай шаруа емес.Осы жұмыстың соңында 
зерттеуші екі-үш жыл жүріп қалуы мүмкін. Ал осы аралықта оның пайдаланған 
деректері мен арнаулы әдебиеттері ескіріп қалады. Сондықтан да ол өзінің 
ғылыми жаңалығын мақала арқылы ғылыми көпшілікке жедел таныстыруға 
тырысады. 
Зерттеу тақырыбы бойынша азды-көпті әдебиеттер тізімін жинап алғаннан 
кейін ол кітапханаға жол тартады.Алдымен кітапқа, кітапханаға байланысты 
жиі кездесетін терминдермен танысып алайық. 
Каталог
грек( katalogos ) сөзі – тізім
деген мағынаны білдіреді.Оның бірнеше 
түрлері болады.
Каталог
– 1. Кітаптардың жүйелі тізбегі көрсетілген, анықтамалық және 
жарнамалық басылым. Осы мағынада «Проспект» «Каталог проспект» деген 
терминдер қолданылмайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет