28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет164/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Карточкалы каталог
– нұскалы карточкалармен каталогтық бөлгіштерден 
жинақталған кітапханалық каталог.
Жергілікті басылымдар каталогы
– тақырыбына байланыссыз белгілі аймақ 
көлемінде басылып шыққан баспа шығармаларының жинақталған каталогы. 
Бұл шығармаларға жазылған сипаттама карточкалар басылу жылына қарай 
бөлініп, оның ішінде авторлардың (туынды шығармалардың) аты-жөні мен 
тақырыбының алфавит реті бойынша орналасады. Жергілікті басылымдар 
каталогы өлкетану каталогын қосымша толықтырады.
Мерзімді басылымдар каталогы
– мерзімді басылымдардың кітапханада бар 
жиынтығы мен жеке нөмірлері туралы мәліметтер беретін (әдетте алфавит реті 
бойынша орналасатын) каталог.
Каталогтаушы
– 
баспа 
шығармаларына 
кітапхана 
каталогтарын 
ұйымдастыратын, библиографиялық сипаттама жазу, жіктеу, пәндеу, жүргізу 
және редакциялау (саралау) жұмыстарын жүзеге асыратын кітапхана 
кызмекерлері.
Каталогтау
– баспа шығармаларын кітапханалық өндеу, сипаттама жазу, 
жіктеу және пәндеу, сондай-ақ кітапхана каталогын ұйымдастыруға кіретін 
процестер мен операциялардың бір бөлігі болып табылатын әдістер мен 
процестер жиынтығы
Басылымды каталогтау
– орталықтанған каталогтау түрі - каталогтық 
карточка макетін тікелей кітаптың өзіне басып шығару. Каталогтық айырғыш – 


156 
жәшіктегі каталог карточкаларынан сәл биіктеу татты материалдан жасалған 
карточка. Айырғыштарда, бірқатар библиографиялық жазбалардың ортақ 
белгілерін біріктіретін автор шығармасының (аты-жөні, мекеме аты, пәндік 
айлар, жіктейтін нұсқа таңба т.с.) мәліметтері көрсетіледі.
Каталог шкафы
– каталогтық карточкалар сақтауға арналған шкаф. 
Мөлшерлері 
мен 
модельдері 
әртүрлі. 
Ішінде 
каталог 
жәшіктерін 
орналастыратын ұялардан тұрады. Олар ағаштан, металдан, пластмассалардан 
жасалады. 
Каталог түрлері
:
алфавиттік, жүйелі және пәндік

Катологтың бірінші түрінде кітапханадағы барлық басылым алфавит бойынша 
беріледі.Жүйелі катологта әдебиет универсалдыондықклассификация бойынша 
орналасқан. Әдебиетті ондық жүйе бойынша талдауды ойлап тапқан 1873 
жылы Америка коллеждерінің бірінің студенті М.Дьюн.Мұндай топтау 
кітаптарды кітапхана сөресінен тез тауып алу мақсатында қажет болды.Ғылыми 
әдебиет мыны төмендегі тәртіппен орналастырылды. 
100 философия және психология 
200 дін 
300 қоғамдық ғылымдар 
400 тіл 
500 жаратылыстану және математика 
600 техника (қолданбалы ғылымдар) 
700 өнер бейнелеужәне декоратив өнері 
800 әдебиет және шешендік өнері 
900 география және тарих 
Ал енді пәндік катологта басылым мазмұны боынша топталады. Олар белгілі 
бір рубрика бойынша біріктіріледі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет