*Библиографиялық сөздіктер. Соңғы жылдары жеке тұлғаларға арналған
басылымдар көптеп жариялануда.Тарихи уақиғалардың бел ортасында
жүріп,белсенділік көрсеткен,немесе ерлігімен көзге түскен, ел, мемлекет
басқарған тұлғалар тарихтан өз орындарын алуда.Солардың жеке өмірімен
таныса отырып оның заманы жөнінде кең мағұлымат алуға болады.
*Географиялық сөздіктер. География мен тарих егіз. Кез келген тарихи уақиға
белгілі бір кеңістікте өтеді.Сондықтан тарихшы үшін географиялық
сөздіктердің берері мол. Тарихшы елдің, жердің,өзен-көлдің, тау-тастың,жол-
торабының толық та дұрыс атынанықтауда осы сөздіктердің көмегіне жүгінеді.
*Түсіндірме және терминдік сөздіктер Тарихи деректерде түсініксіз сөздар
мен сөз тіркестері көптеп кездеседі. Солардың мағынасын дұрыс түсіну үшін,
олардың қолдану аясын анықтау үшін сөздіктер пайдалануға тура келеді.
2.Мұрағатта жұмыс істеу әдістері Жарияланбаған тарихи деректер әлемдегі мұрағаттарда сақталады дедік
жоғарыда.
Қазақ архивының тарихы. Еліміздегі ең алғашқы мұрағат болып 1836 жылы Бөкей Ордасында ашылған
құжаттар қоры сақталған мекеме болды. Ол өз қызметін 1917 жылға дейін
жалғастырды. 1927 жылы онда жинақталған құжаттар қоры Алматыдағы
мемлекеттік мұрағатқа өткізілді.
1887 жылы Орынбор қаласында губерниялық Ғылыми мұрағаттық комиссия
құрылды. Негізгі мақсаты әртүрлі мекемелерде қордаланған 21194 дана
құжаттарды талдап, сақтауға дайындау.Құрамында 25 адам бар комиссия
жұмысын бастап кетті.Оның жанынан 11мың дана кітап қоры бар кітапхана
ашылды. Ғылыми мұрағат комиссиясы 35 том етіп өз мүшелерініңғылыми
еңбектерін жариялады.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1918 жылы РСФСР ХКК
«О реорганизациии централизацииархивного дела », деп аталатын декреті бойынша еліміздегі
мұрағаттар қызыметі қайта құрылды.
1921 жылы Қазақстандағы алғаш рет Орталық өлкелік мұрағаты құрылды.
Мұрағат мелекеттік статусын алды.1928 жылы Қазақ АКСР ХКК мен ОАК